Әділетті Қазақстан!

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жөнінде жоспар бекітіледі. Бұл мәселе Шымкент қаласы әкімдігі басшылығының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында арнайы қаралды. Жиында бірнеше басқарма басшысының есептері тыңдалып, жоспарлар жасалды.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Шымкент қаласының дамуына тікелей ықпал ететін мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді. Таяуда Үкіметтің қарауымен Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары бекітіледі. Біз де өз тарапымыздан әлеуетімізді саралап, дайындықты бастауымыз керек. Қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері өздеріне тиесілі салалары бойынша жоспар жасап, елдің әл-ауқатын көтеру, Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейтулері тиіс, – деді қала активі. Жолдауы негізгі бағдарла­­­­малық құжат ретінде еліміздің даму келе­­­шегіне бағыт-бағдар беріп, барша Қазақ­стан жұртын ел келешегінің дамуы­на жұмылдыруға бағытталып отыр. Осы орайда Президент елдің әлеуметтік жағ­дайын көтерудегі әрбір ведомствоның жа­уап­кершілігін нақты дәлелдермен көр­сетіп берді. Әлеуметтік сала, ауыл шаруа­шы­лығы, өнеркәсіпке, сот жүйесіне, ішкі істер саласына қатысты нақты талаптар қойды. Бүгінде қол жеткізген жетістік­теріміз баршылық. Экономикамыз дамып, салаларда серпін байқалады. қан­шама құнды дүниелерге қол жеткіздік. Ендігі кезекте әрбір Қазақстан азаматы ел алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, заманауи жаңалықтарды игерумен қатар, өз отбасының білім алуына, ден­саулығының саламатты болуына ерекше ыждаһаттықпен қарауы тиіс. Сонымен қатар өркениеттен жырақта жатқан ауыл-аймақтар қалалармен тығыз байланыста дамып, ауыл-қала ар­­а­сын­дағы алшақтықтар жойылса, ауыл өндірісі мен қала тіршілігі тығыз байланыста болса, көптеген мәселелер шешімін тапқан болар еді. Өндіріс, өнеркәсіптердегі жұмысшыларға төле­нетін еңбекақы мөлшері өз деңгейінде төленіп, жұмыскердің әлеуметтік қажет­тіліктері қиындықсыз шешіліп отырса, осы қадамның өзі біздің жарқын келешегімізге жасалған қадамдардың бірі болып табылатыны сөзсіз.

 

Қызмет ақпарат

1922 символ

 

 

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика