Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Тарих бетіндегі қасірет жылдар» тақырыбында кездесу өтті

Кездесудің мақсатын  мекеме басшысы А. Амангельдиева түсіндіріп берді. Тақырып бойынша баяндаманы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Рухани жаңғыру және Қазақстан халықтар ассамблеясы» орталығының басшысы, тарих  ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Жанысбекова жасады. Баяндамашы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары,  ХХ ғасырдың 20-50 жылдары атты 33 томдық және Оңтүстік өңіріндегі саяси  қуғын-сүргін: Құжаттар мен материалдар  жинақтарының таныстырылымын жасап, архивке тарту етті.

М. Әуезов атындағы ОҚУ, жалпы тарих және музей ісі кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Ж. Таштановтың баяндамасының тақырыбы  «Көпұлтты бостандық көтерілісінің алғышарты, себептері мен тарихи нәтижелері» деп аталды. Шешен сөзінде осы күнге дейін беймәлім болып келген тарих беттерінен деректер мен дәйектер келтірді. Түркістан облысы мемлекеттік архивінің директоры А. Исатаева шетел архивтерінен әкелінген тарихи кезеңдерді айғақтайтын құжаттар, шығарылған жинақтар туралы айтып өтті.

Кездесуге тарихшылар, архившілер, жоғарғы, орта оқу орындарының студенттері қатысты. Іс – шара соңында  Е. Рақышевтің «Ашаршылық» фильмінен үзінді көрсетілді.  Архивтік деректерден жасалған «Қуғын-сүргін құрбандары» атты бейнеролик көпшілікке ой салды.  Бұған дейін аталған мекемеде  «Ведомствалық архив ісі» практикалық–әдістемелік кеңес семинар өтіп, оған  70 мекеменің ведомстволық архив мамандары қатысқан болатын.

Семинарда ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №575 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №173 қаулысымен өзгеріс енгізілгені туралы баяндама оқып, сұрақтарға жауап берді.

«Құрылымдық бөлімдерден құжаттарды қабылдау, тізімдеме жасау, ведомстволық архивтің жұмысын ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы №6 қалалық емханасының архивисі Ұ.Е.Қошқарова таратып айтып берді,

Семинар соңында  Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қоймаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Қызмет ақпарат

2000 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика