Қоңыраудың даусымен қалай тез тұруға болады?

        Ерте тұрған әйелдың бір ісі артық,

        Ерте тұрған еркектің ырысы артық.

                                   Халық даналығы

        Әр халықтың дамытсақ дейтін жақсы әдет салты мен құтылсақ дейтін жаман әдет салты болады. Қазақ халқының жаман әдетінің бірі ҰЙҚЫШЫЛДЫҚ! Осыдан арылудың ең оңай жолын назарыңызға ұсынамыз!
        “Оян Қазақ” деп бос ұрандағанша, ерте ояну әдісін үйреніңіз. Отбасыңызды, қоршаған ортаңызды оятыңыз. Сөзден іске көшіп, бұл тәсілді дос-жаран, туған-туысқа тарата жүріңіз. 
        Қоңыраудың (будильник) даусымен қалай тез тұруға болады?
        Талай адамдардардан естіп жүрген шығарсыз: Ертеңнен бастап ерте тұрам деп уәде беріп, Ұйқыға кетерде керемет жоспар жасап, таңғы уақытқа қоңырау қояды. Бірақ, көбінесе уақытында шырылдаған қоңырауды өшіріп, қайта ұйықтап қалады . Немесе, тұруға ерініп, ойланып тағы біраз жатады . 
        Тағы біраз жата тұрайыншы, бес минуттың әрісі не, берісі не? Қой ұйқым әлі қанбапты, ерте тұрғанда не істеймін? Ертеңнен бастап точно қоңыраумен тұрармын…
        Осылай ойы сан-саққа шашырап жатып, қалай қайта ұйықтап қалғанын байқамай қалады… Сізге таңертең қоңыраумен тұру қиын ба? Сіз үнемі қоңырауды өшіріп тастап қайта ұйықтап қаласыз ба?
        Кезінде мен де солай ұйықтап қалатынмын. Қоңырау шырылдағанда оны тез өшіріп тастап, тұрамын ба, тұрмаймын ба? – деп ойлайтынмын.
        Мынандай “сатқын” ойлар миыма келе қалатын:
        Ұйқым әлі қанбаған сияқты, күндіз дел сал болып жүрермін…
        Қоңыраумен тұрмай ақ өмір сүріп жүрдім ғой…
        Тағы бес минут жата тұрайын сосын тұрып кетермін…tories/image.jpg» width=»300″ height=»209″ alt=»image» style=»float: right;» />

        Ал енді қазіргі кезде:
        Ал менің қоңырауым таңғы бес пен алтының арасында шырылдайды. Мен оны тез өшіремін де өте терең демалып, керіліп құртыс-тыртысымды жазып аламын да, жинақталып сергек түрде жуынуға кетемін. Менің денем осының бәрін әдетке айналдырған, өз еркімен істейді. “Сатқын ойлар” келіп үлгермей тұрып кетемін.
        Ең бастысы, адамдардың көбі таңертең ұйқыдан ертемен тұруды қиын істей көргендіктен, қоңырау дауысын естігенде бірден тұрып кете алмай зорлықпен әрең төсегінен тұрады. Мұның дұрыс еместігін әркім түсінуі керек. Және үнемі іске аса бермейтін тәсіл екеніне өзіңіздің де көзіңіз жетеді. Сіз қоңырау дауысын естігенде бірден дұрыстап ойлай алмайсыз. Ұйқыдан тұрған адамның миы қалыпты жұмыс істемейді. Ол кездегі ойлар сергек кездегі ойлардай бола алмайды . Ондай кезде өз-өзіңізге сене бермеңіз. Кешке сіз таңертен ерте тұрам деген оймен жатасыз да, таңертен қоңырауды өшіріп тастайсыз.
        Кешкі 10 да ертең танғы бесте тұрсам жақсы болар еді деп ойлайсыз да, ал таңғы бесте: “Сегізде тұрсам да үлгеремін ғой” – деп ары қарай ұйқыға беріле саласыз. Шындығына келгенде: ұйқыға жатар алдындағы жоспарлаған ойыңызды орындау қажет. Қазір кейбіреулер оларға тәртіп жетпейді деп ойлайды. Бір жағынан ол да рас. Бесте тұру үшін, сізге таңғы бесте тәртіппен қатар ерік-жігер де керек. Өз-өзіңді үгіттеп, қиналып тұрудың қажеті жоқ. Бөлменің бәріне қоңыраулы сағат та қоймай-ақ қойыңыз. Бұл іске жаңа артықшылықтары бар заманауи қоңырау да көмектеспейді. Адам оянғаннан кейін бірінші минуттарды, өзіне сенімді болып, ешқандай шешім қабылдамау керек, бәрі автоматты түрде орын-далуы керек. Ойлап үлгермей, автоматты түрде тұруды әбден әдетке айналдырып алу қажет.
        Тәртіп, ерік-жігер… Со-нымен дұрыс шешімі қандай? Шешімі: ол әрекетті әдетке айналдыру керек. Әрекеттің бәрі өзінен-өзі орындалуы тиіс. Ондай жағдайға қалай жетеміз? Сондықтан әрекет әдетке айналғанша шынық-қан дұрыс. Әбден шынығып, күнделікті қайталанған әрекетке адамның миы осыған қалыптасып, әдетке айналады. Мұның бәрі бір түрлі қы-зық көрінуі де мүмкін, бірақ оның шын мәнінде көмегі бар.
        Қоңыраумен тұруды үйреніңіз. Таңертең ғана емес, оны күндізгі уақытта, сергек жүрген кезде де төменде көрсетілген жаттығуды қайталап, үйренуге болады.
        Олай болса уақытымызды бекерге өлтірмей жаттығуға кірісейік. Бөлмеңізге барып, таң атқан кездегі сияқты жағдай жасаңыз. Күн батып, қараңғы түскеннен кейін пердені жауып жаттығуға болады. Пижамамен ұйықтасаңыз, пижаманы киіп алыңыз. Тіс жусаңыз, тісіңізді жуыңыз. Ұйықтар алдында көзайнегіңізді шешсеңіз, соны қайталаңыз. Қоңырауды бірнеше минутқа алдыға қойыңыз. Төсекке жатыңыз да көзіңізді жұмып, ұйықтағандай болыңыз. Өзіңізге ыңғайланып жатыңыз. Таң атқанын елестетіңіз, сіздің тұратын уақытыңыз келді. Өзіңізді түс көріп жатқандай сезініңіз.. Қоңырау ойнағанда оны тез өшіру керек. Содан кейін терең демалып керілу керек. Отырып, аяқты жерге қойып, тұрыңыз. Содан кейін күнделікті тәңертеңгі жаттығуды қайталаңыз.
        Мысалы, мен киінемін де, жуынамын. Осыдан кейін қайтадан төсекке барыңыз, қоңырауды қойыңыз да бәрін қайта бастаңыз. Әбден әдетке айналдырғанша осы жаттығуды қайталай беріңіз. Егер жаттығу кезінде ішіңізден не істеу керек екенін ойласаңыз, онда әлі дайын емессіз деген сөз. Осындай жаттығуларды бірнеше күн қайталаңыз. Күніне 1 немесе 2 айналымнан, 3-10 реттен.
        Әрине оған көп уақыт керек, бірақ осы жаттығуға кеткен уақыт сізге өте тиімді болып қайтады. Бүгінгі бір-екі сағаттық жаттығу, бір жылдың 200-300 сағатын үнемдейді. Осындай жаттығулармен сіз қоңырауға оянуды жеңіл әрі қиналыссыз қалыпты жағдайға дағдыланасыз. Қоңыраудың дыбысын естігенде, сіз төсектен ойланбай тұратын боласыз. Көп жаттықсаңыз, ол әдет сүйекке сіңгендей қалыптасады. Сізге қоңыраудың даусымен тұру қиындық туғызбайтын болады.
        Сіз ойша да жаттықсаңыз болады, бірақ ол үшін жақсы көз алдыңызға елестете білуіңіз керек. Ондай жаттығу тез әрі оңай болады, бірақ оны дене қимылымен, әрекет арқылы істегенде пайдасы көбірек болады. Оймен жаттықсаңыз сіз бірнеше бөлшек іс-әрекеттерді ұмытуыңыз мүмкін, ондай кезде сіз жаттығуды дұрыстап меңгeре алмай қаласыз. Сондықтан оймен жаттығу үшін, алдымен нақты 1-2 рет жаттығу жасаңыз. Тоқтамай күнде жаттықсаңыз, ол әбден әдетке айналып кетеді. Қоңырау шырылдағанда атып тұрасыз. Сіз қалыптасқан күнделікті өмір ырғағын бұзып алсаңыз да бұрынғы әдетіңізге тез келесіз. Ол бұлшық ет сияқты, қалыптасқан күйін өмір бойы қайталай береді. Кез келген әрекетіңіз күнделікті қоңырау ойнаған сайын беки түседі.

        Сізде күнделікті таңертең ұйқыдан тұратын уақытыңыз бар шығар, бірақ содан ертерек ойлаған уақыттыңызда тұра алмайсыз . Сіз оқып отырған тәсілді үнемі қайталай берсеңіз, ол ойға терең беки береді. Ұйқыңыз келген сайын ұйықтасаңыз, сіз ұйықтай бересіз. Ондайдан құтылғыңыз келсе, осы әдісті үйренгеннен кейін оны күнде ерінбестен жасап отыру керек. Осы әдісті үйренген соң оны аптасына 7 рет, жылына 365 рет орындау қажет. Ал алғашқы 30 күн қоңырауды бір уақытқа қойыңыз. Осы әдіс әдетке әбден айналғанда қоңырауыңыз қажетсіз болады. Сіңген әдет өмір бойы сізбен қалады. Ол жыл сайын сізге көп уақыт үнемдеуге көмектеседі. Өзіңіз ойланыңызшы: күніне 30 минутқа ерте тұрсаңыз жылына 180 сағат ұтасыз. Ал күндегіден 60 минутқа ерте тұрсаңыз онда жылына 365 сағат сіздің пайдаңызда. Ол 1 аптаның 40 сағатына тең және ол өте көп уақыт. Абай атамыз айтпақшы:
        Сағаттың шықылдағы емес ермек,
        Хадиша өмір өтпек, ол білдірмек.
        Бір минутсыз бір кісінің өмірі жоқ,
        Келді-кетті өмір жоқ қайта келмек.
        Сағаттың өзі бір шықылдаған,
       Өмірді білдірмеген, күнді ұрлаған.
       Тұрлауы жоқ, тоқтауы жоқ, келді-кетті,
      Қайта оралмас, бұрылмас бұлдыр заман.
       Ойланыңыз, өмірде төсекте қорылдап жатудан да қызықты істер бар! Осы жақсы әдетті алдағы 2-3 күнде игеріп алмасаңыз, өзіңізді өзіңіз өтірік ақтаудан, алдаудан түк шықайды! Бұл деген сіздің өміріңіз! Артық ұйқы өлген уақыт! Алланың өлшеп берген уақытын артық, қажеті жоқ, зиянды ұйқыға жібергенше өз өміріңізді жақсартуға жұмсағаныңыз жақсы!
 
Сапалы қазақ сайтынан.


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика