Ашық сабақ: «Ұсақ моншақтан гүл жасау»

tories/66 .jpg» width=»329″ height=»239″ />Шымкент қаласы Қазығұрт № 66 жалпы орта мектебінің технологияпәні мұғалімі: Бейсенова Гулнара Ержанқызы

 «Ұсақ моншақтан гүл жасау»

 Мектеп өмірінде еңбек сабағының бала үшін ролі өте зор. Олай дегенім: ұсақ заттармен жұмыс жасау арқылы балаларды төзімділікке баулып,сұлулыққа қызығушылығы артады. Өнерге деген құрметін қалыптастырып, есептеу, түстерді дұрыс таңдау, өз бетінше шешім қабылдай алу қабілеті оянады.

Бисерді қол өнердегі маңызын түсіндіріп, әшекейлеу жұмыстарын дұрыс қолдана білуді үйретемін.Осы мақсатта өзімнің бір сабағымның жоспарын үлгі ретінде көпшілік оқырманға ұсынуды жөн көрдім.

Моншақпенсәнді жұмыс жасау тарихы өте, арыдан басталған екен. Өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнерішеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі,
сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген.Адам баласы ерте кездің өзінде тұрмысына қолданатын заттарынтүрлі дән, жидек, ұлу және түрлі тастарды қолдан езілген үзілмейтін шөптерге,аттың қылына тізіп, тігу, тоқу арқылыбезендіре білген.

Моншақты неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі
моншақ, сумоншақтар алмастырады.

Су моншақты ең көп шығаратын елЖапония. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел Финикия. Моншақ ертеде тау хрусталі мен ақық тастардан даярланған. Ақық, меруерт, маржан, інжу моншақтар барлық халықтарда, қазақ арасында да кең тараған.

      Бағалы тастарға-алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғиінжу, александрит, жартылайтастар-ай тасы, берилл, гранат, көгілдір ақық,топаз, т.б.әшекейлі тастарға-малахит,янтарь, маржан, лазурит, яшма т.б. жарқырауық тастар жатады.

Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүргенмоншақтардың өзіндік тарихы бар.

Уақытталабына қарай моншақ, сумоншақтармен және технологиялық кестелеу  өнеріарқылы панно картиналар жасалады. Живописке жазылған    картинадағыдай  түрлі-түсті өңі бар етіп, сумоншақпен де картина кестелеуге болады. Жаңа сабаққа байланыстыра отырыпеңбек туралы мақал-мәтел айтып оқушылар бір-бірімен жарысады.  Жаңа сабақты қалай меңгергендерін білу үшін оқушылар сөзжұмбақты шешеді.

 

Сөз жұмбақ

  1. Моншақты тоқуда керекті
    заттың бірі?
  2. Су моншақты ең көп
    шығаратын ел?
  3. Әйнекті тұңғыш ойлап
    тапқан ел?
  4. Шашқа тағатын әшекей?
  5. Бағалы металл?
  6. Мойынға тағатын әшекей?

Ұсақ моншақтан жасалған гүлдер, өрнектер.

 Біз ұсақ моншақтардан гүл дайындап көрейік.

Бұл гүлдердің (1-сурет) күлте жапырақшалары үшкіл, түсі қызғылт сары. Гүлдің күлтелері бес-бестен. Оған моншақтардан жасалған гүл де сәйкес келеді. (3-сурет) Осындай гүл жасап көрейік

 

Бұл үшін мыналар қажет:

  1. Түрлі-түсті ұсақ
    моншақтар.
  2. Жіптің жуандығындай,
    ұзындығы 15-30 см
    мыс сымдар
  3. Жіптер.
  4. ПВА желімі
  5. Қайшы.

 Әрбір күлтелерді жеке-жек орындайды.             Екінші қатарда – 2 моншақ

1-суретті мұқият қарап, оқиық.                             Үшіншіде – 3 моншақ

Гүлдің 5 күлтесі бар.                                             Төртіншіде – 2 моншақ

Бір күлтені қарап көрейік.                                     Бесіншіде – 1 моншақ бар

Күлтеде неше қатар бар? (2-сурет)                       Енді қанша моншақ керек екендігін              

Бес қатардан                                                           анықтап аламыз.

Бірінші қатарда – 1 моншақ                                Бір күлтеде моншақ саны – 9 (2-сурет
бойынша)

                                                                                            

    Күлте жасау

 Мыс сымға бір моншақты кигіземіз. Оны, 4-суреттегідей етіп, сымның ортасына ілмектеп бекітеміз. Екінші қатарда сымның екі ұшынан екі моншақ енгіземіз (5-сурет). Үшінші қатарда — сымға үш моншақ кигіземіз (6-сурет). Төртінші қатарда сымның екі ұшынан тағы да екі моншақ енгіземіз. Бесінші қатарға — бір моншақ. Күлте жасалып бітті. Сымның ұштарын біріктіріп, бұрап бекітеміз. Күлтені (7-сурет) схемамен (3-сурет) салыстырыңдар. Әр қатардағы сым біркелкі тартылуы тиіс.

 Су моншақпен жұмыс жасау арқылы өзімізге қандай дайындық алдық?-деп сұрап сабағымды қорытамын.

{jcomments on}

 

 

 

 

                                                                               

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика