«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Әлімжан Өмірзақұлы Үлесбеков қаланың сәулеттік орта дизайны, сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беру және мекен-жайды тіркеу тақырыптары жайында әңгімелеп берді.
– Құрметті Әлімжан Өмірзақұлы, өзіңіз басқаратын бөлімде қанша қызметкер бар және қандай қызметтер көрсетесіздер?
– Басқарманың мен басқаратын сәулеттік орта дизайны, сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беру және мекен-жайды тіркеу бөлімінде 6 маман қызмет атқарады. Оның ішінде үшеуі мемлекеттік қызметші, бас мамандар, және 3 келісім шарт негізінде жұмыс атқаратын мамандар.
Бөлім жалпы 3 салада жұмыстар жүргізеді. Олар: жылжымайтын мүлік объектілерін айқындау бойынша анықтама беру, екіншісі сыртқы жарнама нысандарын реттестіру, және үшіншісі бөлімнің атауы айтып тұрғандай, сәулеттік орта дизайнын іске асыру барысындағы сәулеттік жобаларды келісу салалары.
Жылжымайтын мүлік объектілерін айқындау жайына келетін болсақ, бөлімде осы саланы атқаруға 1 бас маман және 1 келісім шарт негізіндегі мамандарға жүктелген. Осы мемлекеттік қызметті атқаруға 1 күн ішінде орта есеппен 100-ден аса өтініштер келіп түседі. Кейде бөлімнің бар маманы жабылып істейтін кездер болса, кейде қалыпты жағдайда атқарып шығып жатамыз. Сыртқы жарнама нысандарына келсек, онда да 1 бас маман мен 1 келісім шарт маманы қызмет атқарады. Сәулеттік жобаларды келісу бойынша да 1 бас маман мен 1 келісім шарт маманына жұмыстар жүктелген.
Нобайлық жобаларды келісу бойынша жыл басынан бері 571 өтініш түсіп, қанағаттандырылған. Бұл жұмыстың барлығы біздің бөлім көрсететін мемлекеттік қызметке жатады. Сол себепті, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан сәулеттік ортаға байланысты келісілу жөнінде өз ұсыныстары да болып тұрады.
Бөлім бұл аталған қызметтерден бөлек, абаттандыру жөнінде ұсыныстар беру, қаланы әсемдеу, көркейту бойынша жобалық жұмыстар ұсыну жайында жағдайлар туындап жатады. Осындай жұмыстарды да қоса атқарамыз. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын айқындау жөнінде жыл басынан бері 5 мыңға жуық өтініш қаралған және мерзімін бұзған жағдайлар орын алмаған.
– Жылжымайтын мүлік бойынша өтініш беру тәртібі, олардың сіздерге жету жолы қандай?
– Жылжымайтын мүлік бойынша өтінішті Азаматтарға арналған үкімет порталы арқылы беруге болады. Басқаша айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО, ЦОН) арқылы бере алады. Қала тұрғындары өздері тұратын аудандарына қарай ХҚКО бөлімшелеріне барып, жылжымайтын мүлік нысанының мекен-жайын айқындау бойынша өтініш беру керек.
Аталған өтініштер біздің басқармаға келеді де, біздің мамандар мүліктің орналасқан жеріне барып, айқындайтын жұмыстар атқарады. Мамандардың нысан басына баруға тура келу себебі, өздеріңіздер де білесіздер, бұған дейін қаланығң кейбір аймақтарындағы көшелердің тіпті атауы да болмаған кезер болған. Көше атаулары берілгеннен кейін тұрғын үйлердің реттік нөмірін анықтап беру мақсатында нөмірлеу жұмыстары жүргізіледі.
– Мекен-жайларды тіркеу дегенде, мүлікті тіркеу үшін қандай құжаттар керек?
– Ол үшін тұрғын үй немесе жер телімінің иесі жеке куәлігі көшірмесі және жазбаша өтініш берілсе, сол жеткілікті. Сол өтініштің өзі біздің мекемеге қабылданады.
– Бөліміңіздің атауы да айтып тұр, «сыртқы жарнамаға рұқсат беру» деп. Рұқсат беру тәртібі жайында айтып беріңізші.
– 2019 жылдың қаңтарында «Жарнама» туралы ҚР заңына өзгеріс енгізілген. Сол өзгеріс енгізілгенге дейін біздің алдымыздағы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан 1 жылға дейін рұқсат беретін.
Қазіргі уақытта өзгеріс енгізілуіне орай, жарнама орналастырушылардан орнатылатын жарнама бойынша хабарлама беріледі. Сол хабарламамен берілген жарнамаларды ғана аламыз да, салалық органдарға мәлімет беріп тұрамыз. Бірақ, бұл қызмет өкінішке қарай мемлекеттік қызметтер санатына жатпайды. Тек хабарландырумен ғана жұмыс жүргізіледі.
– Сыртқы жарнаманы орнату бойынша көбіне қандай құқық бұзушылықтар орын алып тұрады?
– Өздеріңіздер де білесіздер, қазіргі уақытта қалада көптеген жарнама нысандарында құқық бұзушылықтар орын алатын жағдайлар көптеп кездеседі. Мәселен, кіші коммерциялық нысандардың кіреберісіне, қабырғаларына ешбір рұқсатсыз, басқада құжаттарсыз іліп қоятындар көп. Осы мәселе бойынша біздің мамандар қаланың аудан әкімшіліктерімен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ол жөнінде арнайы іс-шара бекітілген. Түсіндіру жұмыстары кезінде ҚР заңдылықтары: «Жарнама туралы», «Тіл туралы», және өзге де заңдар талаптары түсіндіріледі.
Түсіндіру нәтижесінде бейберекет орналасқан жарнама иелері жарнамаларын алып тастайды. Жалпы, жыл басынан бері осындай рұқсатсыз жарнама орнатқан 2700-ден аса нысандар анықталған болса, оның 2300 шамасындағы нысандарында жарнамалар орнынан алынған. Ал, қалған нысандар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Жаңа ғана өз сөзіңізде жарнама орнастыру ісі бойынша «Тіл туралы» заңның да талаптарының орындалуын қадағайтындарыңызды айтып қалдыңыз. Егер, орнатылған жарнамада қаталер болса қалса, тұрғындар сіздердің мекемелеріңізге жүгіну керек пе?
– Егер, «Тіл туралы» заңның талаптары бұзылатын болса, біздің мекеме уәкілетті орган емеспіз, бірақ, түсіндіру жұмыстарын атқаратын болғандықтан жанамалап қана әсер етуіміз мүмкін. Жалпы, тіл жайындағы заңдылылқтардың орындалуына уәкілетті орган – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы. Сол басқармамен келісіліп атқарылатын шаруалар бар.
– Жалпы, бөлім тарапынан қанша мемлекеттік қызмет көрсетіледі?
– Бөлім тарапынан 2 мемлекеттік қызмет түрлері: жоғарыда аталған жылжымайтын мүліктердің мекен-жайын айқындау және сәулеттік жобаларды келісу (соглосование эскизних проектов) қызметтері көрсетіледі.
Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша жыл басынан бері 15 мыңға жуық өтініштер қанағаттандырылды. Ал, сәулеттік жобаларды келісу бойынша 571 өтініштер қаралған.
– Сәулеттік орта дизайны дедіңіз, қаланың сәулеттік мәселелері бойынша сіздердің мекемелеріңізге жүгіну керек пе? Ұсынысты өздеріңіз бересіздер ме?
– Біздің мекеме көбіне, алдында айтылғандай, нобайлық жобаларды келісу үшін 571 нысан қаралды дедік қой. Олардың көбісі кәсіпкерлік, инвесторлық нысандар, сондай-ақ, мемлекеттік те мекемелер бар.
Нобайлық жоба берілген сәттен бастап, біздің мамандар барлық сызбаларды қарап, етене танысып шығады. Құрылыс салынатын жердің ортасына сәйкес болуы, үйлесуі мақсатында басқарма тарапынан өз ұсыныстарымызды береміз. Яғни, түстік шешімдерін, көркейтілу, абаттандыру мүмкіндіктерін қарастырамыз.
– Жаңа ғана 2 түрлі мемлекеттік қызмет көрсететінін айттыңыз. Олар электронды түрде ме, әлде қағаз форматында ма?
– Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын айқындау бойынша қызмет жартылай қағаз жүзінде. Яғни, ХҚКО-нан біздің мекемеге келуіне байланысты. Егер, өтініш беруші ХҚКО арқылы тапсырылған жағдайда ол мекеменің курьерлері құжатты басқармаға қолма-қол жеткізеді, бізде тіркеледі, бөлім тарапынан қаралған өтініштер нәтижесі қайтадан шығыс нөмірі тіркеліп, куреьер арқылы қайта қолма-қол жолданады. Сондай-ақ, осы 2019 жылы әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан halyk.saulet.kz дейтін сервер іске қосылған болатын. Ол интернет ресурста әрбір өтінім беруші өзінің электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады. Осы интернет көзі арқылы электронды түрде жыл басынан бері 4,5 мыңдай өтініштер қаралған.
Ал, сәулеттік эскиздік жобаларды келісу бойынша, elicense.kz деп аталатын электронды лицензиялау порталы арқылы жүзеге асыралады. Яғни, басқарама тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін алу үшін біздің бөлімге келудің қажеті жоқ, барлық қызмет түрлерін электронды түрде ала берсе болады. Яғни, өтінім беруші мен қызметкерлер арасында тікелей қатынас болмайды. Барлық қызмет түрі ХҚКО, немесе elicense.kz порталына жүгіну арқылы атқарылады.
Тікелей эифрдегі сұқбатты жазып алған С.ҚҰДАБАЙ
Leave a Reply