Шымкентте де соңғы жылдары жолайрық салу қарқынмен жүргізіліп жатыр.
Ең ірісі – Бәйдібек би даңғылы мен Ұлан Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы. Бұлжоба 2021 жылыбасталды. Жобағасәйкес, жолайрық үш деңгейден тұрады. Арғынбеков көшесі арқылы қозғалыс төменгі деңгеймен, Бәйдібек би даңғылындағы қозғалыс жоғарғы деңгеймен жүрсе, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады.
Жалпы, екі ірі магистралды жолдың қиылысындағы жолайрық құрылысы үшінші мегаполис тұрғындары мен көлік жүргізушілері үшін маңызды нысан саналады. Себебі, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесі – қаланың оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын жалғастыратын негізгі магистралды күре жолдар.
Жоба нәтижесінде осы көшелердегі көлік өткізу ауқымы артады. Мысалы, 2016 жылы жүргізілген зерттеулерге сәйкес, осы қ қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі тәулігіне 24,3 мың көлікті құраса, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке көбейген. Ал Арғынбеков көшесімен 2016 жылытәулігіне 22,6 мың көлік жүрсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 31,9 мыңға көбейген.
Сондай-ақ, қалада 190 жолда орташа жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелістерді азайту, жалпы қаладағы жол жағдайын жақсарту мақсатында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда.
Атап айтқанда Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысы аяқталды, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, Қонаев даңғылын ұзарту жобасының 1, 2, 3, 5 және 6-кезеңдері, Оңтүстік, Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесін жөндеудің 1, 2-кезеңіндегі құрылыстар қарқын алған.
Жалпы саны 308 магистралды және ішкі орам көшесінде орташа жөндеу басталып, қазіргі таңда 303 көшедегі жұмыс аяқталды. Республика даңғылы, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделіп, тұрғындар игілігіне берілді.
Шаһар аумағында биыл бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарындағы жалпы 17 көше күрделі жөнделді. Сонымен қатар Кремлёвская және Атасу көшелеріндегі Қошқар ата өзенінен өтетін 2 көпір күрделі жөнделіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы жалпы ұзындығы 122,7 шақырым жолға шағал тас төселді.
Leave a Reply