Сәл ғана, кішкене ғана шыдам керек. Бұл аптаның бірде-бір сәтін құр жібермеңіз, ненің бастауыңыз керек, нені жүзеге асыруыңыз керек бәрі де орындалуға тиіс, осылай еткенде ғана ниеттенгеніңізге қол жеткізіп, қаржы мен мансапқа қатысты ойларыңыз орындалады. Айтпақшы, денсаулық күтімі үшін де таптырмас уақыт, біраз кеселдеріңізді жеңетіндей жағдайлар бар.
Қай жерде, қандай жағдайда болмасын ұстамдылық танытыңыз. Әсіресе, дау-дамай кезінде. Қызуқандылық пен қызбалықпен айтылған пікірлердің өзіңізге зияны бар. Асықпаған арбамен қоян алады. Бұл мақал нақ осы кезеңде сіз үшін айтылған. Жалқаулық пен жайбасарлыққа да салынбаңыз, алдыға да шығып кетпеңіз. Өз көзқарасыңызды қорғап қалу керек, десе де ыждаһаттылық пен сыпайылықтан аспаңыз.
tories/bliznec.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»bliznec» style=»float: left;» />
Апта басынан ұзаққа жоспарланған міндеттер мен жобаларды жүзеге асыруға дайындала беріңіз. Қаржы жағы мәрттігімен ерекшеленіп тұрған жоқ, десе де ақшаға деген қажеттілік мазалай қоймайды. Жұмысқа байланысты жиі-жиі жолға шығуыңыз мүмкін. Демалыс күндері романтикалық кездесу күтіп тұр. Болашағыңыз үшін пайдалы болады, таныстарыңызды көбейте түсуден тартынбаңыз.
tories/rak2_590_315_jpg.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»rak2_590_315_jpg» style=»float: left;» />
Апта басынан бастап түсініспеушіліктер орын алады, қам жемеңіз жаңа іс немесе бастаманы бастағанда солай болуы заңды. Көп өтпей-ақ айналаңыздан күтпеген қолдау табасыз. Өзіңізге, қарым-қабілетіңізге, күш- қуатыңыз бен талантыңызға сеніңіз, сонда жолыңызда кездесетін кедергілер қиялыңыздың жемісі болып қалады. Әрекеттеніңіз, діттегеніңізге жетесіз.
Жағымсыз көңіл-күйіңізді сыртқа шығарып алып жүрмеңіз, өзіңізге қарсы шығасыз. Бұл аптада біреулер сіздің жанды жеріңізге тиіп, көңіліңіздің астаң-кестеңін шығарады, болмаса, сіз біреудің көңілін қалдырасыз. Қалай қашып құтыламын дейсіз бе? Өзгені өзіңіздей көріңіз, мүмкіндігінше, жағымды әсер ететін ортада болуға тырысыңыз. Қайырымды істерге ұмтылыңыз. Өзгеге емес өзіңізге жақсылық жасайсыз.
tories/1111ages.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»1111ages» style=»float: right;» />
Бұл аптада асығыстыққа жол беріп керегі жоқ. Қандай жағдай болмасын өзіңіз сенетін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салыңыз, әсіресе қиналып тұрған кезде жалғыз шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Апта басында ойыңызды жинау қиындау тиеді, сондықтан да күнделікті күйбең тіршілікті айналдыра беріңіз. Жеке мәселеңізге байланысты ойлағандарыңыз демалысқа қарай оңай ойыңыздағыдай шешіледі.
tories/veci2012-300×225.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»veci2012-300×225″ style=»float: left;» /> Күрделі әрі қиын апта, мұқият, сақ болған жөн, бірақ осылай екен деп әрекетсіз қалуға болмайды.Жұмыста бірқатар келеңсіздіктерді шешуге тура келеді. Қаржылай жағдайыңыз да тұрақты емес, мәселені шешу үшін біраз уақыт пен күш- қуатты жұмсауға тура келеді. Отбасында да керемет емес, мұны өмір дейді, демалысқа қарай дағдарыстан абыроймен шығасыз.
САРЫШАЯН
24.10-21.11
tories/strelec_590_315_jpg.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»strelec_590_315_jpg» style=»float: right;» />
Сәттілік, жетістіктерден басыңыз айналып кетті ме? Жерге түсіңіз сіздің араласуыңызды күтіп тұрған басқа да шаруалар бар бітпеген. Жұмыстағы беделіңіз, әлеуметтік дәрежеңіз, қаржылай жетістіктеріңізді күш-қуат тасып тұрғанда бекемдей түсу керек емес пе? Тым болмаса бір кеңесті қабыл алыңыз: тағдырдың қалауымен ие болған мүмкіндіктеріңізді ақылмен өз пайдаңызға жұмсаңыз, сіз оған лайықтысыз.
tories/24240.gif» width=»100″ height=»75″ alt=»24240″ style=»float: right;» /> Қараңғыда көруді үйреніңіз. Әрине, оңай шаруа емес. Егер осы аптада алдыңыздан шыққан сынақтардан сүрінбей өтіп, жүрегіңіздің қайраты мен қағілездігіңізді сақтай алсаңыз сіз Жеңімпазсыз. Кедергілердің шығуы кежегеңіздің кейін тартуына себеп болмасын, бәріне уақыт керек. Көңіліңізге алмаңыз. Уақытыңыздың көп бөлігін отбасыңыз бен денсаулығыңызға арнаңыз. Пананы да, қолдауды да солардан табасыз.
tories/—2013—.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»—2013—» style=»float: left;» />
Апта барысында адамдармен көбірек араласуға тура келеді, әріптестеріңізбен, ескі серіктестеріңіз, достарыңызбен, жаңа достар табасыз. Жаңа жобаларды бастау үшін қолайлы кезең. Созылып келе жатқан жұмыстарыңызды бітіріп тастаудың да сәті түседі. Қарыздарыңызды беріп, бұрынырақта берген уәдеңізді орындайсыз. Айтқандай сізге де ұмытылып кеткен қарызыңызды беріп қуантады.
tories/38960332.jpg» width=»100″ height=»75″ alt=»38960332″ style=»float: left;» />
Жағымсыз қылықтар мен көңіл-күйдің басымдық алып кетуіне жол бермеңіз. Егер осыған әліңіз келсе, осыған жол бермесеңіз апта бойында ешқандай мәселе туындай қоймайды.Әсіресе, мүлдем танымайтын немесе сыр алдырмаған таныстарыңызбен дау-шарғыға түсіп қалудан сақтаныңыз. Жұмыс пен қаржылай жағдайыңыз алаңдата қоймайды, тұрақты, өрлеу үстінде.
Leave a Reply