tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Баланың еркін әсерлі әлемін жетілдіруді ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Тек солар ғана балаға өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, тілдесуге және өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау – өте маңызды және күрделі іс. Тек балалар ғана сан алуан ойыншықтар ішінен өзіне керегін таңдап алуға қаухарлы. Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің ортақ қағидалары мен ережелері туралы Келісіміне сәйкес 2010 ж. 18 қарашада Кеден одағының техникалық регламенті КО ТР 008/2011 «Ойыншық өнімдірінің қауіпсіздігі туралы» жасақталып, Кеден одағының Комиссиясы № 798 шешімімен 2011 ж. 23 қыркүйекте бекітілді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Бұл техникалық регламент бұрын пайдалуға берілмеген, Кеден одағының ортақ кедендік аумағында өндірілетін ойыншықтарға арналған, алайда ойыншық жеке тапсырысбен дайындалса, көрмелік үлгілер үшін болған жағдайда және т.б., бұл техникалық регламент қолданылмайды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келген жағдайда ғана, ойыншықтар нарық қатынасына шыға алады, сонымен қатар Еуразялық экономикалық одақтың бірыңғай белгісімен таңбаланылуы тиіс.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Бірыңғай белгі ойыншықтың өзіне және (немесе) қаптамаға (жекеше, топтық, тасымалдық) және (немесе) заттаңбаға, медальон, затбелгіге (соның ішінде қосып тігілген затбелгіге), қосымша парақшаларға, сонымен қатар оған қосымша берілетін эксплуатациялық құжаттарында келтіріледі.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Аталған техникалық регламенттің 4 бабында ойыншықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға мән берілген. Сөзсіз, ойыншықтар оның тағайындалуы бойынша пайдаланылған кезде балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарына қауіптілік төндірмейтіндей өндірілуі қажет: ойыншықтардың уағдалы құрылымына, пайдаланылатын уағдалы материалдарына, олардың физикалық-механикалық қасиеттеріне, тұтанғыштығына, химиялық қасиеттеріне, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштеріне, электрлік қасиетіне, радиациялық қауіпсіздігіне, микробиологиялық қауіпсіздіктері ескеріледі. Ойыншықтарды қолдану кезіндегі тәуекел балалардың жас айырмашылықтарына байланысты болуы керек.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға табиғи ішік, табиғи тері, шыны, фарфор, түкті резеңке, өлшемі ылғалды ортада 5 % асып ұлғайатын, сылдырмаққа ұқсас ойыншық толтырмаларын қолдануға жол берілмейді. Сонымен қатар, ойыншықтарды бұрын қолданыста болған материалдарды қайта өңдей отырып, қайталама шикізатты пайдалануға жол берілмейді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Тұтынушыға арналған ақпарат, таңбалануды оқығанда өте жеңіл, тексерілген, анық, қарағанда және сәйкестендіргенде қолжетімді болуы шарт. Таңбалануды өндіруші немесе импорттаушы жүзеге асырады.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Таңбалану келесідей ақпараттармен қамтылады: ойыншықтар атауы; ойыншықтар өндірілген ел атауы; өндіруші, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысатын ақпарат; өндірушінің тауар белгісі (бар болған жағдайда); балалардың жасын анықтайтын, ең төменгі бала жасы; негізгі конструкцялық материалдар (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда); ойыншық күтімі (қажет болған жағдайда); дайындалған күні (айы, жылы); қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олардың орнатылуына байланысты); сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).
Нарыққа шығар алдымен аталған Кеден одағы техникалық регламент қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті растау рәсімінен өтуі шарт. Ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ал Кеден одағының Бірыңғай сертифкаттау жөніндегі органы мен сынау зертханаларының тізіліміне енген ол сертификаттау жөнінде органмен жүргізіледі.
3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған жас тобы көрсетілген ескертпе шартты графикалық белгі таңбаланған, ал функционалды ойыншықтар мен оның қаптамасында «Ескерту! Тікелей ересектердің қарауымен қолдану» ескертпе жазуы болуы шарт.
Химиялық ойыншықтардың пайдаланылуы мен қажетті сақтық шараларын қабылдауға қатысты нұсқамалар, реактивтер мен қауіпті қоспалар келтірілген эксплуатациялық құжаттары болуы қажет. Бұл құжатта алғашқы медициналық көмектер, балалар жасы көрсетіледі. Қаптамасында «Ескерту! Тек …. жастан асқан балаларға арналған!» жазуы бейнеленеді.
Ішінде ойыншығы орналасқан тамақ өнімдерінің қаптамаларында «Ішінде ойыншығы бар» ескертпе жазуы, сондай-ақ, су ойынына арналған ойыншықтар тек «Ескерту! Ересектер қарауымен аздаған су көлемінде пайдалану!» жазуымен ілесіп жүруі тиіс.
Қазіргі нарықта кездесетін ойыншықтар көбіне жағымсыз иісті, шеттері тым үшкір немесе өңделмеген, жас шектеуі бойынша тағайындалмаған және ұсақ бөлшектерден тұратын боп келеді. Өкінішке орай, мұндай ойыншықтар баланың қолына түссе өте қауіпті, өйткені: қолына ұстай отыра зақымданып алады немесе ұсақ бөлшектерді жұтып қойуы әбден мүмкін. Осындай жағдайларға жол бермес үшін, біз балаларды қорғауымыз қажет. Әрбір тұтынушылар мен ата-ана балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуға қатысты ойыншықтардың тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар орнатылатын Кеден одағының техникалық регламенті бар екенін көкейлерінде біліп жүруі тиіс.
Егер тұтынушы сатушыдан бұл талаптардың орындалуын талап етсе, ал сатушы өз кезегінде талаптарға сай өнімді әкелсе, нарықта сапасыз тауарлардың саны азаяр ма еді.
Ойыншықтар сапасын қорытындылай келгенде тек бір нәрсе айтқым келеді – балалар ойыншықтарын дұрыс таңдап, жоғарыда аталған талаптарды ұстанған жағдайда ғана (өз ұрпағың үшін тек сапалысын жете таңдап) өз сәбиіңіздің денсаулығы мен өміріне сенімді бола аласыз.
tom: 0.0001pt;»>
tom: 0.0001pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Б.Башаев
tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша бас маманы
Leave a Reply