ГОСО – ӨЗГЕРІС: БІЛІМ БЕРУГЕ ЖАҢА СТАНДАРТТАР ЕНГІЗІЛЕДІ

Бұл-мемлекеттік білім беру стандартының жаңа моделі. Елімізде 2025 –ші оқу жылында апробациядан өткелі отыр. Жалпы білім саласына  2026-27 оқу жылында толық енгізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасын әзірлеп бітті.

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасы екі жыл бойы талқыланып әзірленді. Талқылауға педагогикалық және сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депутаттар қатысты. Бұл жаңа стандарттың апробациясы жоғарыда айтып өткенміздей 2025-2026 оқу жылында басталып, асыру 2026-2027 жылдары толық іске асатын болады.

Аталған жобада оқыту барысында құндылыққа бағдарланған тәсілге баса мән берілетін болады. Білім берудің инклюзивті тәсілін арттыр және жаңа стандарттың тиімділігін бағалауға бағытталған бірден бірнеше норма енгізілмекші.

Бұл стандартпен бірге  «Әлеуметтік GPA» деп аталатын жаңа ұғым қолданысқа енеді. Енгізілгелі отырған жаңа стандарт бойынша пәндер және сағаттар саны сақталады.

Жаңа стандарттың талаптары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде міндетті болып табылады. Енді педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқыту нәтижелерін бағалау, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жұмыстары да  жаңа стандартқа негізделеді.

Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, қазір қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген еді. Мұндай ақпаратты Ы.Алтынсарин Ұлттық білім академиясы таратты. Жалпы әлемде білім стандартын жаңартып отыру тәжірибесі бұрыннан бар.

Шымкент қаласы  білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталық

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика