«Болашақ» бағдарламасының тізіміне 40 жаңа мамандық кірді

Биыл еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық қосылды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретінде енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым мамандықтардың тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ке кеңейтілді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түскен 70-ке жуық өтініміне талдау жасады. Кадрлық нарықтың орта мерзімді болжамы ескерілді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткіздік», – делінген мәліметте. Биыл шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы академиялық оқуға арналған 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге арналған 158 мамандық кірді. Тізімді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан қарауға болады. Осы категория бойынша: « Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 2 мыңнан астам бала қатысады Биыл университеттерге берілетін гранттар саны 73 мыңға дейін артады »

Дерек-көз: 24KZ арнасы

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика