ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫН ТАЗАЛАЙТЫНДАРҒА ТАҢҒЫ АС ТАРАТЫЛДЫ

Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары бір сәтке тоқтаған емес. Есесіне ауданның санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер күнделікті жұмыстарын тиянақты орындайды. Аудан аумағындағы 95 орталық көше мұнтаздай тазаланады. Сонымен бірге  1002 ішкі орамдық  көше,  әлеуметтік нысандар орналасқан 73 көше қоқыстан күн-сайын тазаланып отырады. таңертегі  сағат 5:00-ден кешкі 21:00 аралығында тұрақты тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Жылдың қай мезгілінде болса да, тазалықшыларға оңай емес. Соңғы уақытта жалақылары да көтеріліп, белсенділері марапатталып та жүр. Адал еңбектері ел алдында. Алғыс та бөленеді. Бұл жолы жастар тазалық жаршыларына құрмет көрсетті.  Қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар таңғы 5-тен бастап міндеттеріне кіріседі. Олар қыстың суығында да, жаздың ыстығында да бел жазбай еңбек етеді. Өздеріне тиісті аумақты күніне тіпті 4-5 шақырым жер жаяу жүріп тазалайды.

Қаратау ауданы аумағындағы орталық және ішкі орамдық көшелер тазалығымен айналысатын мекеме қызметкерлеріне  таңғы ас таратылды. Игі бастаманы аудан әкімі аппараты қызметкерлері ұйымдастырған.  200-ге жуық еңбек адамдарына таңғы ас таратылып берілді.

Игі шараны аудан әкімдігі қызметкерлері демушілермен бірге қолға алған.  Аудан әкімі аппараты бұл шараны еңбекқор жандар қызметін бағалау әрі аудан тұрғындарын қала тазалығын сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырған.

«Мақсатымыз тазалық қызметкерлеріне деген құрметті арттыру, олардың жұмысының ауырлығын ескеріп, барлық тұрғындарымызды тазалыққа шақыру. Сол себепті осы суық күнде оларға жылулық сыйлап, таңғы ас ұсынғанды жөн көрдік» — дейді, аудан әкімдігінің жас қызметкері Саят Қасымбек.

Аудан әкімі аппараты тарапынан бүгінге дейін түрлі ауқымдағы игі бастамалар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі шара да сол бастамалардың дәстүрлі жалғасы болып табылады.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика