«КІТАПХАНАШЫЛАР – АДАМЗАТТЫҢ АҚЫЛ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ»

Зәкира Сембекқызы, Отырар кітапханасының директоры:

«Кітапханашылар – адамзаттың ақыл қазынасының шырақшысы»

tories/aaaaaaa.jpg» width=»336″ height=»448″ alt=»aaaaaaa» style=»float: left;» />-Зәкира Сембекқызы! Оңтүстік Қазақстан облысында Отырар кітапханасының ашылып, ел руханиятына қызмет етіп келе жатқанына үш жылдың жүзі болды. Ғимараты да көз тойдырады. Жалпы, адамзат кітапқа, тасқа басылған жазуға үлкен рухани байлық ретінде қарап, қастерлегенін тарихтан білеміз. Отырар кітапханасындағы атқарылып жатқан игі істер,ұлт руханиятына қосар үлесі жайында тоқталып өтсеңіз.

-Кітапхана қашанда қасиетті шаңырақ . Ашылғанына аз уақыт өткеніне қарамастан Отырар кітапханасы облысымыздағы рухани, мәдени, әдеби орталыққа айналып отыр. Бүгінде қаламызға шет жерден келген қонақтардың біздің кітапханаға бас сұқпай кететіні кемде кем.

Ұжымымызда заман талабына сай — ұлттық идеямызды, жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған «Кітаппен бірге Мәңгілік елге» атты мақсатты бағдарламасы, «100 нақты кітапханалық қадам» және стратегиялық даму бағдарламалары, «Кітапханалар – өлкелік ақпараттық ресурс орталықтары» жобалары жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалық қызмет көрсетуге бағытталған «Кедергісіз кітап» атты әлеуметтік жоба да жалғасын табуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын қолдау мақсатында кешенді іс-шаралар өткізілуде.

Сондай-ақ кітапхана – облыс аумағындағы көпшілік кітапханалар желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатындықтан, кітапханашы кадрлардың кәсіби біліктілігіне де үлкен көңіл бөлініп, облыстық, аймақтық семинар-кеңестер, арнайы шеберлік курстары тұрақты ұйымдастырылады. Атаулы, өзекті саяси, әдеби, мәдени тақырыптарға көпшілік іс-шаралар өткізу – кітапхана жұмысының маңызды саласының бірі.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай облыста алғашқы болып, мерейлі мерекені бастап кеттік. «Тәуелсіз ел — Мәңгілік ел» атты 6 бөлімнен тұратын кеңейтілген кітап көрмесінің тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар көптеп жиналып, үлкен бір алқалы жиын, Тәуелсіздігіміз туралы тебіренген ой-бөліс кеші болды. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Шымкентте Тәуелсіздік құрдастарының «Бабалар рухына тағзым» атты квест керуені жүрді. Инновациялы шараның бағыты Бәйдібек баба ескерткішінен бастау алып, Тәуелсіздік саябағына дейін, квест шарттары бойынша арнайы бағдарламамен өтті. Жылдың келесі бір ірі іс-шарасы — Ұлт-азаттык көтерілістің 100 жылдығына орай «Ұлт-азаттык көтерілісі: тарихи тұлғалар тағылымы» атты оқырмандар конференциясы, «Ұлт-азаттык көтеріліс — Тәуелсіздік бастауы» тақырыбындағы кеңейтілген кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Сондай-ақ, кітапханада Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының — 200, Әлихан Бөкейханның — 150, Қазанғап Байболұлының — 125, Исраил Сапарбайдың — 75, Ерсін Қойбағарұлының — 70 жылдығына орай көлемді іс-шаралар өтті.

-Біздің оқырмандарымызды кітапханамен таныстырып өтсеңіз…

-Біздің кітапханада дәстүрлі бөлімдерден өзге арнайы шет елдер әдебиеті бөлімі, өнер әдебиеті бөлімі, мерзімді басылымдар, арнайы балалар бөлімі бар. Осы тұста балалар бөліміне тоқтала кетейін. Төңірегімізде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша көптеп салынған үйлерге қала тұрғындары қоныстанып жатқаны баршаға аян. Осы тұрғын үй кешенінен келетін біздің жас оқырмандарымыз үшін бұл үлкен қуаныш, бос уақытын қызықты да тағылымды өткізетін мүмкіндік . Тағы бір ерекшелігіміз біздің кітапханада ғасырдан ғасырға жеткен, тарихтан сыр шерткен көне және сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі.

-Балалардың кітапқа қызығушылығы туралы сүйсініп айтып отырсыз,осы ретте қазір жастар кітап оқиды ма ? деген сұрақтың тууы заңды сияқты. Егер оқырман азайды десек оның себебі неде?

 -Қазіргі таңдағы техниканың қарыштап дамуынан кітапханаға бармай-ақ, ақпаратқа қол жеткізуге болатындықтан бұл сауал өзекті. Дегенмен бұл оқырман азайды дегенді білдірмейді. Оқырман бар және оның қатарының көбея түсетінінен біздің үмітіміз бар.

— Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында оңтүстік өңірінің зиялы қауым өкілдері – қаламгерлер мен ғалымдардың еңбегін мейілінше тарату, зерттеу, оқу, зерделеу, жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатымен «Оңтүстік» көрме залы ашылыпты. Осы зал туралы айта отырсаңыз.

 -«Оңтүстік» көрме залы аясында бүгінде жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіһам Шілтерханов, жазушы, журналист Еркінбек Тұрысов, ғалым, абайтанушы, ф.ғ.д., профессор, академик, Мекемтас Мырзахметұлы, ақын, сазгер Исраил Сапарбай, ақын, аудармашы, баспагер, журналист Нармахан Бегалы, жазушы, журналист, драматург Мархабат Байғұт, ғалым, п.ғ.д., профессор, академик Асма Қалыбекова, ақын Әбілда Аймақтардың еңбектері көрмеде тұр. Әрине, бұл жұмыс өз жалғасын табады, көрмеге жаңа есімдер қосылады, өйткені қор жинақталу үстінде. Жуырда ғана оңтүстіктің перзенті, ақын Мұхтар Шахановтың поэзия клубының тұсаукесер кеші өткізілді.

 Өткен ғасырдағы кітапханашы мен қазіргі күндегі кітапхана мен кітапханашының қоғамдағы орны: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Кәсіби шыңдалған кітапханашы деген кім, ол бүгін қандай? Ол қандай қасиеттерге ие болуы керек? Сауалды осылай қойсақ…

 Кітапхана саласы – адамзат санасының даму тарихынын хаттап келе жатқан киелі бір ғылым десек те болады. Ал кітапханашылар – адамзаттың ақыл қазынасының шырақшысы. Ендеше, кітап пен кітапханашы, кітапханашы мен автор, автор мен оқырман, оқырман мен кітап, кітап пен кітапхана, міне , бұлар бір-бірінен ажырамас ұлы ұғым.Кітапхана – адамзат ақылының киелі мекені, ғасырлар бойы боз жусандай бұрқыраған далалық пәлсапаның қағазға түсіп қатталып сақталған қасиетті орны, жан әлемін жақсылыққа жетелеген даналық дарбазасы.Бұрын да солай еді, қазір де солай.

Әрине ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өзгерістер орын алуда, бұл заман талабы. Ал,кітапханашыға келсек, бұл міндетті өзінің кәсібін, кітапты шексіз сүйетін жандар ғана атқара алады деп сеніммен айта аламын.Бүгінгінің кітапханашысы әмбебеп,жан-жақты кітапхананың электронды жүйесі мен дәстүрлі жұмыс жүйесін тең меңгерген.

Кітапхананың электронды жүйесі туралы айтып отырсыз.Ғаламторды оңай көретін оқырман іздегенін интернеттен түгендейді де, кітапханаға келуін доғарады деген пікірлер де бар?

Алдымен электронды қор туралы таратып айтып берейін.Бүгінгі таңда электронды қорды қалыптастыру, қорды сандық форматқа көшіруді ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар бізде де жүргізілуде. Жаңа технологиялардың арқасында кітаптар мен басылымдардың электронды көшірмелері жасалуда. Бұл кітапхананың жаңа жабдығы — Планетарлы ЭЛАР-сканердің соңғы үлгісінің арқасында мүмкін болып отыр. Және бұл кітапқа мүлде зиян келтірмейтін озық технология. Сондай-ақ, «Оңтүстік Қазақстан» электронды мәліметтер базасын құру қолға алынып отыр.

 -«Бір ел – бір кітап» акциясы жүйеленіп, дәстүрге енді. Осы науқанға айналып кеткен жоқ па?

 Науқаншылықтың заманы өтті ғой. Акцияны халыққа тиімді етудің түрлі жағдайлары қарастырылған. Мысалы, биылғы«Бір ел — бір кітап» акциясының кейіпкері азаттық туын жыр еткен ақын Дулат Бабатайұлы. Енді іс-шаралар жоспарына қарайық. «Дауылпаз ақын Дулат» атты шығармалар байқауы, оқырмандар конференциясы, поэзиялық әдеби кештер бар.Қайсысы формальді болуы мүмкін. Байқауға қатысатын шығармашылық әлеует біз де бар, оны қолдан жасай алмайсыз. Оқырман бар, жыр сүйер қауым жоқ деуге ауыз бармайды.Жұмыстың тиімді тиімсіз болмағы ұйымдастыруға байланысты. «Кітапханадағы кеш» мәдени шарасының форматы ерекше, оқырман үшін өте қызықты. Кітаптың оқырманы бар, кітапханаға келушілер де бар, біздегі мақсат солардың қатарын күн өткен сайын көбейте түсу.

-Оқырмандарға,кітап сүйер қауымға айтар тілегіңіз!

Қазақ руханияты өрлей берсін! Қазақтың әдебиеті мен мәдениеті өркендей берсін. Тағылымды кітаптар көп болсын,ойлы оқырмандарымыз

        Зылиха Жантасова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика