ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы орайда мерекелік күндердің тізбесіне қатысты жобада мынадай мазмұндағы 37-1 пунктімен толықтырылады: «37-1. Кітапханашы күні – 22 қазан».
Атап айтқанда, аталған жобаның мақсаты — кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру. «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты қоғамдық талқылау биылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.
Қызмет газеті