2023-02-09

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ЭЛЕКТР МӘСЕЛЕСІ ЖОҚ

Spread the love

Шымкент тұрғындары сапалы электр қуатын тұтынады. Жыл басында қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылып үлгерді. Бұған дейін жарығы жарытпаған 8 елді мекенде электр мәселесі шешілді. Олар : Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік Саяжай, елді-мекендері болатын.
Электр мәселесін шешу мақсатында 2022 жылы барлығы 8 нысанда құрылыс жұмысы жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендеріндегі құрылыс жұмысы толық аяқталып, қазіргі уақытта абоненттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ, биыл Батыс шағынауданында сапалы электр қуатымен қамту құрылысын аяқтау жоспары бар. «Нәтижесінде, 2022 жылы 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді»-дейді жауапты басқарма өкілдері.
Одан бөлек, Ақжар қосалқы станциясының да құрылысы аяқталып, іске қосылады. Сонымен қатар, Нұрсәт шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы да биыл аяқталады. 2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Биылғы жылдың қорытындысымен, 43 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта, Сәуле-276, Жаңаталап, Нұртас елді мекенінде құрылыс жұмысы толық аяқталды. Бүгінде тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу (абоненттеу) жұмысы атқарылуда. Сонымен қатар, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай елді мекендерінде құрылысы аяқталған аумақтарында абоненттеу жұмысы қатар жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен, жоғарыда аталған 6 елді мекендегі 43 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алатын болады.

Сондай-ақ, Қайнарбұлақ және Батыс елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2023 жылы толығымен аяқталады. Ал, Асар-2 (2-кезек) құрылысы да келер жылға өтпелі. Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласындағы барлық елді-мекендер 2023 жылы 100% сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Яндекс.Метрика