Сәпиев турнирі басталды

tom: 3.75pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Халықаралық турнирге қатысуға кел­ген қонақтардың арасында Әзірбайжан мен Өзбекстанның жас былғары қолғап ше­берлері бар. Алғаш ұйымдастырылып отыр­ған турнирде 14 өңірдің боксшылары қолғап түйістіреді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесі жолындағы жаңа турнир жалауын көтерді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»> Кеншілер қаласында 1997-1998 жы­л­дары туған жасөспірімдер арасында тұң­ғыш рет ұйымдастырылып отырған ашық бі­ріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұның тұңғыш болатын өзіндік себебі де бар. Өйткені бұл біріншілік ХХХ жазғы Олим­пиа­да чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт ше­бері Серік Сәпиевтің құрметіне арналып отыр. Жет­кін­шектер Сәпиевтің жүлдесі үшін сынға түседі. Халықаралық турнирге қатысуға кел­ген қонақтардың арасында Әзірбайжан мен Өзбекстанның жас былғары қолғап ше­берлері бар. Алғаш ұйымдастырылып отыр­ған турнирде 14 өңірдің боксшылары қолғап түйістіреді. Ұйымдастырушы – Қарағанды облы­сы­ның әкімдігі мен облыстық бокс феде­ра­циясы.Бұл турнир 11 салмақ дәрежесі бойын­ша өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, Сәпиев турнирі бес күнге созылады. Со­нымен қатар дәстүрге айналдыру да жос­парларында бар. Тың бастама аймақ­та­ғы бокстың дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Айтпақшы, Сәпиев турнирінің жабылу салтанатына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов қатысуы керек.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды,

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>«Қызмет» ақпарат,

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Сурет: alasharena.kz сайтынан алынды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>{jcomments on}

Related Posts

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

  Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме…

Қызмет ПДФ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика