«Ақжол» партиясының сайлауалды бағдарламасы: ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ

Н.Назарбаевтың президенттік жүйесі еліміздің тәуелсіздік бастауында мемлекеттік институттардың қалыптасуында, түбегейлі нарықтық және қоғамдық реформаларды жүргізуде және басқа елдермен қарым-қатынас орнатудағы тарихи миссиясын орындады.

Келесі кезеңге Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде аяқ басты. Ал ендігі мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдер керек.

Мысалы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері болып жатқан оқиғалар вертикалды басқару жүйесінің кемшіліктерін әшкерелеп көрсетті. Алқоғамда шиеленіскен пікірталастар ел тәуелсіздігінің басты қауіп-қатерлерінің ауқымын ашып көрсетті, олар:

– бюрократия мен сыбайлас жемқорлық,

– әлеуметтік әділетсіздік және байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық,

– экономика мен билікті монополияландыру.

Жарты жылдық карантин кезінде халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Шағын және орта бизнес құлдырады. Бюджет қана емес, сондай-ақ Ұлттық қордың трансферттері қазіргі қажетіліккежұмсалып, соның өзінде талан-таражға салынуда. Қоғамда мемлекеттік институттарға сенімсіздік күшейіп, халық билік монополиясынан қажи бастады.

ЕЛІМІЗГЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДА, САЯСИ ЖҮЙЕГЕ ДЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ

Аталған өзгерістерді тым соза берудің қауіптілігі сонда, бұл – Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Ал, Тәуелсіздіктің ең басты кепілі қару емес, өз мемлекетін сыйлайтын, бағалайтын азаматтық қоғам болуы керек.

Сондықтан, қазіргі билік моделіне бір ғана балама бар – ол терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыруы қажет.

«Ақ жол» демократиялық партиясы ЖАҢА ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАНҒА апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынады.

I. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ «АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық мүдделер – мемлекеттің негізгі басымдықтары. XX ғасырдағы «Алаш» ұлттық автономиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан: «Мемлекеті жоқ халық – жетім» деді. Ал, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздік үшін құрбандыққа аянатын ештеңе жоқ» деп атап өтті.

–Тәуелсіздік – ол біздің еліміз, жеріміз, тіліміз бен діліміз. Тәуелсіздік бастауында – қазақ халқының еркіндігі мен елдігінің негізінде «Алаш» ұлттық идеясы жатыр. Қазақ елі үшін Алаштан артық идея жоқ.

«Ақ жол» демпартиясының депутаттары 2007 жылдан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның парламенттік мінбесінен Алаш ұстанымдарын мемлекеттік деңгейде көтеріп келе жатыр.

–«Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуды қолдайды. Қазақ тілін экономикамен қаржы саласына, мемлекеттік басқару мен шетелдік инвесторлардың жұмысына мемлекеттік мәртебесіне сай енгізуіміз керек.

– Биыл «Алаш» автономиясынан бастау алатын және қазіргі Қазақстанның негізін қалаған Қазақ республикасына 100 жыл толды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл тарихи датаны ресми атап өтуді және «Қазақстан» атауын тарихи бірегейлігімізді білдіретін Қазақ Республикасы мемлекеттік атауына қайтаруды жөн деп санаймыз.

– «Ақ жол» демократиялық партиясы қазақ халқына әдейі жасалған Ашаршылықты халықаралық деңгейде зұлмат (геноцид) деп тануға шақырдық. Большевиктер әскерлерінің коллективизация кезіндегі жүздеген қазақ көтерілістерін жаншып басуын, өз

ауылдарын құтқарамын деп, басын өлімге тіккен батырлардың ерлік істерін қайта қарау керек деп санаймыз.

Тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін, біз де-коммунизация саясатын партиямыздың ресми бағытарының бірі деп жарияладық.

– Жер – «Алаш» ұлттық идеясының ең өзекті мәселесінің бірі болды.Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы шетелдіктерге жерді беруге қарсы шыққан көптеген митингілерден кейін жерді сатуға жарияланған мораторий мерзімі аяқталады.Осы кезде «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің жер комиссиясына – сепаратистік пиғылдарды болдырмау мақсатында шетелдіктерге жерді сатуды ғана емес, біздің елмен шектесіп жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді жалға беруге де тыйым салуды ұсынды.

Алайда шенеуніктер осы ұсынысты комиссияның қорытынды хаттамасына енгізбеді.

Осыған байланысты мораторияның аяқталуы қарсаңында біз тағы да Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді сатуға және жалға беруге тыйым салудыүзілді-кесілдіталап етеміз.

– Қандастырымызды тарихи отанына қайтару, елге оралған бауырларымыз бен қарындастарымызды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету және көмек көрсету, олардың Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары ретінде тезірек бейімделіп кету жөніндегі жұмыстарды күшейту керек деп санаймыз.

2017 жылы «Ақ жол» партиясының өкілдері Бейжіңге ресми сапары барысында Қытай Компартиясы басшылығына отбасы мүшелерінің хабарлауынша Қытайда тұтқындалған 112 оралманның тізімін тапсырды. «Ақ жол» басшылығы олардың заң жүзінде тұтқындалғанын тексеруді талап етті. Нәтижесінде тізімдегі 79 азамат босатылып Қазақстанға оралды.

– Қазақстан азаматтығын, сондай-ақ шетелдік жұмысшылар үшін ұзақ мерзімді визаларды беруді ҚР Конституциясының, мемлекеттік тілдің және Қазақстандағы дәстүрлі тәртіп ережелерінің негізгі талаптарын білуге арналған емтиханды тапсырғаннан кейін ғана заңды түрде бекітуді ұсынамыз.

– «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдайды және қоғамның рухани саласын жат секталар мен экстремистік ағымдардың ықпалынан қорғауға ұмтылады. Сонымен қатар, діннің саясатқа, білім беруге және мемлекеттік басқаруға ықпалы тимеу керек; сондай-ақ мемлекеттік органдардың дін ісіне араласуына да жол берілмеуі керек деп деп санаймыз.

– 2012 жылдан бері «Ақ жол» демократиялық партиясы, міне 9 жылдан бері жас ғалымдардың «Алаштың XXI ғасырдағы Ақ жолы» ғылыми конференциясын жыл сайын өткізіп келеді. Онда қазіргі мәселелер Алаш идеологиясының контексінде талқыланады.

Біз «Алаш» саяси мұраларын Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идеясы ретінде қараймыз және олардың мұраттарын мемлекеттік құрылыста, экономика және қоғамда табандылықпен жылжытатын боламыз.

«Алаш» идеясы әр қазақтың туа біткен табиғи төл байлығы мен қазынасы.

«Ақ жол» демократиялық партиясы басқа да қоғамдық-саяси күштермен бұл идеяны бірлесіп жүзеге асыруға дайын. Біздің партияны қоса алғанда, бірде-бір ұйымның «Алаш» идеологиясына «айрықша құқығы» жоқ, өйткені біз дем алатын ауаға және туғаннан бастап бізде бар бостандыққа біреудің құқығын мәлімдеу мүмкін емес.

II. ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

Қазіргі барлық олқылықтарды жоятын бірден-бір құрал – мемлекеттік органдарды қоғамға бағындыру, өкілетті органдардың, яғни парламенттің алдында есеп беруі.

Парламентаризмнің негізгі институттары – Парламент пен жергілікті мәслихаттары. Демократия дегеніміздің өзі – парламентаризм.

1. «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентаризм институттарын күшейтуді және мықты президенттік жүйеден Парламенттік Республика жүйесіне біртіндеп көшуді көздейді.

– «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің құрамын Мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия құруы керек деп санайды, партия қоғам алдында өзі құрған үкіметінің жетістіктері мен сәтсіздіктері үшін жауап беретін болады. Дамыған елдер демократиясындағы тәжірибе осындай.

– Бұл процесстер қисынды жалғасы ретінде қала (оның ішінде мегаполистер) және басқа да елді-мекендер әкімдерін халық партия мен азаматтық қоғам өкілдері арасынан тікелей дауыс беру арқылы сайлауы керек.

– Билік партиясының филиалдарын әкімдер басқаратын тәжірибеден арылу, тіпті оған заң жүзінде тыйым салу керек. Бұл билікті монополияландырудың ең айқын мысалы. Әкімдер шенеуніктің жеке мүдделеріне емес, бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс.

– Парламент пен мәслихаттардың бақылау функцияларын кеңейтіп, қоғамдық резонанс тудырған оқиғаларды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын, билік құрамындағы жемқорлық фактілерді бойынша парламенттік тергеулерді жүргізу құқықтарын беру қажет.

– Мемлекет мүмкіндіктері кез-келген мәселелені шешу кезінде бюджетке байланысты. Сөйткенмен мемлекет қаржысының едәуір бөлігі бюджеттен тыс шығындарға жұмсалады және қоғамнан жасырылады. Сол кезде заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық дамиды. Сондықтан, ең басты міндет – Парламентке барлық мемлекет қаржысының жұмсалуын бекіту мен бақылауды тапсыру маңызды.

* Біріншіден, бұл ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетіне қатысты. Олардың көбі мемлекеттік бюджет қолдауынсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан олар өз шығындары мен жетістіктері туралы қоғамға есеп беруге міндеттеу керек. Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бюджетке алу керек. Егер 5-10 жылдан кейін қандай болмасын мұндай компания бюджеттен ақша сұрайтын болса – ол мемлекеттік ресурстарды пайдаланып, мемлекетке емес, өз қалтасына жұмыс істейтіні анық. Ондай компанияларды таратып, оның орның жеке бизнеске беріп, солар өз қаражатын салып, бюджетке салық төлейтін болады.

* Екіншіден, азаматтар мен бизнес төлейтін түрлі міндетті «мүшелік», «жинақтаушы», «сақтандыру» және тағы басқа төлемақылар қосымша салыққа айналды. Мысалы, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны салымшылардың өзі бақылай алмайды. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына қатысты жанжалдар болып тұрады. Сондықтан бұлқорларды басқаруды, олардың шығындары мен сыйақыларын бақылауды Парламентке беру керек.

* Үшіншіден, демократиялық елдерде бюджеттік бақылауды парламенттік оппозиция өкілдері басқарады. Оның қисыны анық – сайлауда жеңіске жеткен партия бюджетті бөледі, іске асырады, бірақ, қарсыластары қадағалап отырады.

Осы заңды пайдалана отырып, кезең-кезеңмен билік монополиясын тежемелер мен теңестірмелер жүйесіне айналдыру қажет.

– Бүгінде заңға сәйкес депутаттардың бюджеттік ұсыныстары Үкіметтің келісімінсіз қаралмайды да. Ал, сайлаушылар сенімін министрлерге емес, Парламентке артады ғой. Егер Парламенттің тікелей қаржыландыру өкілеттігі болса, көпбалалы отбасыларда тұрғын-үй жетіспеушілігі болмас еді. Ашық аспаннан бомба жаудырған оқ-дәрі қоймалары Арыс қаласының маңынан 10 жыл ішінде көшірілген болар еді, бұл қаланы қалпына келтіруден он есе арзан. «Ақ жол» демократиялық партиясы Парламентке бюджеттің 1% бөлігін сайлаушылардың қоғамдық маңызды аманаттарын қаржыландыруға (бюджеттік процедуралар арқылы) бөлінгені жөн деп санайды. Квазимемлекеттік компанияларға миллиондаған сыйақы бергенше, теміржол үстінен өтетін жолаушылар көпірін немесе ауыл көшесіне асфальтталған жол төсеу әлдеқайда маңыздырақ.

2. Әділ сайлау– кез-келген елдің демократиялық ашықтығы көрінісі болып саналады. Қазақстан азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау, сайлаулардың бұрмалануын болдырмау мақсатында сайлау реформаларына мұқтаж.

– Сайлау кампаниясынан «ыңғайсыз» үміткерлерді түсіріп тастауға тыйым салынсын. Үміткерлердің салық декларацияларында рұқсат етілетін межелер белгіленуі керек.

– Сайлау туралы айтқанда, тағы бір өзектісі – сайлауалды компаниялар кезінде әкімшілік ресурастарды қолдану мәселесі. Студенттерді сайлауалды іс-шараларға мәжбүрлеп қатыстырған, олардан кімге дауыс бергені туралы есеп беруді талап еткен және тағы басқа әрекеттерге барған басшылар қызметтен бостатылуы керек.

Жастарға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беруге міндеттіміз. Ақ жол демократиялық партиясы біздің жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық абыройын қорғауды талап етеді.

– Сайлау процедураларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын уақыты жетті. Өйткені азаматтардың даусын ұрлау немес бюллетендерді қосу арқылы сайлау тәртібін бұзатындар билікті заңсыз басып алуды жүзеге асырады. Олардың дауыстарын ұрлау – билікке ие болу, яғни билікті басып алу. Мұндай іс әрекеттер үшін жазалайтын кез келді.

– Жаңа саяси партияларды 10 мың мүшеге дейін тіркеумен жеңілдету, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда партиялық өту шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету де қажет деп санаймыз.

– Біздің таңдауымыз, «Ақ жол» демократиялық партиясының таңдауы – бұл еуропалық даму жолы, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдер, еуропалық өмір сапасының стандарттары.

Бұдан басқа «Ақ жол» демократиялық партиясы келешекте еуропалық тәсілдерді енгізуді ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық одаққа кіруі туралы мәселені көтеруді де қарастырады.

ІІІ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ОФФШОРДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРДЫ ҚАЙТАРУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оффшорға шығарылған миллиардттарды елге қайтару –«Ақ жол» демократиялық партиясының приоритеттерінің бірі.

Біз парламенттік мінбеден Үкіметпен Бас прокурордан офшорға кеткен капиталдардың Кипр (2013 жылы), Швейцария (2015 жылы), «Панама тізімі» (2016 жылы) және «Жұмақ досьеден» (2017 жылы) қайтаруды талай рет талап еттік.

Халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, тәуелсіздік жылдары заңсыз 160 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат елден сыртқа шығарылды. Бұл сома Қазақстанның сыртқы қарызының сомасымен пара-пар.

Грузия тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты құрал – шенеуніктердің халық алдындағы есептілігі.

– Түзету мекемелері жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуғазаңнамалық түрде тыйым салу қажет деп санаймыз. Бұл ұсынысты «Ақ жол» депутаттары 2019 жылы енгізді, бірақ Үкімет пен Бас прокуратура оны қолдамады.

– Сонымен қатар, біз тіпті жазасын өтегеннен кейін де сыбайлас жемқорлардың емін-еркін жүруі, шетелге шығуы мен меншікті басқару құқықтарын шектеуді ұсынамыз. Бұл шара олардың жасырған ақшасына қашып кетпей, капиталды Қазақстанға қайтару үшін қажет. Ондай жемқорлар өз еліне инвестиция салып, отаны үшін лайықты қызмет етсін.

– Ашық емес шарттарда шетелде тауарлар мен жабдықтарды сатып алу түрінде мемлекеттік қаражатты ұрлау мен шығарудың жолын кесу, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік

сектордың сатып алулары бойынша келісімшарттарды орындаушыларға шетелдік оффшорлық юрисдикцияларда тіркелген кәсіпорындармен мәмілелер жасауға тыйым салынсын.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды құралы биліктің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есептілігі болып табылады. Баспасөздің аузын жабуға болмайды, «Ақ жол» демократиялық партиясы әшкерелеуші жарияланымдар үшін журналистерді қудалауға жол бермей, оларды қорғау жолында қызмет етеді. Біз журналистің мақаласы үшін жала жабу туралы қылмыстық іс қозғауды алып тастап қана қоймай, оны әкімшілік кодекстен шығарып, азаматтық құқықтық қатынастар саласына көшіру қажет деп санаймыз.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір басымды бағыты – шенеуніктердің оффшорлық аймақтардан халықтан алынған миллиардттаған қаражатты ел игілігіне қайтару болып табылады.

Сыбайлас жемқорлардың «аяғының астында жер өртеніп жатуы» керек және олар қашқанда тығылатын тесік табылмайтын жағдайға жеткізілуі керек.

– Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз заңнамаға сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде «шығу тегі түсініксіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынамыз.

Оффшорлық аймақтарда мүлкі мен ақшасы бар шенеуніктерді олардың байлығының шығу тегін түсіндіруді міндеттеу керек. Түсініктемелер болмаған жағдайда Қазақстан бұл ақшаны тәркілеуге тиіс немесе «түсініксіз байлық» ұғымы қолданыла бастаған жерде орын алуына қарай оны басқа мемлекеттер тәркілеуге тиіс.

Осы ұсыныстардың барлығын «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары өткен жылдары Үкімет пен Бас прокурорға бірнеше рет жолдады, бірақ олардан бас тартқан, жалтарған жауаптарды алуға мәжбүр болдық.

Біз олардың жүзеге асырылуын талап етеміз.

– Грузия тәжірибесіне сәйкес сот және құқық қорғау жүйесін реформалау – демократиялық басқарудың және әділетті мемлекеттің маңызды бөлігі болуы керек.

Судьяларды халықтың өзі сайлауды енгізу қажет.

Судьяның адалдығы мен беделіне кепілдік берілуі керек, қылмыс «серкелермен», қылмыстық немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотталған адаммен кез-келген байланысы болған судья не құқық қорғау органдары қызметкері дереу лауазымынан босатылуы керек.

ІҮ. ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАНДАКЕДЕЙЛЕР БОЛМАУЫ КЕРЕК

Еліміздің басты мәселесі және оның мемлекеттілігіне төнетін басты қауіп –байлар мен кедейлер арасындағы өршіп келе жатқан әлеуметтік алшақтық.

Сонымен бірге, біздің басты байлығымыз мұнай және металл ғана емес, бүгінгі таңда әділетсіздік салдарынан қорлық көріп отырған дарынды және еңбекқор халқымыз деп санаймыз. Бұл мұқтаж жандарға, кәсіпкерлерге, тіпті көптеген мемлекеттік қызметшілерге де қатысты.

Қазақстанда кедейлер мүлдем болмауы керек. Жаратушы бізге табиғи игіліктер мен дарын-қабілет берді, еліміздегі әрбір адамның лайықты баспанасы, лайықты жұмысы болуы керек, оны отандастары да, мемлекет те құрметтеуі керек.

Қазақстан сияқты бай елде ел заңдары, үкімет пен уәкілеттімемлекеттікоргандарата-аналар балаларын емдеу үшін ақша жинап, ал аналары түнде жұмыс істеуге және балаларын қараусыз қалдыруға мәжбүр ететін жағдайларға жол берілмеуі тиіс.

Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін:

– Ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін 7-8%-дан аспайтын етіп шектеуді.

– Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек, онда кедейлікке ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс. Біздің азаматтарды баспанасыз қалдыруға болмайды!

– Халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ және Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Бұл қорлардың қаражаттары, олардың қызметкерлерінің жалақылары мен шығындары ашық талқыланып, Парламентте мақұлдануы керек.

– «Ақ жол» демократиялық партиясы БЖЗҚ-ғы салымшылардың жеке шоттарында жиналған қаражаттарды орналастыруды дербес басқаруға рұқсат беруді ұсынады, мысалы салымдарға кепілдік беру мемлекеттік жүйесінің көлемі шегінде БЖЗҚ-да өз жинақтарын екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне орналастыру. Мұндай депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктердің көлемін ұлғайту жағын да қайта қараған жөн.

Сонда азаматтардың зейнетақы жинақтары неғұрлым жоғары кіріске ие болады, ал банктер экономиканы несиелеуге қосымша қаржы ресурстарына қол жеткізеді.

– Зейнетақы шоттарындағы жиналған қаржыны банктердің депозиттеріне салса, жеткілікті жинақ сомасы Үкімет мәлімдегендей 5-6 миллион теңге емес, 2-3 миллион теңгеболады. Яғни, бұлқаржы тұрғынүй бағдарламаларынаәлеуетті қатысушылардың санын 700 мың адамнан (үкімет болжамдары бойынша) 1,5-2 млн және одан да көп адамға дейін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

– Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қаржаттарын да нақты салымшылармен ұштастыру керек.

Қорда әрбір азаматқа оның төлемдері есепке алынатын оның жеке шоты бекітілу тиіс, онда салымшының өзінің келісімі бойынша оның немесе жақындарының емделуі үшін ақша төленуі мүмкін.

Егер клиент сапасыз емделген жағдайда немесе қанағаттанарлықсыз қарым-қатынас жасалған жағдайларда салымшының мұндай қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқығы болуы керек.

– Ауылдан қалаға көшіп келетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер өндіріс салаларына, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымдар үшін үй-жайлары бар шағын әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс.

Мұндай баспана қарапайым және арзан болуы керек, сонда ғана жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істеп, өздеріне ыңғайлы жағдай жасайды.

– Жас отбасыларын ынталандыру және бала туу өсімін арттыру үшін, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бастап жас отбасылар үшін ипотекалық несиелер бойынша әрбір бала туғанда 25%-тік субсидиялауды ұсынып келеді. Сонда екінші бала туғанда мемлекет ипотеканың жартысын, ал 4-ші бала өмірге келгенде – түгелін өзі жабуға тиіс болады.

Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға арналған. Бірақ ешқандай отбасы бірден көпбалалы отбасы болмайды. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңмен ынталандыру керек.

– Әлеуметтік қорғау ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) емес, ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелуі тиіс, ол толыққанды тамақтануға, киім-кешекке, коммуналдық шығыстарға қажетті шығындарды қамтитын тұтыну корзинасының нақты құнымен айқындалуы тиіс.

– Әр қалада тұрғын үйге кезек ашық қолжетімді болуы керек. Сондықтан әркім өзінің пәтер кезегінің алға жылжуын қадағалап, алаяқтықты анықтай алады. Әзірге пәтерлерді әкімдіктердің шенеуніктері мен олардың туыстары жалға беріп, пайда тауып, бірнеше пәтерлерді алды деген дабылдар ғана түсіп жатыр. Ал мүгедектер, жетімдер мен көп балалы аналар мен отбасылар өздерінің армандаған баспаналарын ондаған жылдар бойы күтуде.

Осыған байланысты, әкімдіктердің берген әлеуметтік тұрғын үйлерін тексеруді ұсынамыз. Егер бұл әлеуметтік тұрғын үйлер басқа адамдарға қайта сатылса немесе жалға берілсе – мұндай пәтерлер алынып, жылдар бойы өз кезегін күтіп тұрған мұқтаж отбасыларына қайта бөлінуі керек.

– «Ақ жол» демократиялық партиясының әлеуметтік саясатының басымдығы – сапалы және қол жетімді білім. Балалардың таланты ата-анасының тұрғылықты жеріне немесе кәсібіне байланысты емес.

Егер де қаладағы дарынды балалар үшін арнайы мектептерде сапалы білім алудың түрлі мүмкіндіктері болса, ауыл оқушыларында мұндай мүмкіндік өте аз.

Сондықтан ауылдық жерлердегі дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің жүйесін құру қажет.

– Тұтастай алғанда, талантты жастардың елден кетуін («ғұламалардың жылысуын») тоқтататын жүйелі бағдарлама қажет. Жыл сайын мыңдаған талантты жас жігіттер мен қыздардың Қазақстаннан кетіп, қайта оралмауы – біздің ұлттық трагедиямыз.

Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, елде өсу мүмкіндіктері басқа кез келген шетелге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы керек.

– Мұғалім еңбегінің ел болашағы үшін баға жетпес маңызын ескере отырып оқытушының жалақысын Еуропа елдері деңгейіне көтеріп, оны еш қажеті жоқ есеп-қисап қағазбастылық пен өз жұмысынан басқа жүктемелерден босату, оның ішінде сайлау комиссияларына қатысуды шектеу керек.

– Пандемия кезіндегі оқиғалар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықсыздығы мен мүшкіл жағдайын ашық көрсетті. Педагогтардың мәртебесі туралы қабылдаған заң секілді, «ДӘРІГЕРЛЕРМЕН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» арнайы Заң қабылдап, олардың адами, материалды және де кәсіпқой жағдайын қорғап, тәуекелді төлемдерін бекіту қажет.

Ү. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлікті қолдау экономикалық әлеуетті дамытудың құралы ретінде ғана емес, ең алдымен жұмыссыздық мәселесін шешудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қазақстандықтарды табыс көздерімен қамтамасыз етудің басты құралы ретіндегі маңызы зор.

Біз саяси реформалар жүргізілмейінше экономикадағы өзгерістер болуы мүмкін еместігіне көзімізді жеткіздік. Экономикалық реформалар саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет.

«Ақ жол» демократиялық партиясы жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде ең алдымен шағын және орта бизнестің сенімді қолдаушысы және олардың табандыжақтаушысы болып қала береді.Біз инвестициялық ынталандыруды енгізу өте қажет деп санаймыз, мысалы:

– экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты (3-5 жылдан астам) жұмыс істегеннен кейінгі 50% қайтарым;

– Заңда қарастырылған инвестициялық преференцияларын бермегені үшін шенеуніктердің жауапкершілігін Әкімшілік кодексіне енгізу қажет.

– Еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату. Олардың экономикаға қосатын үлесі – жаңа технологиялар, жұмыс орындары және білікті кадрларды даярлау.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы пандемиямен байланысты ахуалдың теріс экономикалық салдарын жою мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынды:

– Салықтық рақымшылық жасауды, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан (ҚҚС), корпоративтік табыс салығынан (КТС) және мүлік салығын төлеуден ШОБ төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін босатуды;

– Ауылдағы шағын кәсіпкерлік пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толығымен босатуды ұсынды. Біз осы адамдарға алғыс айтуымыз керек, өйткені олар ауылдық жерлерде жұмыс істейтіні, мемлекеттің мойнына отырмай және өз отбасыларын өздері асырайтындары үшін қолдауға тиістіміз.

– ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) несиесі бойынша пайыздық мөлшерін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшері деңгейіне дейін төмендету мәселесінқайта көтеру қажет. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын қаражат бойынша Ұлттық банк ноталарының мөлшерін де осылай төмендету керек. Сонда ғана банктер бос қаражатын экономиканы несиелеуге жұмсауға мәжбүр болады.

Девальвация мен инфляциядан ең жақсы қорғаныс тәсілі — тұтыну тауарларын өндіретін отандық кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық банк ЕДБ несиесінің биік мөлшерін инфляцияны ауыздықтау үшін ұстаймын деуі – керісінше өндірісті тежеп тұр, импортқа дем береді және экономикадағы инфляцияны қамшылайды.

– Шағын және орта бизнес қайта қаржыландыруды сұраса, банктер одан жиі бас тартуда. Әзірше, кәсіпкерлердің айтуынша, бұл мәселе түгелімен банктердің қолында екен, сол себептен, президенттің анық тапсырмасы мен осы мақсатқабөлінген қыруар қаражатқа қарамастан, банктерпроценттік ставкасын төмендетпей отыр және де кәсіпкерлер банктегі парақорлықпен жиі кездесуде. Осындай әділетсіздікті тоқтату қажет.

– 2025 жылға дейін ШОБ-қа деректер мен электрондық шот-фактураларды міндетті түрде тапсырумен кассалық бақылау аппараттарын енгізу кейінге қалдырылсын.

– ШОБ-тың айналымы қалпына келгенше ЕТҚ-ны салықтан босатуды, бизнестің босатылған қаражатының кемінде 50%-ын қызметкерлерге жалақы төлеуге міндеттелсін.

– Тұтастай алғанда, монополистер (ең алдымен энергетика және темір жол көлігі салаларында) және олардың әкімдіктер жанындағы басқарушы құрылымдары тарифтерінің негізділігіне толық ауқымды тексеру жүргізу керек, артық төленген қаражатты негізсіз жоғары тарифтер бойынша қайта есептеу мен қайтарылуы жүргізілуі тиіс.

–Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасындағы тоғышарлық делдалдық құрылымдарды жоюдың экономикалық және саяси қажеттілігі пісіп-жетілді. «Бәйтерек» қоры, «ҚазАгро», Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) сияқты барлық даму институттары мемлекеттен бөлінетін қаражаттар мен ресурстарды өздеріне шоғырландырып, бизнеске көмекке бөлінген миллиардтық қаражаттар саналы түрде игерілмейді, жылдар бойы ЕДБ депозиттерінде жинақталады, ал түскен пайыздар менеджерлер арасында өзара бөлінеді.

Даму институттарының игерілмеген қаражатын бюджетке қайтару керек, кем дегенде олардың депозиттеріндегі барлық инвестициялық кірісті бюджетке қайтарылуы тиіс. Қаражаттың игерілмегенін, инвестициялық белсенділіктің төмендігін және жасалған инвестициялардың тиімділігінің төмендігін ескере отырып, олардың жалақысы жеткілікті деңгейде қалдырылуы керек.

–«Ақ жол» демократиялық партиясы әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басым салалары үшін қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелерін 0-6% деңгейінде енгізуді талап ететін болады.

– Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларын және дайын өнімдер өндірісін дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер үшін әкелінетін шикізатқа, материалдарға, жабдықтар мен жинақтауыштарға кедендік әкелу баждарын барынша төмендету ұсынылады.

– «Эпидемиологиялық бақылау» деген желеумен әр түрлі түсініксіз топтардың бизнесіне негізсіз және жалпы қысым жасауды тоқтату. Бұл «бақылау» іс-шаралары тұрғындарды ауру жұқтырудан қорғамайды, онсыз да карантиннен жапа шеккен бизнесті керісінше тағы да бопсалаудың басқа түріне айналды.Прокурорлар кәсіпкерлерді мұндай «рейдтерден» сақтап, бизнестің заңды құқықтарын бұзуға бейтарап қарамауы керек.

– Корпоративтік нарықтың басым бөлігі келетін ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуі тиіс. Шетелдік шикізат алыптары

қазақстандық өндірушілерге немқұрайлы қарайды. Олар жыл сайын 8 триллионнан астам теңге сомаға өнімді шетке шығарады, бірақ оның көп бөлігі Қазақстанда бар немесе өндірілуі мүмкін.

Қазақстан тәуелсіздігініңалғашқы жылдарында қаражат салған шетелдік инвесторлардың көбі өзинвестицияларын баяғыда ақтап, біздің табиғи байлықтарымыздан бірнеше рет пайда тапты. Тауарлардың сапасының нашарлығына және қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне жалған сілтеме жасап шетелдік шикізат алыптарына отыз жылдың ішінде қазақстандық мамандарды оқытуға, біздің азаматтарымыздан компаниялардың бірінші басшыларын іріктеп алуға, оларды өсіруге, технологияларды игеруге және сатып алынатын тауарлардың бірлескен өндірісін реттеу үшін көмектесуге болмай ма?

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте ғана емес, Үкіметтің шетелдік инвесторлармен келіссөздерінде деосындай мәселелерді қоятын кез келді деп санайды. Шетелдік инвесторларды қазақстандық кадрларды өсіруге, отандық өнімдер мен жабдықтарды сатып алуға, қажет болған кезде ауыстырылатын тораптар мен бөлшектерді игеруден бастап, бірлескен кәсіпорындарды құруды заңнамалық түрде міндеттеу керек.

Мемлекет өзі табыс тауып, бюджетке салық төлейтін, басқаларға жұмыс беретін іскер адамдарға қолдау көрсетуге міндетті.

ҮІ. САЛИҚАЛЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ

«Ақ жол» демократиялық партиясы халықаралық қатынаста, интеграциялық бірлестіктерде ең алдымен, еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауға, сондай-ақ көп векторлы саясатына сүйенуі тиіс деп санайды.

Осы тұрғыда бірде-бір бірлестік, оның ішінде Еуразиялық одағын қоса алғанда, Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығына қауіп төндірмеу тиіс. Біз мемлекетіміздің саяси дербестігін шектейтін «ұлттық деңгейден жоғары тұратын парламент» құруға, және өзге де осындай идеяларға қарсымыз. Интеграциялық бастамаларға қатысудың жалғыз мақсаты – өзара сауда-экономикалық тиімділік пен әлемдегі үздік тәжірибиеге қосылу.

Сонымен қатар, көршілердегі оқиғалармен санасып, қорғаныс қабілетінің жоғары деңгейін ұстап тұру, Қарулы Күштерді ең заманауи техникалық жабдықтармен және ұлт қауіпсіздігі мен жер тұтастығына кез келген қауіп-қатерге қарсы тұратын «гибридті» құралдарымен жарақталуы қажет.

Парламенттік партия ретінде, біз барлық өзге де саяси күштермен бірлесіп, осы міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Ақжол, Қазақстан!

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика