Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы аясында Шымкент қаласындағы Асанбай Аскаров атындағы дендрологиялық саябақтың жарықшамдары толығымен жаңартылды. Бүгінгі таңда мүлдем істен шыққан 400-ге жуық шам ауыстырылды.
Жарықшамдар Дендрологиялық саябақтың барлық дерлік аумағына қойылды, әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін веложол бойына толық орнатылды.
Жарықшамдардың қуаттылығы 150ВТ құрайды. Нәтижесінде жасыл желекті аймақ жарқырай түсті. Келушілердің көз қуанышына айналып, түнгі көрінісі көркемделді.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары Дендрологиялық саябақ жарықшамдарының алдағы уақытта тәулік бойына жанып тұруын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Аймағында Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар: кәдімгі өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.Былтырғы жылдан бері бос жатқан 6 га аумаққа қосымша 2000 түп көшет қондырылған. Оның ішінде өрік, жиде, шие, дерен және әртүрлі жәй жапырақты шаған, айлант, үйеңкі отырғызылған.
Одан бөлек, жартасты арша, агава, тікенекті көгілдір шырша, жабайы жүзім (Қызыл кітапқа енген), Сібірлік шырша, Калифорния терек, терек -2000, айлант -840, ақ тораңғыл (қызыл кітапқа енген), ақ сексеуіл егілген. Шағын раушан гүлдер бағын жасау мақсатында 1000 раушангүл отырғызылып күтіп-бапталуда.
Айта кету қажет, экологиялық кеңес мүшелері мен мәслихат депутататтары дендросаябақтың даму концепциясының көп тұстарымен келіспеді.
Басты себеп — олардың пікірінше, онда дәмхана, сауда нүктелері мен атракциондар салатындай демалыс аймағы орта және шағын бизнесті дамытатын орын емес.
Leave a Reply