Әлеуметтік бейімделген адамдардың миы үлкен болады, деп анықтады Оксфорд университеті. Егер адамның достары көп болса, оның миының бір-бірімен жақсы байланысқан алты бөлігі ұлғайғандығын көрсетеді екен.
Миды сканерлеу мен 18 адамға жүргізілген сауалнама бойынша алынған нәтиже сараптамалары осындай шешім шығаруға түрткі болған. Ғалымдар ерікті түрде сауалнамаға қатысқандардан соңғы айда олардың қанша досымен араласқандығы қызықтырған. Бұл жеке әлеуметтік желі мөлшерін анықтаған. Бұл сауалнамаға қатысқандардың көбі шамамен 20 адаммен хабарласып, байланыс орнатқан. Кейбіреуі 40-тан аса адаммен жақсы қарым-қа-тынасқа түскен.
Белгілі болғандай, «әлеуметтік аймақ» басқа адамдардың немен айналысатынын білуге көмектескен. Осы және басқалардың не сезінетінін түсіну үшін қолданылатын байланыс әлеуметтік бейімделген адамдарда күшті болған. Ол үшін олар сәйкес ми бөліктерін пайда-ланады.
Leave a Reply