tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>«БОЙЫМДАҒЫ КЕМІСІМДІ ТАҒДЫРДЫҢ ТАРТУЫ ДЕП ҚАБЫЛДАДЫМ…»
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>tories/AIJAN.jpg» width=»350″ height=»289″ alt=»AIJAN» style=»float: left;» />Біздің қоғам әлдеқашан адамдарды дәрежесі мен мүмкіндігіне қарай топтастырып қойған.Көзге көрінетін он екі мүшең сау болса сөз жоқ. Ал, бірінде кемістік болса… Бойында кемісі бар пенделерді «мүмкіндігі шектеулі жандар» деп өз ортамыздан бөле жарамыз… Амал жоқ оларда солай өз ортасын қалыптастырады. Солай етуіне қоғам итермелейді. Зағип жандардың өз кітапханасы бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың оқшауланған жұмыс орны да бар. Солай болып келген. Енді-енді ғана солардың кейбірі «сау ортадан» орнын ала бастады.Еліміздегі саясаттың ықпалымен.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Өкініштісі 12 мүшесінің бірі кеміс жаратылған жанды олардың кемшілігі деп қабылдайтынымыз да бар… Бәлкім біздің мына қоғамдағы кінәміз бен әлсіз тұсымыз осы шығар…
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Шын мәнісінде ол олардың кемшілігі емес, бізге қарағандағы әлдеқайда ерекшелігі мен артықшылығы деп қабылдауымыз керек. Сіздің олардың артықшылығы қайсы дегіңіз келіп отыр ма?… Ендеше, пікіріңізді ішіңізге сақтай тұрыңыз. Біз олардың бізден артықшылығын дәлелдеп-ақ көрсетейік.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Сіз балаңызды би үйірмесіне жіберіп көріңізші, балаңыз бара қояр ма екен?! Барған күннің өзінде сіздің мәжбірлеуіңіздің арқасында баруы мүмкін амалсыздан. Бәрінің емес, әрине. Мысалға Сіздің балаңызды алмай-ақ қояйық. Біз Сізге Жақұлова Айжан Оразханқызын таныстырайық. Дәл қазіргі кезде талайды таңдандырып жүрген мың бұралған биші бұл қайсар қыз. Тағдыр тәлкегімен екі аяқтың жансыздануымен арбаға таңылған қазақтың ажарлы аруы. Арбаға таңылған арудың биші болғанына таңырқап отырсыз ба? Биші болғанда қандай! Оның биінен өмірге деген құштарлығы, шексіз махаббаты көрініс табады. Өнерінің құдіреті сізді де мына өмірге ғашық етеді.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Кейіпкеріміздің туған жері Созақ ауданы. 1990 жылы қаңтар айының 10- жұлдызында дүние есігін ашқан Айжан жақында ғана Қарағанды қаласында өткен «Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасындағы би байқауында» бәрінен озық шығып І-орынды иеленді. Артынша Алматы қаласындағы республикалық би байқауында да даралана көш бастады. 5 бөлімнен құралған жарыста 3 алтын, 2 күміс медальды шыңдалған өнерінің арқасында жеңіп алды. Өміріндегі қиындығына қарамай жеңіс тұғырында тұратын Айжан есімді аруға бізде таңдандық. Жеңімпазды жеңісімен құттықтай барған біз Айжанды әңгімеге тарттық.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Айжан қатарынан келген жеңістерің құтты болсын! Көріп отырмыз, арбаға таңылған күйінде екі аяғы сау адамнанда биікте тұрсың. Осыншалық жігер-қайраттың сыры неде?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Рахмет. Білесіз бе, жеңістен кейін өмірге деген құштарлығым бұрынғыдан да арта түсіп, бойымда бір күш пайда болғандай. Қатты қуанып отырмын. Әр жасаған қадамыңнан нәтиже шығып отырған сайын өз мүмкіндігіңді ұмытады екенсің. Тіпті, барлық нәрсе қолымнан сөзсіз келетіндей сезімдемін. Өзімді жігерлендірген өмір сүруге деген құштарлық, арбаға таңылған емес, алға жетелеген «АРМАН» атты алтын сезім.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Бала кезімдегі арманым биші болу болатын. Сахнада жүргенді қатты жақсы көруші едім. Сау кезімде би үйірмесіне барып арманымның алғашқы қадамдарын жасап жүргенімді еске алсам сол сау аяқтарымды аңсап кетемін. Бірақ… сол кішкентайымдағы бала арманым арбада таңылған күйімде орындалады деп ойламаппында. Тіпті, үш ұйықтасамда түсіме кірмепті.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Қалай ойлайсыз осы дәрежеге сау кезіңізде жете алар ма едіңіз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Себепсізден себепсіз ештеңе де болмайды. Бәлкім менің бала кездегі арманымның жүзеге асуына осы арба себепші болған да шығар. Әбден мүмкін. Дәл осылай арбаға таңылған күйімдегі жетістігіме сау кезімде әбігерленіп тырысқаныммен жетпеуім де ғажап емес еді ғой. Бұл арбада таңылған жақсы дегенім емес… Әйткенмен, мен бұл үшін өкіне алмаймын. Өйткені мүмкіндігімнің аздығына қарамай алпауыт арманның алдында өзіңді биіктен көру үлкен мәртебе. Мәртебесі сол, сау адамның қолы жетпей жүрген арман менің басыма қонып, өміріме емін-еркін келіп жайғасты. Бақыт құсын қолына қондыра білген адамның өмірге өкпе артар кезі болушы ма еді?! Жоқ… Жағымсыз ойдың жетегінде кететіндей мына ғажайып өмірдің шикіөкпе пендесі мен емес… Шүкір. Түсінгенім мақсатқа жету жолында ештеңеде кедергі бола алмайды екен.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Талай жеңістерді табандылығыңыздың арқасында табындыра білдіңіз. Көздеген мақсатыңызға жетіпте үлгердіңіз. Ендігі жоспарыңыз қандай?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Жолымыз жаңа ғана басталды ғой. Әлі де талай асуды бағындырсам деген ниетім бар. Тоқталып қалудан қорқам. Адам тоқталған уақытысында өзінің мүмкіндігін шектейді. Менің қорқатыным сол, мүмкіндігімді шектегім келмейді. Мүмкіндігімнің шексіз екенін көрсеткім келеді. Арбада отырып-ақ барлық нәрсенің мүмкін екенін дәлелдегім келеді мына қоғамға. Тоқтап қалмауым керек. «Адам бойында кемеңгерлік талант болса да өнердің кемелденуіне тек ұлы еңбекқорлардың ғана қолы жете алады» дейтін И.Е. Репиннің сөзін өмірлік қағидама айналдырғам. Шынында да таланты да шыңдайтын, өз дәрежесіне жеткізетін де еңбек. Еңбексіз нәтиже шығара алмайсың.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Қалай болды өзі? Арбаға таңылған арудың өмір табалдырығынан аттағанда екі аяғы сау м а еді?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Қалай болды дейсіз бе?.. Осыны еске алсам, мектептегі оқушы қыздың шашына ақ бантигін тағып тынымсыз жүгіріп жүрген кезі келеді көз алдыма. Тыным таппайтын… Әттең…
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>11-сыныпты жан-дүнием сезімге толып, бал-бұл жанып аяқтаған кезіміз. Студенттік өмірге құштарлана жоғарғы білім ордасына асығып жүрген уақыт… Сол кезде үзілді сау кезім… Омыртқа тұсымдағы бір ақаудың кесірі міне, арбаға мінгізді. Жасалған отаның менің аяғымнан тұрғызып жіберуге дәрмені жете қоймады. Ол үшін біреуді жазғырудан аулақпын. Сол үшін өмірге наз да айтқан емеспін. Уақыт өте келе арманымды арқалатқан мына өмірге риза боп, бойымдағы кемісімді тағдырдың тартуы деп қабылдадым… Біреуге кінә артқанда жоқпын ол үшін. Дәрігерлер тұрып кетесің деген үмітпен демеу берген. Сол үмітім әлі де үзілген жоқ шынымды айтсам.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Мына даладағы шауып жүрген адамдарды көріп кейде өкінетін кездеріңіз бола ма? Бәрібір де салыстырмалы ой жүреді ғой ішкі дүниеңізде.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Білесіз бе? Даланың салқын ауасы ақырын ғана тереземнен есіп тұрғанда бір терең ойдың ішіне енемін. Өз бөлмемде… Жаныма талай қиялдар кіріп шығады,жүрегімді тербейді. «Әттең… менде жүгірсем ғой» деген ойдың болатынын несіне жасырайын. Бірақ, өкініштер емес бұлар. Мен өкінбеймін. Кей-кездері құрдымға кетіп бара жатқан ойымды дәл сол заматта біреу тереземді тақылдатып жігерлендіріп тұратындай. Өзге ғаламнан бір тылсым келіп «өжет бол» деп өткірлеп кететіндей. Сол бір ғажап ойды саялап, ұйықтапта кетемін кейде. Сол ұйықтаған күйі таңертең сау аяқпен оянатындай боламын. Балалық шақта қара жердің қаттылығын басып өскен екі аяқты тағыда қара жерді сезініп басатындай сезінемін. Армандағанның айыбы жоқ шығар. Таңертең оянсаң… сол қалпы… сол жансыз мүше… Бірақ несіне өкінемін ол үшін. Таң азанда оянғанның өзі бақыт мен үшін. Сәл мұңая бастасам «оянбай қалсам қайтер едім?» деген ойға ерік беріп өзімді қайта жігерлендіремін. Тәңірдің құдіреті шексіз. Бәлкім маған өмірге деген құштарлықты ұғындырау үшін тағдыр осы сынағын берген де болар.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— Тәңірдің құдіретіне шексіз сенген биші қыздың мына өмірдегі жақсы көретіні не нәрсе екен?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Тырсылдап жауған жаңбырды жақсы көремін. Әсіресе, аспанның нөсерлетіп тұрған кезінде терезе алдында отырғанды. Сондай уақытта өзімді ерекше бақытты сезінемін. Жаңбырдың қаншама нәрсеге пайдасы мол. Шыныменде нұр емес пе? Нөсерлеткен нұрға малыну жанымның ең бір мықты емі секілді. Жазғы жауған жылы жауынның сіркірегенінен өзгеше ләззат аламын. Аяғыңнан тұрып билеп кететіндей күйде боласың ол кезде. Сол үшін шығар жылы жауынды жақсы көретінім. Сәл ғана мұңайсам, я болмаса кеудемді қуаныш кернесе жауын жауса екен деп тілеймін.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Қандай ортада болғанды қалайсыз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Мені қабылдаған орталардың ешқайсысында жатсынбаймын. Кез-келген ортада жүре беремін. Тек пиғылдары мен пейілдері, түсініктері түзу болса ғой. Шынымды айтсам өзіммен тағдырлас адамдардың ортасында болғанды ұнатамын. Өйткені ол жандармен ойың да, ойыныңда бір жерден шығады. Одан кейін олардың қасында өзіңнің кемшілігіңді байқамайсыңда, тіпті ойламайсыңда. Керек болса ұмытып та кетесің. Тағдырымыз ұсқас болғаннан ба бірімізді-біріміз жақсы ұғысамыз.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Сіз арқалаған арман асқақтай берсін. Үмітіңізге үзілместей үміт, жігеріңізге жібіместей беріктік тілейміз. Әңгімеңізге үлкен рахмет. Айжанның өнері өрге жүзе берсін!
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>P.S Өткен жылы осы Айжанмен тағдырлас, танымал әнші Роза Мұса туралы сыр шерткеніміз есіңізде болар оқырман. Сонда Роза: «өмірден шынашақтай кезінде көз жұматын балғын сәбилердің қасында біздің өмерге өкпе артқанымыз кешірілмейтін күнә» деген болатын. Иә, биші қыздың да санасында дәл осындай ой жатты… Айтпады. Жігерлі Айжанның жанары үнсіз ғана сөйлеп тұрды. Жасаурады, мұңайды, шаттанды.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Тағдыр Айжанның аяғына тұсау сала алғанымен, асқар тауды жарып өтер арманына тұсау сала алмапты… Оған себепкер өжет қыздың қайсарлығы мен өмірге деген құштарлығы. Өмірді шын сүйе білген жанның әрекеті осылай болса керек-ті. Тағдыр сынағына түскен шағында тайсалмаған арудың алдында бізде өзімізді әлдеқайда төмен сезіндік. Солай болуы да тиіс еді.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Әуелдегі сау аяқтың тағы сол сау қалпына қайта келерінен үмітті Айжанның әлі талай арманы бар. Өз биігінде тұрған аруға біз шынайы мақтау айтып тарқастық. Үміті үзілмеген арудың алдында бізде осылайша аз ғана міндетімізді орындап, тағы да үміт пен демеу беріп қайттық. Ол біздің азаматтық бір парызымыз іспеттенді.
tom: 10pt; text-align: right; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Жарылқасын ШЫНАРБЕКҰЛЫ
Leave a Reply