«ӘКЕНІҢ ТАПҚАНЫ ТӘТТІ БОЛАДЫ»

5_1tories/5_1.jpg» />

Шымкент қалалық

№10 емханасының акушер-гинеколог дәрігері, Мавлюда АЛИМОВА:

 

«Әкенің тапқаны тәтті болады»

Мавлюда Икрамқызы жастайынан гинеколог дәрігер болуды алдына үлкен мақсат еткен өзбек қызы. Қаршадай кезінен бастап таңдаған мамандығына бар саналы ғұмырын арнап бүгінде зейнетке де жақындап қалған ана «қоғамдық ортада қазақша сөйлесіп жүріп, кейде ұлтым өзбек десем көпшілік таңданып жатады. Қазақ елінде туып, қазақ балаларымен тартысып ойнап өстік. «Тілге құрмет – елге құрмет» — деген. Менің қазақша білмеуім мүмкін еместей көрінеді», — дейді. Тіліміздің қуатты , бай екеніне Мавлюда ханыммен әңгімеде тағы да бір рет куә болдық. Кеудемізді мақтаныш сезімі кернеді, мемлекеттік тілге деген. Қатар отырып мақтандық.





 

       Мавлюда Икрамқызы сіздің қазақ тілінде өте шешен сөйлейтініңізді білеміз, енді осы тілде жастық шағыңызға саяхат жаасап, өзіңізді оқырмандармен таныстыра отырсақ. Жастайыңыздан гинеколог дәрігер боламын деп алдыңызға нақты мақсат қойуыңызға қандай жағдай әсер етті?

       Анам дүниеге он баланы әкелген батыр ана еді. Өкінішке қарай балаларының қызығын көрмей, шашы ағармаған күйде өте ерте қайтыс болды. Анамның біздің жеткен жетістіктерімізді көріп, мерейі үстем болып, шалқып жүрмегені жаныма қатты қаяу түсіретін еді. Сол кезде «өскенде қалайда әйелдердің денсаулығына қарайтын гинеколог дәрігер боламын» деп шештім. Ол ойымды бәр сәтке болса да өзгерткен емеспін. Менің бүгінгі атқарып жүрген жұмысымды анам көргенде төбесі көкке жететін еді деп ойлаймын.

— Көңілінде кірбің бар, мектепті енді ғана бітірген талдырмаш қызға медициналық жоғары оқу орнына түсу де оңай болмаған шығар?

Дұрыс айтасыз. Ол кезде жоғары оқу орнына түсу өте қиын еді. Қазақстандағы медицина институтына түсуші талапкерлердің қатарының қалың болуы конкурс өте жоғары дәрежеге көтеріп жіберді. Тәжікстанға барып оқуға бел будым. Өйткені, сол кезеңдерде ол жақтың жастарының жоғары оқу орнында оқуға ықыласы жоқ екенінен хабардар болатынмын. Яғни бәсекелестік жоқ. Сөйтіп біраз қазақ қыздарымен бірге Душанбедегі Абу әли Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина институтына жолымыз болып оқуға түстік. Алғаш барғанда бізді таңқалдырғаны ол елдің балалары мектепке тіпті формада киіп бармайды екен.

Дәрісті орысша оқыдық. Оқытушылардың барлығы орыс, еврей ұлттарынан еді. Сапалы білім алдық десем артық айтқаным емес. Осы күнде енді өзімше мақтанып қоямын біз түгілі Ресей Президенті Владимир Путинде Душанбеде оқыған деп.

— Тәжікстанда оқыған соң тәжік тілін бір кісідей білетін шығарсыз?

— Иә, ол жақта орталық аудандық ауруханада гинеколог болып біраз жыл қызмет атқардым. Бізден басшылық келген науқастарды қабылдағанда тәжік тілінде сөйлесіңдер деп талап ететін. Өмірдің өзі үлкен мектеп екен. Бүгінде қазақ, өзбек, орыс, тәжік тілдерінде еркін сөйлеп татаршаны да бір кісідей білемін.

— Бес тілді білген қандай жақсы. Тілді көп білген сайын адамның білім көкжиегі кеңейіп, адами тұрғыда толыса түседі деп жатады. Мамандығыңызға деген махаббатыңыз керемет екен, отбасыңыз туралы айта отырсыңыз?Оқыған қыздар отырып қалып жатады, оның үстіне басқа елде оқып, қызмет жасадыңыз, тұрмыс құрудан кешігіп қалған жоқсыз ба?

— Жоқ кешікпедім. Душанбеде аспаз өзбек жігітін кездестіріп соған тұрмысқа шықтым. Бір оқығанға бір оқымаған дегендей күйеуімнің жоғары білімі болмады. Бірақ екеуміздің бір-бірімізге деген сыйластығымыз өте күшті болды. Мені еркелетіп жұмыстан келгенде тамақты өзі жасап қоятын. Менің міндетін ыдыс жуу еді. Жақсы өмір сүрдік. Мен жұмыс десе жанымды беретін әйел болдым. Дүниеге қызымыз келген соң, араға жыл салып көтергенімде босануыма жақын қалғанға дейін жұмыс істедім. Ай-күнім жетіп дүниеге ұл әкелдім. Балам жасына толмай жатып тағы да жұмысқа шығып кеттім. Өзім балама дұрыс көңіл бөле алмағанымнан деп ойлаймын кейде ұлым екі жасында шетінеп қалды. Өзім гинеколог дәрігер болғаныммен бір қыздың ғана анасымын. Құдайдан осы қызымның өмірін берсін деп тілеймін.

Тәжікстаннан қашан елге оралдыңыздар?

1992 жылдары Тәжікстанда соғыс басталып кетті. Сол жақтағы біраз қазақтар сол кезде жаппай елге өте бастады. Бізде Қазақстанымызға қайта келдік. Алайда, бірде күйеуім Душанбеге анасынан хабар алуға барып келемін деді, мен келісімімді бердім. Сол кеткенінен қайта оралмады. Душанбеде оққа ұшты. Бұл енді тағдыр.

— Қазір қалаға келген жастар тілді «шұбарлайтын» болып жүр. Қазақшаңыз тәжікшеленіп кеткен жоқ па?

— «Қазақта қанмен кірген, жанмен шығады» деген сөз бар. Осы рас екен. Туғаннан санамызға сіңіп кеткен қазақ тілін ұмытқан емеспін. Салт дәстүрін де жақсы білемін. Қазақтар көрпені сандыққа біркелкі алдыға қарай орап жинайды. Өзбектер ирек-ирек етіп жинайды. Қазақ халқының қой сойып, терісін кептіріп, қидан тезек жасайтынын көріп, біліп өстік. Өзім бешбармақты жақсы көремін. Үнемі үйде ет асамын, тым болмаса сүйектен сорпа жасаймын. «Ет етке, сорпа бетке» деген рас қой. Қазақтар жиі бауырсақ пісіргенді жақсы көреді, күбі пісіп, құрт жасауда да қазақтарға тең келетін ұлт жоқ деп ойлаймын.

to; margin-left: auto; vertical-align: middle; display: block;» alt=»6″ src=»images/stories/6.jpg» />





— Әркүні алдыңызға аяғы ауыр келіншектер келеді. Қазақшалап тұрып бір кеңес беріңізші?

— Ең алдымен тамақтану рациондарыңыз дұрыс болсын деймін. Жүкті әйел күніне бес мезгіл тамақтануы қажет. Көк шәй ішіп, құры нан жеп жүрген әйелде қандай күш-қуат болсын. Етті тағамдар жеңдер деймін. Сүйектегі калий, калцийді төмендетіп алмау керек. Қыз баласының жиырма жасында тұрмысқа шыққанын құп көремін. Сөйтіп, отыз жасқа дейін арасына екі үш жыл салып бала туып алыңдар деймін. Ең бірінші әйел денсаулығына қарауы тиіс. Он құрсақ көтеремін деп денсаулығың мәз болмаса, балаларыңа кім қарайды. Ең сұлу әйел аяғы ауыр әйел. Өзім аяғы ауыр әйелдерді өте жақсы көремін. Әйел келесі баласын туарда алдыңғы баласын да ойлауы тиіс. Бір балаға да ана керек, он балаға да ана керек. Бала анасы жанында болмаса, дүниенің бар байлығын алдына қойсаң да, шешесін іздейді.        

— Мавлюда Икрамқызы, Сіз қыздарды отыз жасқа дейін балалы болу қажет дейсіз. Бүгінде қыздарымыз 25-тен асып отызға таяғанда енді тұрмысқа шығып жатыр. Бұған не дейсіз?

— Бүгінде жоғары білімді, қызметте жүрген қыздарымыздың көбісі тұрмысқа шығуды кейінге қалдырады. Бірде бірге жұмыс істейтін қасымдағы қызға

– әй, сен неге тұрмысқа шықпайсын, қаншама жігіттер саған сөз салып жүр, — десем, бірінің Шымкентте үйі жоқ, мен ауылға барғым келмейді. Енді бірінің бойы кішкентай, немесе оқымаған» деген толып жатқан сылтауларын тізбектей жөнелді. «Шымкентте үйі жоқ дейтіндей сен осы жерде қалаған жеріңде тұруды шешетін жігіт емессің ғой. «Қазақта қыз өрісің, ұл кеңісің» деген деп білгенімді өзімше жеткізіп айттым.Осы әңгіме қыздардың бағын байлап тұрған. Осы мәселеге басқаша қарау керек. Ауылға дәрігер керек емес деп кім айтты, қазаққа ауыл керек емес деп кім айтты.

Қыз баланы сұрайтын өзі бір кезең болады. Егер сол кезді жіберіп алса, құда түсушілер қатары да сирейді. Қаншама оқыған құрбыларым ауылға тұрмысқа шықты. Шүкір бүгінде бақытты, бала-шағасы бар. Өз уақытында олар да сиыр, бие сауды. Ешкімнен кем болған жоқ.

Алматыға іссапармен барғанымда бір апаймен танысып, ол кісі мені үйіне қонаққа шақырды. «Апай сіз үш балам бар деп едіңіз, екі ұлыңыз бар екен ғой» дегеніме айтқан уәжі мынау болды: Бірінші, балам жолдасым ғой. Ол да балам сияқты. Бағып-қағып, тәрбиелеп отыруың керек. Дұрыс айтады. Қыздарға айтарым, жігіт дені сау болып, маскүнем, нашақор болмаса тұрмысқа шыға беру керек. Әрі қарай өзің тәрбиелеп аласың. Жасың қырыққа таяғанда өзің үшін бала туып алуға әрекеттенгеннен ертерек тұрмысқа шыққан дұрыс. Бүтін отбасы болғанға не жетсін? Бір нан әкелсе де әкесінің тапқаны тәтті болады. Жанұя бақытына ешнәрсе жетпейді.

Асардағы №10 емханаға алғаш жұмысқа келгенде біраз уақыт қапаланып жүріпсіз, өзімнің үйреніп қалған №6 емхана жақсы еді деп. Енді ренішіңіз жазылды ма, үйренісіп кеттіңіз бе?

№6 емханада көп жыл еңбек еттім. Үйреніп қалған әйелдерімді қимадым. Ол жақтан кету себебім, былай болды. Менің бүйрегім ауыратын. Бір күні аталған емхананың сол кездегі бас дәрігері Кулбаева Гүлнар Жомартқызы мені шақырып алып, Мавлюда Икрамқызы анализ нәжилеріңіз бойынша сізге емделу қажет. Еңбекке жарамсыздығыңыз бойынша еңбек демалысын берейін, емделіп жұмысқа қайта түсіңіз деді. Осылайша денсаулығымның күрт нашарлап кетуіне байланысты төрт ай емделдім. Гүлнар Жомартқызына мол алғыс айтамын. Алайда, келген соң біраз уақыт эксперт дәрігер болып жұмыс істеп, кейін мені Асарға жіберді. Асарға жұмысқа келсем, Ташкентке келгендей боламын. Айнала тап-таза. Таныс мөлтекаудан. Келіншектері өте момын келеді екен. Қаланың әйелдері департаменттің жолын жақсы біледі (күледі). Момын екен деп жұмыста бостық танытып отырған жоқпыз. Емхананың акушері Уралбаева Тұрдыгүл Ахмедқызы екеуміз барынша әйелдерге дұрыс көмек көрсетуге тырысамыз. Құдайға шүкір, өзіміз жауапты аймақта ана мен бала өлімі тіркелмей, жүкті әйелдеріміз аман-есен шақалақтарын қолдарына алып жатыр. Бізге келген бір келіншектің осы уақытқа дейін екі баласы өлі туылып қалған екен, жақында үшінші құрсағын аман-есен қолына алып отырған жайы бар. Осындай ана болу бақытын сезініп, алғысын айтып келіп жатқандарын көріп қуанамыз.

— Аталған емхана алғаш ашылған жылдардан бері қызмет көрсетудің қандай түрлері оңтайландырылды?

— Алғаш ашылған жылдары жүкті әйедеріміз, Биохимия, Вич, RW, жалпы анализдерді Қайтпас мөлтекауданынындағы емханаға барып тапсыратын. Бүгінде аталған анализдердің барлығын өзімізде тапсырады. Жүкті әйелдерді әрі-бері көп жүгіртпеудің амалын жасауға тырысамыз.

-Тіліңіздің шұрайлылығына сүйсініп отырмыз.Тіл үйрену қиын дейтіндер бар, соларға не дейсіз?

-Ақталғысы келген адамда себеп те көп болады.Тіл білемін деп міндетсінбеймін, ол мен үшін, менің жұмысым, айналамдағылармен араласу үшін керек. Қазақтың арасында тұрып қалай қазақша сөйлемейсің. Өмірлік тәжірибемнан түйгенім тіл білгеннен ұтылмайсың, ұтасың. Тіл үйрену қиын дегендерге айтарым осы.

 

Өнегелі, ашық әңгімеңізге көп рахмет.

 

Сұхбаттасқан

Әлия Ахметова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика