ШЫМКЕНТТЕ 78 ЕЛДІ-МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Үшінші мегаполисте ауыз су мәселесі толығымен шешіліп келеді. Қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін қала әкімі Мұрат Әйтенов те айтып жүр, мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес.
Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-ы су құбырларымен қамтылған. 3 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі. Биыл 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар: Құрсай 1,2 елді-мекені, Текесу, Нұртас, Қайнарбұлақ, Асар-2. Оған Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыстар Сайрам 1,2 елді-мекендерін тағы қосыңыз.
Жыл қорытындысымен 5 нысанның ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 20 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылады.
Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекен ауыз суға қол жеткізеді. Жауаптылар 2023 жылы Шымкент қаласында ауыз су мәселесі толықтай шешіледі деп сендіріп отыр.
Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, қараша айында Асар-2 мен Текесу елді-мекендеріндегі жұмыстар аяқталып,пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айында Нұртас 2, Құрсай 1,2 шағынаудандарындағы нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Нәтижесінде 20 мыңнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беріп, қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға дейін өсіру көзделген.
Қалған 3 нысанның, яғни Қайнарбұлақ, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары, Сайрам 1,2 елді-мекендеріндегі құрылыс жұмыстарын келер жылы аяқталады. 2023 жылы қала аумағын ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Нәтижесінде республикалық маңызға ие үшінші қалада ауызсу мәселесі болмайды. Қала тұрғындарының ауызсуға қатысты мәселелері толығымен шешіліп, арыз-шағым болмайды.
Ал биылғы жылдың соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. 2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі.

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика