Мемлекеттік қызметтің мерейі қарапайымдылықпен өлшенеді
«Менің балам министр болады, менің балам әкім болады, менің балам президент болады».Жасыратыны жоқ, бұл бүгінгі қоғамның ата-анасының арман-тілегі.Ал, бүлдіршіндеріміз сәйкесінше, өскенде кім боласың деген сауалға «әкім боламын, министр, президент боламын» деп жауап беріп жатады. Жоғары оқу орнын бітірген жастардың ішінде де мемлекеттік қызметті саналы түрде таңдап, өмірінің мәніне айналдыратындары бар. Олардың кейбірі бұл қызметке ел мүддесі үшін қызмет атқарғысы келгендіктен, мемлекеттің өркендеуіне үлесін қосқысы келетіндіктен келіп жатса, бірі әдемі киім үлгісі мен жайлы орындықтағы абыройлы міндетіне қызығады. Дегенмен, мемқызметкер болу екінің бірінің қолынан келетін іс деуге негіз жоқ. Мемқызметкердің бойында аса жоғары жауапкершілік, отансүйгіштік пен елге деген жанашырлық болуы тиіс. Бұндай қасиет бойыңнан табылмаса онда мемқызметкер болуың екіталай.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімінің орынбасары қызметін атқаратын Тіленшин Ерік Керімұлының да ойы дәл осындай.
-Ерік Керімұлы бүгінгі тақырыбымыз Мемлекеттік қызмет аясында өрбитіндіктен ең әуелі мемлекеттік қызметшінің бір күнді қамтитын жұмыс жоспарын қысқаша айтып өтіңізші. Жұмыс күніңіз қалай, неден басталады?
-Мемлекеттің мерейін көтеру басты қағида болуы керек мемқызметкерге. Күн сайын сол мақсатта жұмыс атқарамыз. Бізде таңертеңнен бастап жоспарлы түрде жұмыс жүргізіледі. Жоспарсыз жүйелі жұмыс жүргізу бос әурешілік екенін ескергендіктен күнделікті жоспарды күн сайын жаңартып та отыратын кездер болады. Таңертеңнен бастап дедім ғой, сол уақыттан басталған жұмыс түскі үзіліске дейін тынымсыз жалғасады. Қабылдауға жазылған түрлі мәселелермен келуші азаматтар, назардан тыс қалдырмайтын арыз-шағымдар, шешілмей жатқан түйінді мәселені қарап шығу, осы әкімдіктің қызметшілерінің жұмысын бақылап отыру, міне, осы жұмыстың барлығы да таңертеңнен басталады. Одан кейін түскі үзіліс. Түскі үзілістен кейін қайтадан басталатын қауырт жұмыстар. Жиналыстар қойылған болса оған қатысу. Сағат 16-00-18:00 уақыт аралығында күн тәртібіндегі азаматтарды қабылдау. Әрине, күн сайын әртүрлі жоспар, әртүрлі жетістіктер болып тұрады. Бізде негізінен өзі атқарып отырған қызметке жауапкершілікпен қарайтын, өз ісінің қадірін білетін және міндетін асқан ыждахаттылықпен атқаратын қызметкерлер жұмыс істейді деп айтуға болады. Бұл олардың күнделікті жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, көзқарастарынан аңғарылып тұрады. Бәрі демей-ақ қояйын бізде ондай қызметкерлер бар.
-Сонда мемқызметкердің жұмыс барысында мінез-құлқы, сыртқы келбеті қандай болуы тиіс?
-Сенің сыртқы болмысың мен мінез-құлқың жаныңдағыларға түгелдей әсер етеді. Бұл қандай жұмыста, қызметте болмасын дәлелденген жағдай. Ал, Мемлекеттік қызметте дөрекі мінез мүлдем жүрмейді. Сыпайыгершілік пен адамгершілік жоқ жерде жұмыс кері кетеді. Ол айтпаса да белгілі. Бізден талап етілетін нәрсе шынайы болмыс пен адами асыл қасиеттер. Анығырақ айтқанда тазалық пен сыртқы тартымдылық, адам қабылдаудағы қарапайым мінез, қарым-қатынас жасағандағы сөйлесу әдебі барлығы ескеріледі. Себебі, сен қызмет етуші адамсың ғой. Мемлекеттің ілгері дамуы үшін жасалған мемлекетттік қызметшіге керек қасиеттер осылар. Мемлекеттік қызметте сен қай лауазымда отырсаңда сақтау керек қағидалар бұлар. Мемлекеттік қызметтің мерейі осымен өлшенеді.
-Мемлекеттің дамуы жолында қызмет атқарып отырмыз дейсіз. Мынаны таратып айтыңызшы, мемлекеттік қызметшінің ел мүддесі үшін қосар үлесі қаншалықты? Кейбір қызметкерлердің осыны түснібей жүруі әбден ықтимал ғой. Оның үстіне дәл қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жоғары деңгейде көрсетіледі деп кесіп те айта алмаймыз. Бюрократия бар, оны туғызатын адамдар да бар.
-Мемлекетті бір отбасы деп мысалға алып көрейік. Мәселен, Елбасы отбасының тірегі, мемлекеттік қызметшілер оның үмітін ақтаушы балалары, ал халық отбасының тірегі мен үмітін ақтаушыларға сенім білдірушілер дейік. Енді жоғарыдан алып қараңыз, ең жоғарғы жақтың тәрбиесі қалай берілсе одан кейінгілерінің дөңгелегі алдыңғы дөңгелекке ілеспей ме?! Жақсы тәлімнің нәтижесінде келесілері жақсы нәтиже шығармайды ма?!
Өз басым Елбасыны ең мықты саясаткер дер едім. Мықты саясаткер барлығын жоспарлап, жүйелеп, айқындап, нақтылап болашаққа бастау алар бұлақтың көзін ашып тұрғанда бізге беріле жұмыс істемеу мүмкін емес. Оны тек Елбасының ғана айтқаны деп емес, өз Отаның үшін, сол Отанда өмір сүріп жатқан елің, жерің үшін қызмет жасау деп түсінемін. Президентіміз алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосыламыз деп мақсатты айқындады, ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Біз сол саясатты егжей-тегжейлі жүзеге асыруға міндеттіміз.Ол біздің жұмысымыздан күнделікті көрінісін тауып жатыр.
-Нақтылай кетсек, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында атқарылып жатқан жұмыстар дегенде не айтасыз?
-Атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең. Биыл Астана күні мерекесіне орай Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «№3 эстетикалық балалар саз мектебінде» 100-ге жуық аудан тұрғындарының қатысуымен «Астана» күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өткіздік.Балалар мерекесі де мемқызметкерлердің назарынан тыс қалған емес. Еңбекші ауданы әкімінің ұйымдастыруымен «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан 150 бала «ЗОО баққа» саяхат жасап, 15 бала «Фанки Таун» ойын-сауық орталығында көңілдерін көтерді. Және де 10 бала «Джумейра» су кешенінде мерекелік іс-шараға қатысып, қызықтады. Осы мерекеде Тараз шағын ауданында 320 орындық №60 «Тараз» бөбекжай балабақшасы салтанатты түрде ашылды. Балалар мен ата-аналар үшін қуаныш қой мұның бәрі.
tom: 6.75pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Тағы бір айта кетеріміз, Еңбекші ауданында аулалар қалыпқа келтіріліп, қала тазаруда. «Бәйтерек-Л.Б», «Арнаулы автокөлік», «Aneke Group» ЖШС мекемелері аудан аумағында шөп ору, ағаштарды санитарлық қырқу және әктеу жұмыстарын жүргізуде. Ауданның тазалығы мен көрікті болуы бақылауд тұрған мәселе.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында тірек қимыл аппараты бұзылған 2051 адам, 632 зағип жандар, есту қабілеті нашар 248 азамат және 16-жасқа дейінгі мүгедек 1152 бала тұрады. Бұл азаматтарға жағдай жасау әлеуметтік сала қызметкерлерінің ғана міндеттері емес, бұл бәріміздің азаматтық борышымыз деп түсінуміз қажет. Олар өзін Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы екендігін сезінуі керек. Барлық салада мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халықтар достығы, елдің біртұтастығы мәселелері де үнемі бойына қан жүгіртіп отыруды қажет етеді.
Дәл қазіргі кезде қысқа дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
-Жергілікті билік, жергілікті тұрғындарға қаншалықты жақын?
-Қалай болмасын қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің жүргізіп отырған жұмыстары ашық түрде. Кез-келген адам оны бақылай алады. Билік пен халықтың арасы тығыз байланыста деп айтуға болады. Билік халыққа жақын деп толықтай айта аламын. Оған дәлел де келтіре кетейін. Бізде Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында арнайы сайт жұмыс жасайды. Онда атқарылған жұмыстар, іс-шаралар, жиналыстар, аудан әкімінің және аудан әкімі орынбасарларының қабылдау кестесі дегендей барлығы да анық көрсетілген. Сұрақ туындай қалған жағдайда анықтама телефондары жұмыс жасайды. Ал әкімдікке келген азаматтардың барлық мәселесі талқыланады, ол бізге тиесілі емес болса да. Технологияның дамыған заманы тіпті, азаматтар үйінде отырып та мемлекеттік қызметшінің қандай мәселеге байланысты қандай қадамға барғандарына дейін бақылап отыра алады. Осыдан кейін билік пен халықтың арасы жақын емес деп айтуға бола ма?!
-Мансап деген ұғымға көзқарасыңыз қалай?
-Мансап деген ұғымды шынымды айтсам ерсі көрмеймін. Бұрындары мансап деген ұғым дөрекі естілетін. Ал бірақ ол қызмет бабында өсу үшін, жақсы қызмет атқару үшін керек деп түсінемін. Бұл өзің атқарып отырған қызметтегі біліктілігің мен біліміңнің өлшемі болатын дүние. Білікті, білімді, халыққа жақын, әріптестеріңмен бөлісе алатын тәжірибең бар болса сенің мансабың көтерілуге тиіс. Оның несі ерсі.
-Ерік мырза, қазіргі қоғамнан байқалатыны мемлекеттік қызметке келгісі келетін жастар өте көп. Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурстық негізде жүзеге асады. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, сосын олар конкурстық комиссияда қаралып іске асады. Ал ол конкурсты бос қызмет орны бар мемлекеттік орган өткізеді. Конкурс жөнінде хабарлама жарияланғаннан кейін үміткер мынандай кезеңдерден өтуі керек болады. Атап өтсем:
1) бос қызмет орнын хабарлаған конкурс өткізуші мемлекеттік органның қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдап, талдайды;
2) конкурсты өткізіп жатқан уәкілетті органның үміткерлерді тәртіп бойынша тестілеуі;
3) конкурсты өткізіп жатқан комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасушы тұлғалар, төменгі талаптарға сай болуы қажет:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болу;
2) он сегіз жастан жас болмауы қажет.
3) кәсіби дайындық дәрежесі және белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне, қажетті білімінің болуы.
Міне, осы талаптар сақталған жағдайда мемлекеттік қызметке қызығушылар мемқызметкер атана алады.
-Сізде біраз тәжірибеден өткенсіз. Мемқызметкер атандыңыз. Қазір әкімнің орынбасарысыз. Қандай салада болмасын дәрежеге жету үшін өз қызметіңді жақсы көруің керек деп жатамыз. Жалпы бұл қызмет несімен қызықтырады сізді, жаныңыз қалаған жұмыс па?
-Әрине, жаның қаламаса жұмыстан нәтиже шығару мүмкін емес. Қызықпаған қызмет болса онда ол ортада көп жүре алмайсың ғой. Онсызда қызықпағандарды қызмет ортасы қабылдамайды да, сырып тастайды. Бірақ менің бір айтарым мемлекеттік қызметті қызығу арқылы таңдау дұрыс емес. Бұл қызметке ел үшін қызмет атқарамын деп келу керек. Сонда сенің жұмысыңның ғұмыры ұзақ болмақ. Бір сөзбен айтқанда еліңнің патриоты болуың керек.
-Сіз еліңіздің патриотысыз, жастарда да сондай сезім болғанын талап етесіз.
-Әрине, мемлекетіңнің мүддесін қорғап жергілікті жерде қызметін көрсету үшін еліңнің патриоты болуың керек. Бірақ бір мемқызметкер ғана емес, қоғамдағы әр азаматтың патриот болғаны артықтық етпейді. Ол қалай көрінеді? Мәселен, жол бойынан қоқысты алып қоқыс жәшігіне тастасыншы бір азамат. Соның өзі елін, туған жерін жақсы көргендіктің белгісі. Сол қылығымен ол қанша адамға үлгі көрсете алады. Соның өзі патриот. Бұл ең қарапайым мысал. Әркім өзінше патриот болып, елі үшін азғантай болса да үлес қосса онда біздің елдің алар асуы биікте болатынына сенемін.
-Ерік Керімұлы, бүгінгі әңгімеңізге үлкен рахмет дейміз. Мертебелі қызмет -мемлекеттік қызметтің аясында сіздің алар орныңыз бұданда биік болуына тілекшіміз. Алдағы жұмыс күндеріңіз сәтті болып, тізімге қойылған жоспарларыңыз абыройлы іске аса берсін.
Жарылқасын Үсентаев
Leave a Reply