ТУБЕРКУЛЕЗ ҚАЛАЙ ЖҰҒАДЫ?

Жұқпалы  аурудың  тарайтын  негізгі  көзі науқас адамнан түскен микроптары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған  түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда: сирек жағдайда  туберкулезбен ауырған үй жауарларының сүтін шикілей ішкенде,етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті  төмендегенде,  дұрыс қоректенбегенде  (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер  тапшы болғанда),санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс  сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.Туберкулез көбнесе  үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар  дамыған, сондай ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен  тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен  ауруы  мүмкүн.  

                                                     

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп  есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта  туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

                                                     А.Абдуллаева,

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика