«ҮЙ-ІШІ АЛА БОЛСА, КЕРЕГЕ БАСЫ ПӘЛЕ БОЛАДЫ»

Қайырғали Медет, жазушы,

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының директоры:


 

«Үй-іші ала болса, кереге басы пәле болады»

tories/0.jpg» width=»365″ height=»336″ alt=»0″ style=»float: left;» />Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» сәулетіне көз тоятындай ғимараттардың бірі. Атқарып отырған жұмыстарының да өзіндік ерекшелігі бар.Өзін бөлім басшысымын деп таныстырған Қуатбай Қуантқанұлымен орталыққа жасаған саяхатымыз бірінші қабаттағы «Достық» залынан басталды.  Мұнда тек қазақ халқының ғана емес, Қазақстанды мекендеген өзге ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне қатысты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстары жүргізеледі екен. Бүгінде орталық оңтүстікті мекендеген өзге этнос өкілдерінің де салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жүйелі түрде талдап, зерделеп ортақ игілікке пайдалану жағын қолға алыпты. Біздің негізгі ұстанымымыз «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру. Жақында ғана «Бағымыз – бейбітшілікте, Берекеміз – бірлікте!» — деп аталатын жиырмаға жуық ұлттардың салт-дәстүрінің жиынтығын құрастырып баспадан шығардық. Кітапты оқыған әрбір тұрғын жанында жүрген көршісінің, досының, әріптесінің әдет-ғұрыптарымен танысып өз дәстүріне ұқсас өнегелі дәстүрінен тәлім алары сөзсіз, — дейді бөлім басшысы. Достық залының сөрелеріндегі кітаптарды көргенде ақпарат алуға деген қызығушылық оянып,оқуға деген ерекше құлшыныс пайда болады екен адамда. Сол кітаптардың ішінде бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен септігін тигізетін інжу маржандай асыл сөздер тізілген «Ұлы дала өсиеті» деп аталатын көлемді кітап ерекше көзімізге түсті. Орталық директоры Қайырғали Мүсілімұлына қойған алғашқы сауалымызда кітапқа  қызығушылықтан туды.

       Әрбір қазақ баласы оқуы қажет «Ұлы дала өсиеті» деп аталатын қазақтың бишешендерінің, ақын жырауларының баға жетпес құнды ойпікірлері жинақталған кітапты шығару идеясы қалай туды?

       Мен де өзіңіз айтып отырғандай бұл кітаптың әрбір жас ұрпақтың өмірлік бағдаршамы боларына сенемін. Аталы сөзге құлақ асып, жөн сөзге тоқтаған халықпыз ғой. Кітапқа енгізілген дала даналарының ойтұжырымдары арада талай ғасырлар өтсе де өз құндылығын жоғалтпаған. Керісінше, маңыздылығы арта түскен. Сондықтан да келешекке де қызмет ететіне сенемін. Кеңес үкіметі кезінде қазақтың екі пайызы ғана сауатты деп айтылды. Ал, мына кітапты оқыған адам дала даналарының данышпан болғандығына көз жеткізеді. Енді негізгі сауалыңызға оралсам. Жақында ғана 2015 жылдың 2 шілдесінде Елордамыздағы «Көрме орталығында» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» және Үдемелі индустриалдықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы барысына арналған жалпыұлттық телекөпір өткен болатын. Ісшараны қорытындылап халықпен ой бөліскен Елбасы Қазақстанның бейресми символикалық атауын бүкіл әлем бойынша ілгерілету туралы тың міндет қойып, «Әдетте, Жапонияны күншығыс елі, Кореяны таңғы шық елі, Нидерландыны қызғалдақтардың отаны, Қытайды аспан асты елі деп жатамыз. Қазақстанға да осындай атаулы бренд жетіспейді. Біз Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс еліміздің бірлігінің белгісі. Ендеше, бізге неге өзімізді «Ұлы дала» еліміз деп атамасқа», деген ойын білдірген болатын.

Елбасымыздың осы сөздерін басшылыққа алған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған тұсында дала даналарының рухани байлығымен халқымызды қайта қауыштырып, қоғамдық санада ұлы мұрамызды қайта жаңғырту мақсатында өңірдегі танымал ғалымдардан, әдебиетшілерден, тарихшылардан шығармашылық топ құрып «Ұлы дала өсиеті» жинағының жарық көруіне мұрындық болды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай халықтың рухани игіліне айналып отырған құнды кітапты бірінші Елбасымызға жолдап, барлық кітапханаларға тараттық. Бүгінде жинақтың екінші бөлімін шығаруға дайындық үстіндеміз.

tories/3.jpg» width=»612″ height=»408″ alt=»3″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

       Орталықтағы  «Достық залын» көргенде тек қазақ халқының ғана емес, Қазақстанды мекендеген өзге ұлт пен ұлыстардың әдетғұрып, салтдәстүріне қатысты ғылымизерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізілетініне куә болдық. Осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтсеңіз.

       Орталықта Оңтүстікті мекендеген көп ұлт өкілдерінің салтдәстүр, әдетғұрыптары зерделеніп, талданып, ортақ игілікке пайдалану жағы қарастырылады. «Достық залы» соған арналған. Мұнда сол ұлт өкілдерінің салтдәстүріне арналған киімдер, бұйымдар мен кітаптар қойылған. Бүгінде этномәдени орталықтармен тығыз жұмыс жүргізудеміз.

Сондайақ осы залда көне дәуірден жеткен ауыз әдебиеті, тарихи мәнді құнды кітаптар топтастырылған. Онан өзге 280 томы жарық көрген «Қазыналы Оңтүстік» кітабының көптеген томында салтдәстүрімізге қатысты жырдастандар бар екені белгілі. Соларды тиянақты зерделеуді қолға алмақпыз.

 Біз биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай өңірімізді мекендеген жиырмадан астам ұлт пен ұлыстардың салтдәстүрі, әдетғұрпы, мәдениеті мен тарихы туралы кеңінен жазылған «Бағымыз – бейбітшілікте, Берекеміз – бірлікте!» деп аталатын жинақты құрастырып баспадан шығардық. Сондайақ, өңірімізді мекендеген ұлт өкілдерінің тұрмыстіршілігін баяндайтын шағын деректі фильмдерде түсірудеміз.

tories/1.jpg» width=»588″ height=»440″ alt=»1″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

       Бүгінгі қазақ тойларында астамшылдық, ысырапшылдық көп кездеседі. Бұл бесік той, қыз ұзату, үйлену тойларының бәрінде де көрініс береді. Қазақ тойын бір жүйеге салу әсте қиын шығар. Сонда да халықты астамшылдықтан арылуға насихаттайтын қандай ісшаралар жүргізудесіздер?

       Өте орынды сауал. Әр ұлттың өзіндік тыйымы бар. Дәстүр жойылса ұлт та жойылады. Еліміздің тәуелсіздік алуы  салтдәстүрлерімізге жаңа серпін берді.  Бүгінде қарапайым халық та, өнер адамдары да заманауи стилде тігілген киімдерінде қазақтың ою-өрнектерінің болуына үлкен мән береді. Мен осыған қуанамын. Орталық жыл басынан бері қазақ салт-дәстүрлері бойынша отыз түсірілім жоспарлап, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасымен бірлесіп солардың жетеуін түсіріп бүгінде аталған телеарна арқылы халыққа көрсетіп отырмыз. Атап айтар болсам: сәбиді қырқынан шығару, ерулік беру, қамшы ілу, құрсақ шашу, қызды оң босағаға отырғызу, сүйіндіру, азан шақырып ат қою әдептері. Салт-дәстүрді насихаттаған көріністерде «Шашу», «Көркем» әжелер тобының әжейлері рөлдерді сомдайды. Орталықтың «Ұлттық салт-дәстүрге арналып» жабдықталған залы бар. Мұнда «қыз баланы оң жаққа отырғызудан» бастап салт-дәстүріміздің барлық рәсімдері қамтылған.

 Өмірдегі әрбір сәттерге қатысты ата-бабаларымыздың ақ баталары да жинақталған. Ғылыми-зерттеу әдістемелік жұмыстарының барысында еліміздің әр өңірінде баланың тұсауын кесу дәстүрі түрліше қалыптасқанының куәсі болдық. Кейбір жерде көсегесі көгерсін деген ниетпен көк шөппен кессе, енді біреулер бай-дәулетті болсын деген тілекпен тоқ ішекпен кеседі. Енді біреулер баласы біреудің ала жібін аттамасын деген ниетпен ала жіппен кескен.

tories/4.jpg» width=»665″ height=»499″ alt=»4″ />

       Әр өңірлер тұрмақ, бүгінде дәстүрімізге сериалдардың да ықпалы өте зор сияқты. Жақында ғана танымал әнші Аша Матай ұзатылар алдында құрбыларын жинап, қазақ қыздарының бәріне үнділердің сариін киіп келуін сұрап өткізген дүбірлі кеш  халықтың қызу талқысына түсті. Бірі бұл әркімнің өз еркі десе, енді бірі қатал сынап жатты. Бұған Сіз не дер едіңіз?

       Той халықтікі. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетке мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Өз дәстүрімізді мақтанышпен көрсетуге тырысуымыз керек. Бүгінде «тұсау кесер» тойының өзін астамшылдыққа салынып өзге ұлттың дәстүріне қарай бұрмалауды шығардық кейбіріміз. Жапонияда бала ес танығанда дүкенге бір өзін кіргізіп жіберіп таңдау жасатады екен. Машина, кітап, қалам яки техникалық бұйым таңдай ма, бұл сол баланың еркіндегіндегі шаруа. Үлкендер баланың таңдаған затына қарай болашақта қандай маман иесі болатынын болжайды. Бұл сол елдің дәстүрі. Бүгінде біздің қандастарымыз осыны таңсық көріп, тұсауын кескен баланың алдына кітап, көліктің кілтін, қалам тағы басқа заттар қойып нені таңдаса болашақта осындай маман иесі болады екен дегенді шығардық. Бұл дәстүрді бұрмалаушылық. Ұлт арасындағы кейбір дәстүр ұқсастығын мойындау керек, бірақ көшіріп ала беру дұрыс емес. Мысалы, кәрістерді алайық. Кәріс халқының жастары дәстүрлеріне сай  жаңа жылдың алдында қариялардың қолын алып амандасып қайтады екен. Қазақ халқының да рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеп батасын алу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.

Бүгінде эфир уақытын толтыру үшінде көптеген телеарналардың үндінің тәрбиелік маңызы саяз телехикаяларын көрсетуі өте белең алып барады. Қарасаңыз үлкен әжелері өте жауыз, жастарды бауырмашылдыққа емес, алауыздыққа тәрбиелейтін сөздерді жиі айтады. Оның алдында кәріс телехикаяларының біршама мәні бар олардың көбі әулеттің жеке бизнесін өркендету жолындағы ерен еңбектерін, жастары үлкендерді, ата-аналарды өте қатты құрметтейтінін насихаттайды. Бір қуантарлығы бүгінде отандық телехикаялар да көп түсірілуде.

       Расында отандық телехикаялар туралы да пікір екіге айрылып жатады. Бұл бөлек әңгіме. Әрине, біз де мүмкіндігінше халқымыздың тамаша салт-дәстүрінің насихатталғанын қалар едік. Сұхбатымызды  тілегіңізбен түйіндесек.

       Бала тәрбеиесінің негізгі баспалдағы – отбасында қаланады. Отбасындағы бірлікті сақтай отырып, балаларды тәрбиелеу ата-ананың борышы. «Үй-іші ала болса, кереге басы пәле болады» деп қазақ отбасы ішіндегі алалық, ұрыс-керіс берекесіздіктен шеттеп, үлкендердің сөзіне тоқтаған. Шаңырақты ұстап тұру сияқты, адамның бәрінде бір қалыпта ұстап тұру мүмкін емес. Ең бастысы пендешілік тірліктерге тез бой алдырмасақ деймін. Перзенттеріміз парасатты болсын!

Сұхбаттасқан

Әлия Ахметова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика