2022-05-24

Абайлаңыз, балалар!

Бала-біздің болашағымыз. Оларды қорғау басты міндетіміз. Алайда  әлемде балалардың өміріне қауіп төндірер қауіптер өте көп. Күнделікті өмірде балаларымыз  үлкендердің қарауынсыз  қалып, түрлі қайғылы жағдайлар орын алып жатады. 

Әсіресе жаз мезгілі келіп, суға шомылу маусымы басталады. Ол кезде демалысқа шыққан балалар көп уақытын шомылумен өткізеді. Алайда бұл мезгілде балалардың  суға кету жағдайлары жиі орын алады. Бұл  көбіне балалардың үлкендердің қарауынсыз қалу салдарынан орын алып жатады.

Сонымен қатар, жаз басталысымен биік қабаттан құлау оқиғасы жиілей түседі. Екінші, үшінші және одан да жоғары қабаттан құлау фактісі көбіне терезедегі  торды орнатумен байланысты.  Тордың салмақты көтере алмайтындығын балалалар біле бермейді, сондықтан да ойын баласы қалай құлап кеткенінде түсінбей қалады. Түрлі жарақат алып, кейбірі мүгедек болып қалады, тіпті мерт болып жатқан жағдайларда өте көп. Биіктен құлау жағдайлары жол-көлік оқиғалары секілді адамның жиі мерт болуына әкеліп соғады. Жоғары қабаттан балалардың абайсызда құлау оқиғалары бойынша тіркелген мәліметтерге сүйенсек, олардың жасы әлі беске де толмаған. Мұндай жағдайлардың көбі балалардың ата-ананың қарауынсыз қалу себебінен. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін балаларыңызға бұл жағдайлардың қауіпті екенін жете түсіндіріңіз, ең дұрысы оларды қараусыз қалдармаңыздар.  Сондай-ақ  тұрғындарға арнайы мекемелерге терезеге тапсырыс беру кезінде москитті торды балалардың бойы жетпейтін жеріне орнатуға немесе басқа да қалқандар арқылы сақтық шараларын қатаң қадағаласа деген өтінішіміз бар. Құтқарушылардың ескертулеріне көңіл бөліңіздер. Балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздердің қолыңызда!

Қ. Арсланов 

Шымкент қаласы  ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары

Яндекс.Метрика