ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ — ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы  1  қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ҚР халқына Жолдауы қазақстандықтар­дың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы мемлекет тарапынан  барлық бағытқа барынша қолдау көрсететінінің дәлелі.

Президентіміз өз Жолдауын «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда. Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік»-деп бастап, еліміздің өрткендеуі мен дамуы үшін ең бірінші елдің бірлігінің маңызы зор екенін атап өтті.  

Жолдаудың басым көпшілік тұсында елдің әл-ауқатын көтеру, жастардың білімін арттыру, баспанаға қол жеткізудің оңтайлы жолдары туралы көбірек айтылды.

Әсіресе, жастардың еліміздің болашағы екендігін олардың заман талабына сай жан-жақты білім, тәлім-тәрбие алуына жете көңіл бөлінуі қажет екенді баса айтылды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанудың басты қағидалардың бірі болуы, оларға бұл жолда барлық жағдайдың жасалуы маңызды екенін ескертті. Бұл үшін әрбір мекемеде осы бағытта жұмыстар белсенді атқарылуы қажет деп ойлаймын.

Президент «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын» деп  тапсырды.

Бұл бағытта Шымкент қаласындағы өрт сөндіруші және құтқарушылардың арасында сабақтар, арнайы мамандармен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Мемлекет басшысы «Дене шынықтыру – денсаулық кепілі. Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын»,-деп спорттың маңызын дөп басып айтты. Бұл жолда ауқымды жұмыстар да атқарылып жатқанын баса айту керек. Өрт сөндіруші және құтқарушылар үшін спорттың орны ерекше. Күнделікті күн тәртібінен бөлек, спорттық іс-шаралар өткізуге жете көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ, ел болып өркендеу үшін қоғам дерті – сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау қажеттігін басты назарда ұстауды қатаң тапсырған ел президенті, «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет»-деді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең оңтайлы жолы, ол – алдын алу деп білемін. Ол үшін тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу маңызды. Біздің мемекеде де осы тақырып төңірегінде семинарлар, сабақтар, кездесулер жиі өткізіледі. Бұдан кейін де жалғасын таппақ.

Осылайша, барлық өзекті мәселелер талқыланған бұл Жолдауда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде бес бастамамен қорытынды жасалды.

Қалай десек те, бүгінде бәрі өзгерді. Әлем жаңа бағыт ұстанды. Сондықтан, біздің еліміз де заман ағымынан қалмай, жақсы жағынан өзгеруі тиіс. Сондықтан, биылғы Жолдаудың оң өзгеріске бастайтынын айрықша атап өткен жөн. Ендігі мақсат осы құжатта айтылған әрбір істі тиянақты атқарып, жаңа кезеңге жетістіктермен қадам басу қажет.

Қ. Арсланов

Шымкент қаласындағы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика