tories/trassa-beby lift-3.jpg» border=»0″ width=»378″ height=»238″ align=»right» />Мұнда таза ауадан басыңыз айналып, айналадағы әсемдіктен көзіңіз жанып, алдағы болатын оқиғалардан жүрігіңіз лүпіл соғары сөзсіз. Бұл жерде әркім өз жанына жайлы орын табады. Мұнда жыл бойы келуге болады. Оған бұл жердің ландшафтты жағдайлары мен қолайлы ауа-райы мүмкіндік береді. Осында келіп, қоршаған ортаның әсемдігіне сүйсінгенге не жетсін… Қыста – аппақ мамық қар. Көктемде – әр түрлі шөптер мен гүлдерден төселген кілем. Жазда – аралардың ызыңына оранған жасыл шөп. Күзде – алтын ағаштар, алқызыл алмалар және соққан желден саудыраған жапырақтар. Аяқ басқан сайын сайын оқиғаға ұшырап, сауық құрасыз. Бойыңызды сергітіп, қуат алып, көңіліңізді көретуге дайын болыңыз!
Отбасы жұмағы
«Табаған» — барлық отбасы мүшелерімен бірлесіп демалуға арналған керемет орын. Егер сіздің албырт та, тентек балаларыңыз болса, онда осы отбасы жұмағын таңдағаныңызға қапа болмайсыз. Қалауыңызға қарай осындағы барлық уақытта балаларыңызға қарайтын күтуші де беріледі. Бөбектеріңіз жергілікті ойын-сауықтан рахат тауып, шаңғы менен шана теуіп, бассейнде жүзіп, таза ауада ойнағанннан рахаттанады. Мейрамханаларда сәбиіңіздің жақсы тамақтануы үшін арнайы балаларға арналған ас мәзірі дайындалған. Біздің кәсіпқой нұсқаушыларымыз балаларыңызды шаңғыға тұрып, сырғанауды үйретеді. Қауіпсіздік үшін қам жемесеңіз де болады, кешенде құтқарушылар мен дәрігерлер көмегін беруге әрқашан дайын.
Ғашықтарға арналған эдем
«Табаған» — ғашықтарға арналған жұмақ орын. Мұнда барлығын ұмытып, сүйіктіңізбен бірге әсем табиғатты тамашалап, белсенді демалуға барлық жағдай жасалған. Ал ең жақсысы жеке қалып, қол ұстасып алма бағын аралап, айналаны жаяу шолу. Бұл жерге шағын бал айын өткізушілер жиі келеді. Балауыз шамның сәулесімен кешкі ас ішу, арайлап атқан таң, ұясына батқан ару күн – ғашықтарға тән романтика деп осыны айт!
Достармен демалу
«Табаған» — бұл тек отбасы мен ғашықтарға арналған демалыс орны ғана емес, сондай-ақ достарыңызбен бірге жақсы демалып, көңіл көтеретін орын. Қызықты кештер, таң атқанша билеу, төмпешіктерден жаппай сырғанау, экстремалды жарыстар – осының бәрі де сіз үшін «Табағанда» ұйымдастырылады. Спорт-ойын-сауық кешені сіздің көңіл-күйіңіздің көтеріліп, адреналиніңіздің күшеюіне әсер етіп, көптеген ойын-сауық ойындарын сыйлайды.
«Қызмет» ақпарат.
Cурет: massaget.kz
{jcomments on}
Leave a Reply