2024-09-23

Ұнды неге фортификациялау керек?

Фортификация дегеніміз не?

      Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді-минералды кешен) қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады.

Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді, сонымен қатар жанама құбылыстарды да туғызбайды.

Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды.

         Адамның күнделікті рационында нан ерекшеорын алады. Мамандардың айтуынша, әлем халқыжыл сайын 400 млн. тоннадан артық ұнпайдаланады. Бидай мен қара бидай – В1, В2, В6, Е дәрумендерімен ниацин, темір, мырыштың көзі.

Сол себепте, бидай ұнының жоғары және біріншісұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшінтемір мен дәрумендер тапшылығының орнынтолтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез жәнеэкономикалық жағынан тиімді.

       Адамның денсаулығына қаупі бар проблемалардың бірі ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады.

Ал, оның салдары анемияға әкеп соғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша , әлемде 2 миллиард адам анемияға ұшыраған. Қазақстандағы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің 45 пайызы теміртапшылық анемиясымен ауырады.

Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің жоғарылауына, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіне әсер етеді. Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады, барлық жүрек- қан тамыр, имундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы, т.б. әкеп соғады.

    Ал балаларды дене бітімі дамуындағы жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі.

А.Асилбекова.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика