tories/01/434_61946235f6c306eeeb2fbc4a7ec89147.jpg» width=»283″ height=»174″ />Ақшаны жасыруға байланысты ең танымал құпия орындардың ондығы жайлы сөз етейік. Біз ақшаны бөлменің ішіне тығып, оны іздестіруге пәтер қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыларды шақырдық.
Бір минут өтпей-ақ, кітаптың ішіне сақтап қойған ақша табылды. Содан соң сарапшы қораптардың ішін ақтарып, барлық сөрелерді тексеріп шықты. Осылайша екінші құпия орын да табылды: яғни қобдиша. Келесі орын – көйлек-көншек шкафы. Мұнда сарапшы төсек-орынның арасына жасырылған ақшаны тауып алды. Сосын сыртқы киімдердің қалталары тексерілді. Сондай-ақ кресло жастығының астына тығылған ақша да тез қолға ілікті. Ал балалар ойынына арналған қораптағы құпия орын елеусіз қалды.
Іздеуді жалғастыра отырып, ас бөлмесіне өтейік. Шкафтардағы заттардың іші мен ас үй құралдары салынған қорапшалар мұқият тексерілді. Әйелдер көбіне ақшаны жарма салынған құтыларға және ас үй құрал-жабдықтары салынған жәшіктерге жасырады. Келесі кезекте духовка шкафы мен гүл өсіретін қыш құмыралар тексеріліп, олардың бірінен жасырған ақша табылды. Тек мөлдір қабырғалы қорапшалар ғана көзден таса қалды.
Ақша жасырылған 10 құпия орынның 15 минут ішінде сарапшының көзіне 8-і ілікті. Ал бұл саланың кәсіби адамы бұл іске екі есе аз уақыт жұмсайды. Былайша айтқанда, ол ақша жасырылған барлық құпия орындарды тез тауып алады.
Baq.kz
{jcomments on}
Leave a Reply