Жастар тазалық жұмыстарында белсенді. Жыл сайын түрлі акцияларға қатысып, өзі тұратын қала ауамағын тазартып, көпке үлгі көрсетіп келеді.
Биыл еліміздің тазалығына жанашыр студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды. Алғаш болып шымкенттік студенттер үлгі көрсетті. Акцияның мақсаты — қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
«EcoStudentKZ» челленджіне қатысушылар «Қошқар ата» өзенінің жағалауын тазалады. Бейберекет жатқан қоқыстарды теріп, «Эко-плоггинг» өткізді. Іс шараға қаладағы 8 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Айта өтейік, «Қошқар ата» өзені жағалауына қалалықтар көптеп барады. Суда серпілгісі келетіндердің барлығы бірдей артын жинап кетпейтіні тағы бар. Сондықтан болар, қоқыс қалдықтары көптеп жатады. Тазалық мекемесінің жұмысшылары күнделікті тазалайды. Демалыс аумағының тазалығы тек мекеме қызметкерлеріне емес, үшінші мегаполистіктер үшін де маңызды. Сондықтан болар, студенттер жастар жағалауды тағы тазартып, шараға белсенді қатысты.
Челленджді павлодарлық студенттер жалғайды. Эфтафетаны Кереку жастары қабылдап алды. Белсенділер қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.
«Қазақстан тұрғындарына айтарымыз — өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!»-деп ұрандатқан тазалық жаршыларының бастамасы Шымкенттен бөлек еліміздің алты қаласында жалғасатын болады.
Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін спортпен айналысып, әркезде де таза жүрсек болғаны. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді. Біз осы орайда адамдардың қоршаған ортадағы, өзендер мен ормандарды тазарту саласында еріктілер қызметіне тарту, ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретуді, экологиялық еріктілер қозғалысымен өзара әрекеттесуді мақсат етіп жұмыс істеп жүрген ұйыммен таныс болдық. Ол жоба экоағартушылық, жануарларды қорғау, көгалдандыру, ормандар мен өзендерді тазарту және экопатрулдер дайындау бағыттары бойынша жұмыс істеп келеді.
Қазіргі таңда экологиялық ортаны қорғау үндеуі үнемі дәріптелгенімен, адамдардың қоршаған ортаны қорғау санасы әлі толық қалыптаспады. Азаматтарымыз табиғатқа құрмет етуді, аялауды енді ғана біртіндеп үйреніп келеді.Біз табиғатты қорғап, оны өз заңдылығына сәйкес үйлесімді игіліктену ниетінде болмай, қайта оны бағындырып, өзгертіп өз қажетімізге сай пайдалануға дағдыланған дәстүрлі тежемсіз санадан әлі толық арыла алмай келеміз. Бізде табиғатты қорғау негізінде айтылатын бос сөз бен ұран көп, бірақ шынайы ниет пен тындырған іс аз. Егерде үнемі қадағалап, тектеп-тежеуді күшейтпесе, үкіметпен халықтың көзін көлегейлеп кен ашып, құрылыс салатын, жарақсыз қалдықтарды үйлесімді бір жәйлі етпей, экологиялық ортаны қасақана ластайтын жағдайлардан — әлі де ауыр өмір сүруде.
Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблемалардың бірі — тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар. Соның ішінде қайта пайдалануға болатын тұрмыстық қалдықтардың іске аспай шашылып, қоршаған ортаны ластап жатқаны, түсініксіз жайт. Бұған ең қарапайым мысал: шыны ыдыстар. Босаған шыны ыдыстары қазіргі таңда, өз дәрежесінде ешқандай пайдаға аспайды. Қазір энергетикалық сусындар, сыра, арақ-шарап өнімдерінің бос ыдыстары ешқандай пайдаланусыз жатыр. Оған ешқандай дәлелдің де керегі жоқ, демалуға тауға немесе жасыл желекке шықсаң айналада сынған, болмаса шашылған шыны ыдыстар. Өзенге шомылуға барсаң, онда да сондай жағдай: жағалауда, тіпті су ішінде де толған шынылар. Тіпті алыс жайлауға барып шөп жинасаң да, осы көрініс.Сынған шыны адам өміріне, тіпті жан-жануарлар өміріне қауіп тудыратыны да жасырын емес.
Leave a Reply