Шымкент қаласында туристерге арналған қандай көрікті нысандар бар …

Шымкентте миллионнан аса халық тұрады әрі тұрғындар қалада өте тығыз орналасқан. Ал мегаполистің 500 шықы­рым айналасындағы халық саны 5 миллионға жетеді. Мың шақырым радиус­пен есептесек халық саны 10 миллионға шығады. Оның ішінде Ташкент қаласының да тұрғындары бар. Жергілікті әкімдік туристік белсенділікті арттыру үшін осыншама халықты қызықтыратын республика көлемінде ең ауқымды аквопарк салуды ойластырып отыр. Осыған байланысты Бадам су қоймасы маңынан арнайы жер аумағы айқындалып, оған баратын айналма жол салынып жатыр. Енді жаңа аквопарктің тұжырымдамасы әзірленеді. Ол бойынша аквопаркте қонақүйлер, отбасымен демалып, көңіл көтеретін орындар, балалар ойнайтын аттракциондар, түрлі сауда орталықтары болуы шарт. Қосымша инженерлік-коммуникациялық жүйелерге қосылатын нүктелер анықталды. Ендігі қалғаны – әлеуетті инвесторды табу. Егер инвестор аквопарк жобасын қолға алуға келісімін беріп жатса, әкімдік те өз тарапынан тиісті деңгейде қолұшын беруге әзір. Бүгінгі таңда жобаны бастап кетуге 3-4 инвестор дайын отыр. Сонымен бірге әкімдік жергілікті кәсіпкерлермен де тиісті келіссөздер жүргізіп жатыр. Одан бөлек қаладан туристік нысандарға баратын жол сілтегіштер қойылады. Және де Сайрам тұрғын алабынан 4 ақпараттық табло орнатылады. Таблода туристке керекті бүкіл мәліметтер жарияланады. Мәселен, турист осы нұсқамадан қай жерде жақын аурухана, полиция бекеті және сейіл құратын немесе зиярат ететін қасиетті орындар бар екенін оқып біле алады. Бүгінгі таңда қаланың Шымкент сити аумағынан халықаралық деңгейдегі брендті 2 қонақүйді салу бойынша және брендті қонақүйлерді мегаполиске тарту жағынан тиісті жұмыстар қолға алынуда. «Туризмді ілгерілетудің бірден-бір көмекшісі – ол маркетинг, яғни жарнама. Өз мүмкіндігін басқа біреулерге көрсете алған кәсіпкер сырттан туристерді өзіне шақыра алады. Егер әлеуметтік желілерге видеомен көрікті бір жердің қандай керемет екені көрсетілсе, адамдар шынымен сонда баруға талпынады. Сондықтан маркетинг, жарнамалау туристік салада өте үлкен рөл ойнайды. Өйткені адам жақсы бір жерді алдын көріп, естімеген болса, оны қайдан білсін. Сондықтан алдын ала жасалған жос­парымыз бойынша шетелдегі және барлық ішкі туризм бағытындағы туроператорлар­ға біздің әлеуетімізді көрсететін әртүрлі жарнамалық өнімдер ұсынамыз. Олар соны өздерінің тұтынушыларына жеткі­зіп, нәтижесінде Шымкент қаласында туристерге арналған қандай көрікті нысандар бар екенін жұрт біліп жүретін болады», дейді Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров.

Қызмет ақпарат

2000 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика