2024-07-22

“BalaShym” өнер фестивалі

1маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні Шымкент қаласында да аталып өтті. Мерекеге арналған түрлі ауқымды іс-шаралар өткізілді. Сондай іс-шараның бірі “BalaShym” өнер фестивалі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен фкстивальге 530-дан астам бала қатысқан. Іс-шараға балаларды дамытуға арналған түрлі білім беру ұйымдарының бүлдіршіндері қатысты. Фестивалде түрлі бағыттар бойынша өнерлер көрсетілді. Балалар сахына төрінде дәстүрлі ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар сурет салып, тоқыма тоқу секілді түрлі қоленерлер жасап, келген қала тұрғындарына қабілеттерін көрсетті.
Қоленершілер қатарынан біраз бүлдіршіндермен танысып, қолөнерлеріне тамсанып қайттық. Сол қолөнершілер қатарында болған балаларды дамытуға арналған білім беру ұйымының тәрбиеленушілері Мөлдір және Айзере есімді қыздар. Қыздар өз қолдарымен жасаған заттарын көрсетіп, бізді бір тамсандырып алды. Жас та болса талантты бүлдіршіндердің қолынан шыққан тоқыма, қағаз қималарынан жасалған гүлдер секілді заттар көздің жауын алады. Қыздар тіпті күнделікті өмірде ұстайтын сөмкелерін де өз қолдарымен жасаған.
Фестивальде тек балалар ғана емес “Пушкин”, “Абай” секілді кітапхана ұжымы бой көрсетті. Кітапханашылар ұжымы балаларға арналған кітаптардан көрме жасап, ескіні жаңғырту мақсатында балаларды “Тоғызқұмалақ”, “ Шахмат”, көпшілік біле бермейтін “Шертпе асық” секілді ұлттық ойындардың мән-мағынасымен таныстырып, ойналу жолдарын көрсетті.

Яндекс.Метрика