tom: 0.0001pt;»>Нұржамал ӘБІЛДАЕВА,
tom: 0.0001pt;»>Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы:
«Ең қауіптісі жүйелі ойлау қабілеті жоқ басшы»
tories/DSC02128_-_.jpg» width=»334″ height=»327″ alt=»DSC02128_-_» style=»float: left;» />- Нұржамал Станбекқызы, қалалық білім бөлімінің жұмысына қала басшысының да, тұрғындардың да пікірі оң екен. Үш жыл қатарынан ҰБТ көрсеткіші бойынша алдыңғы орыннан көрініп келесіздер. Әр жетістіктің өз құпиясы,кілті болады. Білім саласында табысқа жетудің кілті неде? Ұтымды басшылық жасаудың да жөні бар. Бөлісе отырсаңыз.
— Басшылыққа байланысты бір ғана мысал айта кетейін. Әр оқу жылы басталғанда жаңа күнделік арнап, бірінші бетіне жылдың эпигрофын жазып қоюды әдетке айналдырғанмын. Алғашқы кезде бұл өзім үшін керек болды. Жылдық мақсатыңды айқындайсың және соған жетудің жолдарын қарастырасың, ізденесің, уақыты келгенде өзіңе-өзің есеп бересің. Өсіп келе жатқаныңды байқасың. Өте тиімді екеніне көзім жетті және бойыма сіңіп, әдетіме, ұстанымыма айналды. Басшылыққа келгелі бері осындай бір жаңа оқу жылына арналған қанатты сөзді ұжымдық жиналыста барша педагог-қызметкерлерге жаздырамын. Мысалы биылғы ұран сөзіміз: «Жұмыс істейтін адам жолын іздейді, жұмыс білмейтін адам себебін іздейді» болды. Ұстаздарымыз әдеттегідей жазып алды, енді жұмыс істеп жатыр. Әр маман өзі үшін қандай жаңалықтар ашады, нені үйренеді, нені зерттейді, қандай шешімдер шығарып, қорытынды жасайды, жыл аяғында белгілі болады.
— Мұндай ұстаным менің байқауымша ең бастысы өзара сенімді, ашықтықты қалыптастыратын сияқты.
— Әрине, ұжым арасындағы үйлесім, бір-біріне деген сенім, түсіністік өтек керек дүние. Жалпы білім саласы біртұтас дүние. Оны мектеп-мектеп деп бөліп тастауға болмайды. Бәріміз бір мақсатқа жұмылғанда ғана нәтижелі жұмыс көрсете аламыз.
Ал, ҰБТ-да оқушыларымыз оқ бойы озық шығып, жоғары деңгейлі білім дәрежесін көрсетуі үшін жыл бойы тынымсыз еңбек етеміз. Жетістігіміздің бір сыры 10-11-сынып оқушыларын тереңдетіп оқыту үшін бейіндік пәндер топқа бөлініп оқытылады. Әрбір сынама тесті өткен соң жоғары санатты мұғалімдер оқушылардың білмеген сұрақтарына жауап беріп, кеңестерімен бөліседі. Мұғалім жоғары санатты алған соң сол атақты ақтап оқушыларды одан әрі тереңдетіп оқыту керек. Осы сөзді мұғалімдерге үнемі қайталап отырамын.
Міне білімдегі жетістік осы білікті ұстаздардың өлшеусіз үлесімен келеді.
— ҰБТ сұрақтарын жаттап алуға әдеттенген жастарымыз кітап оқудан қалып барады, — деп жалпы жастарды кінәлап жатамыз. Мәселені өзімізден бастаған дұрыс сияқты. Өзіңіз газет-журнал, кітап оқисыз ба?
— Мың жерден интернетті жақсы көрсемде, тіпті түнгі сағат 3-те тойдан келсем де кітап оқымасам ұйықтамаймын. Ол қаныма сіңіп кеткен қасиет. Көп оқып миды жаттықтырған адамның есте сақтау қабілеті де жақсы болады. Қазір Дінмұхаммед Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген кітабын оқып бітіріп жатырмын. Сізге де оқуға кеңес беремін. Кітаптарым өте көп. Солардың ішінде көңілім тартқанын суырып алып оқимын. Осының алдында Қонаевтың тағы бір «Өтті дәурен осылай» деген кітабын оқыдым.
— Математик екенсіз, шығармашылыққа қалай қарайсыз? Ұжым басшысына нәтижелі жұмыс істеу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз?
— Математик-физик болғаныммен ән айтқанды, кітап оқығанды жақсы көремін. Шығармашылық адамдарын сыйлаймын. Негізі ұжымды басқаратын адам аналитик болу керек. Өйткені, басқарып отырған салаңда ертең қандай өзгерістер болатынын болжап отыру өте маңызды. Ең қауіптісі жүйелі ойлау қабілеті жоқ басшы.
— Басшы демекші, көптеген басшылардың баяндамасын,тіпті сөйлейтін сөзіне дейін басқа қызметкерлер жазып береді. Сіздікін ше?
— Аналитика туралы жайдан-жай айтып отырған жоқпын. Мен ешкімге сенбеймін. Өзім жазып шығамын. Тіпті баяндаманы қағазға қарамай оқығаннан ләззәт аламын десем артық айтпағандығым.
— Соңғы кезде жазушылар ел-жерді аралап жастармен, халықпен кездеспейтін болды. Осы мәселені ұйымдастыратын болсаңыз, қандай ақын жазушымен жастарды жүздестіруге бастамашы болар едіңіз?
— Шерхан Мұртазамен жастарды кездестірер едім. Ол кісінің әрбір айтқан сөзі жанға азық қой. Бірде Шерхан Мұртазамен көпшілікпен бірге дастарханда отыру сәті түсті. Сенесіз бе, дастархандағы ас түк желінбеді, бәрімізге сол кісінің сөзі азық болды. Ол кісілер тұнық тарих қой. Рухани баий түсу үшін осындай жандармен кездесу, әңгімесін тыңдау керек. «Халық жазушысы» Шерхан Мұртазаны құрмет тұтамын. Жалпы әдеби кештерді өте жақсы көремін. Білім бөлімі мектеп бағдарламасындағы барлық пәнге бірдей қарайды,негізгі айналысатын міндеті де сол. Ақын жазушылармен халықты кездестіру, мәдениет саласы, ішкі саясат басқармасының құзіретіндегі жұмыс қой. Егер ақын-жазушылар шақырылып жатса, мектептер кездесу алаңына айналуға әбден лайық.
— Көп мәселені кадр шешеді. Ал, білім саласында «кадр бизнесі» өркендеген деген пікірді көп естиміз. Осы пікірге көзқарасыңыз қалай? Мектеп директорларын қалай тағайындайсыз? Балабақша меңгерушілерін қалай тағайындалуда? Қандай талаптар қоясыз.
— Мен жалпы осы қызметке келгелі он мектеп директорын тағайындасам соның тоғызы мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлығынан көтерілген азаматтар. Оқу ісі жөніндегі орынбасарларды шақырып алып, «әй, не істеп жүрсің конкурсқа қатысып басшы болуға талпынсайшы. Орынбасар орынды басу керек қой» деймін. Өзі осы «орынбасар» деген сөздің түп-төркініне қараңызшы. Орында бас деп тұрған жоқ па? Сондықтан да орынбасарлыққа лайықты адамды таңдау керек. Орынбасар болу басшылықтың «тәжірибе мектебі» десе де болады. Мен өзім орынбасарлықтан көтерілген мектеп директорларына сенемін. Мысалы, №5 мектеп ҰБТ-дан 108 балл көрсеткіш көрсетіп отыр. Бұл дарынды мектептермен бірдей көрсеткіш. Қарапайым мектеп үшін бұл үлкен жетістік. Мектеп директорларына айтамын «жұмыстың бәрін істейтін орынбасарлар, медальды алатын сіздер» деп. Егер табысты қызмет атқарып келе жатқан директор болса оның орынбасары мықты болғаны. Нақты айтқанда директор лауазымына оқу ісінің орынбасарын қою керек. Мектеп басшысын тағайындау ісінде «көке-жәке» жүрмейді. Егер жүрген болса білімнің тамырына балта шабылғаны. Ешкім сүттен ақ судан таза емес. Ең жаманы алақан жайған. Біреуге алақаныңды жаймасаң Алла өзі береді. Біреу рахметін айтып үйіне шақырып, құрметтеп жатады, бірі «апай сізге бір иіс су сыйлайын» деп жатыр едім деп жатады. Сыйлық сыйластықтың дәнекері.
Сізге мынаны айтайын. Жаңағы өзіңіз айтқан «кадр бизнесі» дегендей пікірлерден соң ба, біздегі білім саласындағы басшылыққа үміткерлер аса көп емес. Бос лауазымдық орынды газетке жариялау арқылы қабылдаймыз. Газеттегі хабарлама арқылы осы бос орынға үміткер едім деп келетін қызметкерлер жоқтың қасы. Балабақша меңгерушілерін де үш-төрт рет хабарлама беріп жүріп әрең тағайындаймын. «Сәуле» балабақшасына басшы керек деп қазір 2-3 рет хабарлама бердік, «Дәуір» балабақшасына екі рет, «Мәншүк» балабақшасы төрт рет хабарлама бердік, меңгерушілікке үміткерлерлікке ешкім келмейді. Мүмкін бухгалтериясы өзінде болғандықтан батылы жетпей жататын болар…
— «Көке-жәкені» тоқтату керек деп айтып қалдыңыз. Өзіңіз осы қызметке қалай келдіңіз?
— Төбемде бір Құдай бар. Осы қызметке бір тиын беріп кірген жоқпын. Оған кейбіреулер нанбайды. Кентау қаласының әкімі Қалмырзаев Нұржігіт болған кезде мені шақыртып алып , «Кентау қаласының білім бөлімінің көрсеткіші он үшінші орында, сіздің білім саласын осы тығырықтан алып шығатыныңызға сенемін» деп бөлім басшысы қызметін ұсынды. Ағай менің қан қысымым бар, жолдасыммен ақылдасайын дедім. Екінші рет тағы да шақырды онда да бір аптадан кейін қызымды ұзатамын той жасауым керек дедім. Ол кісі оған да уақыт беремін деді. Үшінші рет шақырғанда мені білім бөлімі басшысына ұсынып хат жазып қойыпты.
Жалпы еңбек жолымды мұғалімдіктен бастап, әдіскер, мектеп инспекторы, жетекші инпекторы қызметтерін атқарып, жеті білім бөлімі басшысының орынбасары болыппын. Содан облысқа барып ұсынылған лауазымға лайықтығымды дәлелдеп келдім, Астанаға министрлікке тағы бір ауданның білім бөлімі басшымен қатар бардым. Ол әлі еңбек өтілі аз, жас қыз екен. Екеуміз мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, экономика департаментінен сынақтан өттік. Әр департаментке кірерде 3-сағат күтіп отырамыз. Басшылар қызмет бабымен әржаққа кетіп қалатыны бар емес пе. Әр департаментке кірерде мен оған сен әлі жас екенсің деп білгендерімді түсіндіремін. Мектепке дейінгі білім департаментіне кірерде «Балапан» бағдарламасы жайлы, орта білім департаментіне кіргенде он екі жылдық білім беру, инклюзивті оқыту туралы білгендерімді айтамын. Бірде оның телефон арқылы «аға мен кірейін деп жатырмын тез телефон соқсаңызшы» деген сөзін естіп қалдым. Кейін білсем оның жоғары жақта ағасы бар екен. Осыны қою керек. Ең соңғы күні жауапты хатшы мен сол кездегі министр Бақытжан Жұмағұловқа кірдім. Ол кісі менің жеке іс-парағымды көрді де жаба салды. «Сіз істемей кім істейді. Сіз маған проблемаларды айтыңызшы?» — деді. Түнгі сағат он бірден қырық минут өткен кез. Дайындалып барған мәселелерімді жайып салдым. Кентау қаласындағы тест орталығының жоқтығын айттым. Ереже бойынша тест орталықтарының ара қашықтығы 50 шақырым болу керек. Ал, бізде не істеген? Кентау мен Түркістанның арасы отыз үш шақырым деп ашпаған. Ащысай бар бізде Түркістаннан 90 шақырым арыда, 5-ші мектеп бар. Сызбамның бәрін компьютерде көрсеттім. Кейін материалдық базаны айттым. Одан кейін өзімнің «стихиям» он екі жылдық мектепке қалай өтеміз дедім. Бұрынғы қызметімде мектептерді тексеріп жүргендіктен бұл мәселенің жай-жапсарынан жақсы хабардармын. «Соответствует» деп жазып берді.
«Біздегі департаментке мен жеткенше осындай кадрларды жіберу керек» деп телефон шалыпты.
— Жалпы білім мекемелерінің педагог-қызметкерлері кеңсе тауарларының жетіспеушілігі туралы жиі айтып жатады? Бұның себебі неде?
— Материалдық тауарларды дұрыс ұйымдастырған басшы мен үнемді пайдалана білген ұжымда кеңсе тауарларына тапшылық болуы мүмкін емес. Мемлекет бәрін есептеп береді. Мысалы, мың оқушысы бар мектепке қанша ақ қағаз керектігі, картридж т.б. кеңсе құрал-жабдықтары есептеліп қойылған. Одан бөлек ғимараттың шаршы метріне қанша еден жуатын құрал керек, бұл да есеппен беріледі. Мемлекеттің бергені жетпесе сол мекеменің өзі дұрыс пайдалана алмайды деген сөз. Мен бұл мәселеге ұқыпты қараймын десем артық айтпағаным. Бірде әжетханада ақ қағаздың жатқанын көрдім, содан бөлімнің қызметкерлеріне қатаң ескерту жасадым. Мен өзім бір беті жарамсыз қағаздың кері бетін пайдаланамын. Басшы болған соң қағаздың бір орамын алдыма алып пайдалансам болады ғой. Олай жасамайын. Қағаздың обалы болады.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Бірде бір мектепке барып қалып принтердан үздіксіз басылып шығып жатқан қағаздарды көріп, отырған ұстаздан нені шығарып отырғанын сұрадым. Сөйтсем бір оқушы рефератын шығарып беруді өтініп еді дейді. Мемлекет балаларды тегін оқытады, енді рефератын да шығарып беретін болса ата-аналардың өкіметке жаны ашымағандығы ма?..
Міне қағаздар қайда кетіп жатыр. Жаңа оқу жылына қажетті материалдық құндылықтарға тапсырыс берерде шынымен-ақ қажетті заттар ма осыны жақсылап тексеру керек. Кейде бір мекемелер тапсырысты өзгертпей бере береді. Қажеттілік деген өзгеріп тұру керек қой. Өткен тапсырыста 30 шелекке өтініш берсе, кейінгі жолы тағы 30-ға тапсырыс бере беріп отырады.Шелек деген бірден бүлініп, жарамсыз болып қалатын зат емес қой. Бірде екі мектептің қоймасын ерінбей барып тексердім. Қарасам, қоймада әлі біраз уақытқа жететін сыпырғыш тұр.Ал, олар соған қарамастан тағы да өкіртіп сыпыртқыға тапсырыс берген. Сонда не істейді қалған сыпыртқыны? Үнем деген барлық уақытта керек. Ысырап жақсылыққа апармайды. Кейбіреулерге мұндай мәселелер басшы айналыспайтын майда-шүйде көрінуі де мүмкін. Бірақ үлкен мәселе осындай «майда-шүйденің» жиынтығынан туындайтынын ескеріп жүруіміз керек. Жалпы білім саласында «майда-шүйде» мәселе болмайды.
«Жұмыс істейтін адам жолын іздейді, жұмыс білмейтін адам себебін іздейді». Ой салатын,орынды айтылған сөз екен. Қандай нәтиже күтіп отырсыз?
-Әрине, дұрыс нәтиже. Білім беруде таптаурындылыққа орын жоқ. Мұғалім өзімен күнделікті жұмыс істеуі керек.
-Талабыңыз тым қатал емес пе?
Талап қатал болмаса нәтиже де, жетістікте болмайды.
Ашық-жарқын әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан,
Әлия АХМЕТОВА
Leave a Reply