Әңгіме-дүкен құра аласыз ба?

tom: 9pt;»>alttories/mp900422767.jpg» width=»164″ height=»103″ />     Көпшілік шоғырланған немесе жаңа ортада бірден әңгіме-дүкен құру оңай емес. Өзге ортада ыңғайсызданасыз, әңгімеге қосар ойыңыз болғанменен, оны айтуға аса ұмтыла бермейсіз… Бұл жағдайда көпшілік сізді тұйық не мазасыз жан деп біліп, келесіде сізді әңгімеге араластырмауы мүмкін. Сондықтан да әңгіме-дүкен құрудың басты қағидаларын жадыңызға сақтаңыз.

tom: 9pt;»>Артық сөздің еш қажеті жоқ

tom: 9pt;»>      Әңгіме барысында артық сөздерді қолданбаңыз. Айтылып жатқан ойыңызға өзге
ақпараттарды қосып, араластырмаңыз. Ойыңызды нақты әрі тура жеткізгіңіз келсе,
оған қатысы жоқ өзге әңгімелерде аулақ болыңыз.

tom: 9pt;»>Сұрақтарды ретімен қойып үйреніңіз

tom: 9pt;»>      Әңгіме барысында бірнеше сұрақтар туындауы мүмкін. Сіз сұрақтарға жауап
табуға асықпаңыз. Себебі, әңгімесін баяндап жатқан жан сұрақ жауабын әңгіме
барысында айтуы мүмкін. Қалған сұрақтарыңызды рет-ретімен әңгіме аяқталған
кезде қойыңыз. Тек бір сұрақтың жауабын алмастан, келесі сұрақты қоюға
асықпаңыз.

tom: 9pt;»>Ешуақытта сөзді бөлмеңіз!

tom: 9pt;»>     Қызықсыз болса да, ешуақытта әңгіме айтып жатқан жанның сөзін бөлмеңіз.
Сізге ол ақпарат қажетсіз я қызықсыз болса да, сіз оны бас-аяғына дейін тыңдап,
әдеп сақтаңыз. Шұғыл шаруаңыз болса, ғафу айтып, өз жөніңізбен кете барыңыз.
Сөзді бөлген жағдайда кешірім сұрап, «сөзіңіз аузыңызда» деп сыпайылық
танытыңыз.

tom: 9pt;»>Жөнсіз пікір қоспаңыз!

tom: 9pt;»>      Әңгіме аяқталмай жатып, пікір қосып, қорытынды ой шығаруға асықпаңыз. Сөзді
бөліп, өз ойыңызды қосудың еш қажеті жоқ.

tom: 9pt;»>Көп мақтанбаңыз!

tom: 9pt;»>     «Мен, мен, мен» деп қайта-қайта өзіңіз туралы айтудың қажеті шамалы.
Өзгелермен де санасуды ұмытпаңыз.

tom: 9pt;»>Өсек-қызыл сөзге жол бермеңіз!

tom: 9pt;»>      Сіздің әңгімеңіз шынайы әрі өзіңізге тікелей қатысы болуы керек. «Анау
былай жасапты», «мынау осылай сөйлепті» деп өзіңіз куә болмаған жағдайларды
айтуды доғарыңыз. Сізге қатысы бар жағдайларды, басыңыздан өткен қызықты
жайттарды айтыңыз. Тек алдыңғы қағиданы ескеріп, шектен тыс мақтана бермеңіз.

tom: 9pt;»>Өзгеден ақыл-кеңес сұраңыз

tom: 9pt;»>      Әңгіме барысында өзіңіздің пікіріңізді айтып, өзгелермен ой бөлісіңіз.
Қандай да бір мәселеге қатысты өзгелердің пікірін біліп, қажет болса,
ақыл-кеңес сұраңыз. Тек оған құлақ асу я аспау өз еркіңізде екенін естен
шығармаңыз.

tom: 9pt;»>Әңгіме айтыс пен дау-дамайға айналмауы тиіс!

tom: 9pt;»>     Айтып жатқан әңгіме тыңдаушының шамына тимегені жөн. Егер де тыңдаушы қарсы
пікір айтып, сізбен келіспейтін тұстарын айтып қалса, онымен әрі қарай
дауласып, өзіңіздің ойыңызды дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Әңгіме айқас алаңына
айналмауын қадағалаңыз.

tom: 9pt;»>Қанатты сөздерді қажетіне қарап қолдана біліңіз!

tom: 9pt;»>     Әңгіме барысында дана сөздерді қолданып, өз ойыңызды тарқатып айтыңыз.
Нақыл сөздердің әңгіме тікелей қатысты болғаны абзал. Мысалы, әдептілік
тақырыбында сөз қозғап жатқанда, аяқ асты Аристотель я Цицеронның махаббатқа
қатысты айтқан ойларын қолданбаңыз.

tom: 9pt;»>    Бұл қағиданы тек жүзбе-жүзбе әңгіме-дүкен барысында ғана емес, телефонмен
сөйлескенде я ғаламтор арқылы дидарласқанда қолдануға болады.

tom: 9pt;»>massaget.kz

tom: 9pt;»>{jcomments on}

tom: 9pt;» align=»right»>

tom: 9pt;» align=»right»>

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика