МАҚСАТ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Әдістемелік орталық өткізген бұл жолғы ғылыми-тәжірибелік конференциясының тақырыбы «Нәтижеге бағытталған сабақ: жоспарлау мен саралау тәсілдерін қолдану» деп аталды.

Бас қосудың  мақсаты сабақтарды жоспарлау мен саралау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдарын анықтау және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру саласында заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Конференция қаладағы №87 мектептің базасында өтті. Конференцияның пленарлық отырысында орталық басшылары мен әдіскерлері

— Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт: бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру аясындағы өзгерістер;

— Жүйелі сабақ жоспары — сапаға қадам;

— Жоспарлы сабақ — білім сапасының негізі;

— «Ұстаз» АЖ-ның педагогтер үшін келешектегі рөлі- тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияда мұғалімдер нәтижеге бағытталған оқыту мен саралау әдістерін өз сабақтарында қолдануды үйреніп, әріптестер арасында тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік білімдерін кеңейтіп, оқушының білім алу, нәтижелері мен жеке жетістіктерін арттыру үшін қажетті құралдар мен әдістерді меңгерді.

Осы уақытта бастауыш сынып мұғалімдері №1 TALANT жалпы орта білім беру мектеп базасында “Бастауыш сынып оқушыларының білім-білік дағдыларын дамыту: Жаңа әдіс-тәсілдер мен тәжірибелер» тақырыбында өткен қалалық тәжірибелік семинарда бас қосты.

Қалалық семинарға қала мектептерінен 100-ден аса мұғалімі қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында келген қонақтар “№1 Talant” жалпы білім беру мектебінің білім алушыларынан құрылған өнерпаздарының ерекше қойылымы мен концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Көңілдері көтеріңкі шыққан мұғалімдер  бағдарламаға сәйкес, мектептің бастауыш сыныптарының білімді де білікті ұстаздарының ашық сабақтарына қатысты.  Қонақтар сабақтарға байланысты пікірлерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды, өзара тәжірибе алмасты. Семинар соңында келген мұғалімдермен кері байланыс жасалып, әрқайсысы өз ойларын айтты.

Қызмет-Ақпарат

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика