ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙ ЖҮРІҢІЗ

Жыл сайын өрттен мыңдаған адам қайтыс болады. Шымкент қаласы Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тасқараев өрттің ықтималдығын азайтып, қайғылы оқиғаның алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін айтты.

КӨППӘТЕРЛІ  ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР:

– тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтау;
– үйде отырып шылым шегу;
– балкондар мен лоджияларда темекі қалдығын тастау;
– пеште пісірілген тағамды бақылаусыз қалдыру.

Баспалдақтар мен дәліздерде қоймалар (қызметтік бөлмелер) орнатуға, сондай-ақ баспалдақтардың астына жиһаз және басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.

Технологиялық талаптарға сәйкес адамдар тұрақты тұрмайтын үй-жайларда, едендер мен жертөлелердің есіктері жабық болуын, сонымен қатар көрсетілген бөлмелердің есіктеріндегі кілттердің сақталу орны туралы ақпараттың жариялы болуын қамтамасыз ету қажет.

Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатылары мен өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жолдары, өтпе жолдар мен кіреберістер өрт техникасының өтуі үшін ашық болуы, ал қыста қардан тазартылуы тиіс.

– тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтау;
– үйде отырып шылым шегу;
– балкондар мен лоджияларда темекі қалдығын тастау;
– пеште пісірілген тағамды бақылаусыз қалдыру;
– баспалдақтар мен дәліздерде қоймалар (қызметтік бөлмелер) орнатуға, сондай-ақ баспалдақтардың астына жиһаз және басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.

Технологиялық талаптарға сәйкес адамдар тұрақты тұрмайтын үй-жайларда, едендер мен жертөлелердің есіктері жабық болуын, сонымен қатар көрсетілген бөлмелердің есіктеріндегі кілттердің сақталу орны туралы ақпараттың жариялы болуын қамтамасыз ету қажет.

Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатылары мен өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жолдары, өтпе жолдар мен кіреберістер өрт техникасының өтуі үшін ашық болуы, ал қыста қардан тазартылуы тиіс.

ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Жылыту маусымы басталар алдында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу қажет. Түтін мұржалары және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа да элементтері тікелей басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы ішінде кемінде үш айда бір рет күйеден тазартылуы тиіс.

Түтін каналының конструкциясы оларды кү­йеден кезең-кезеңімен тазарту үшін технологиялық тетіктер қарастыруы тиіс.

Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу генерациялайтын аппараттардың от жағатын есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пештің бойында оның ұзын жағы орналасқан, тетіксіз, көлемі 0,5х0,7 м кем емес пеш алдындағы металл табақпен қорғалуы тиіс.

ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ

Электр сымдарының, сөндіргіштердің, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз. Электр аспаптарын, плиталарды перде мен жиһаздан жанбайтын тіректерде жарамды күйде ұстаңыз. Бір желіге қуаты жоғары электр құралдарын қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне алып келеді.

Қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз.
Кір кептіруге арналған жылытқыштарды пайдаланбаңыз. Үйден шығарда газ және барлық электр жабдықтарының сөндірілгеніне көз жеткізіңіз.

ПЕШПЕН ЖЫЛЫТУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ МЫНАҒАН ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ:

– жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
– жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдында жағуға дайындау;
– қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;
– пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдану;
– адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пешті жағу;
– пешті пайдалану нұсқаулығымен белгіленген уақыттан тыс жағу;
– жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;
– пештерді қыздыру ұсынылмайды.

От жағуды ұйқыға кеткенге дейін екі сағат бұрын тоқтату ұсынылады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҒИМАРАТЫНДА ГАЗДЫҢ ИІСІ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА:

– газ құбырының кранын жабу, асүйді желдету;
– пәтердегі электр қуатын өшіру;
– барлық телефондарды өшіру;
– пәтерден тұрғындарды көшіру;
– 104 нөмірі бойынша апаттық газ қызметін шұғыл шақыру.

ЕГЕР, ТҰРҒЫН ҮЙ ҒИМАРАТЫНДА ГАЗДЫҢ ИІСІ БАЙҚАЛСА, МЫНАҒАН ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

– газдалған бөлмеде от немесе электр жарығын жағу;
– газ құбырларын жөндеуге тырысыңыз;
– жанып жатқан газды өздігінен сөндіруге әрекет ету;
– газ баллонын оттан алыс ұстаңыз, ол жарылуы мүмкін.
Көпқабатты екі қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға немесе пайдалануға тыйым салынады.
Өрт болған жағдайда 101, 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

Е. ТАСҚАРАЕВ

Қаратау ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры                                      

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика