ШЫМКЕНТ: АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ЕМІНДЕ ОҢ НӘТИЖЕ БАР

Аутизм — кең таралған ауру. Ауру әртүрлі белгілермен жүреді. Бұл патологиядан зардап шеккен танымал адамдар да бар. Кейбір көрнекті тұлғалар аутизмнің қандай да бір түрін бастан кешірді. Тіпті, тарихта мұндай ауруға шалдыққан тұлғалар да болған.   

Осы орайда  Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты психикалық денсаулық орталығындағы оңалту бөлімшесі осыдан екі жыл бұрын іске қосылған.  Бүгінге дейін осы орталықта аутизмге шалдыққан  359 бала оңалту шарасынан өткен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков емдеу орталығына арнайы барып, аутизмге шалдыққан балаларға жасалатын  емдеу жұмыстарымен танысты.

Қаланың бас дәрігері оңалту бөлімшесін толықтай аралап, дәрігерлермен жұмыс барысын талқалады. Медицина мамандарының сөзінше, орталықта ем алған аутизм балалардың емінде оң нәтижелер байқалады. Түзету-дамыту іс-әрекетінің нәтижесінде балаларда-рөлдік ойындарға қатысып, сөйлеу қабілеті жақсарып, моторлы еліктеулерді түрткі арқылы орындау, әдемі отыру және өзін көпшіліктің ортасында еркін сезіну сынды жақсы нәтижелер байқалған.

Сондай-ақ орталықты аралау кезінде Нұрлыбек Абибуллаұлы науқас балалардың ата аналарымен кездесіп, мәселерін тыңдады.

Айта кетейік, психикалық және аутистикалық спектр бұзылуларымен балаларға арналған оңалту бөлімшесінде аутизммен есепте тұратын балаларға  амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсетіледі. Бөлімшеде медициналық-диагностикалық қарап-тексеру, түзету жұмысы, сенсорлық интеграция, орталықта психофизикалық жағдайды тұрақтандыру бейімделген дене тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Болашақта бөлімшенің жұмысын кеңейтіп, аутизмге шалдыққан балаларға қолжетімді медициналық қызметті жандандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қызмет ақпарат

1572 символ

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика