2024-07-27

ШЫМКЕНТКЕ ШОҚАЙДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ КЕЛДІ

«Тарихи сот төрелігін қалпына келтіру үшін мен саяси қуғын — сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы елеміздің барлық аумағында жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «әділетсіз сотталғандарды еске алуды мұқият сақтай отырып, біз тәуелсіздігіміздің негізін қалайтын жарқын болашақты жасай аламыз.

«Бұл қайғылы күнде өткен ғасырдың ең қатал трагедияларының бірінде жазықсыз жапа шеккендердің бәріне құрмет көрсету біздің әрқайсымыздың міндетіміз. 100 мыңға жуық қазақстандықтар саяси қуғын — сүргінге ұшырады, оның 20 мыңнан астамы атылды. Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштықтан қайтыс болған немесе туған жерінен кетуге мәжбүр болған адамдарды қатты еске аламыз. Бұл бақытсыздық үш миллионға жуық адамның басына түсті», — деген болатын.

Тарих бетіндегі ақтаңдақтарды зерттеу жұмысы Шымкентте де белсенді жүріп жатыр. Осы аптада саяси қуғын-сүргін  музейінде  Мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы, Түркістан автономиясының екінші министр-төрағасы, Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшесі Мұстафа Шоқайдың туған інісі, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Мұртаза Шоқайдың ұрпақтарынан “Ұрпақтар еске алады” жобасы аясында сұхбат алынды. Сұхбатқа Нұртаза Шоқайдың ұрпақтары Серікбай Шермахан, Дүйсенбай Нуриев, Жаңабай Шермаханович, Роза Рахымжанқызы мен Айгул Сейтмуратқызы қатысып, білетіндерін ортаға салды.

Іс-шара барысында музейге Мадина Шоқайдың келіні Роза Рахымжанқызы өзі жинақтаған фото-құжаттар, мақалалар мен кітаптарды табыс етті. Осылай музей қоры жаңа жәдігерлермен толықты.

Қонақтардан сұхабтты саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Шымкент қалалық жұмыс тобының Дәстүрлі дін өкілдері — саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі бағыттың жетекшісі, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Серікбаева Гүлмира Алдоңғарқызы алды.

Тарихи зерттеу бір аумақпен шектеліп қалмайды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Шымкент өңірлік Жұмыс тобы экспедициясы Сайрам аудандық архивіне келіп, зерттеу жұмысын жалғастырды.

Экспедиция құрамында Г.Жанысбекова, Г.Серікбаева, Б. Айтай, Б. Әбдіқали және Ж. Әшим бар.

Зерттеу жұмысының барысында архив қорының жергілікті саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын анықтау тұрғысынан келгенде өте-мөте жұтаңдығы анықталды.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Яндекс.Метрика