Төрт өңірде мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңге болмақ

Оңтүстік және Батыс аймақтарға өзге өңірлерден келген мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңге болмақ. «Оны іске асыру үшін нақтыланған республикалық бюджет жобасында Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына екі мыңға жуық педагогті тарту үшін 3,9 млрд теңге көзделген. Бұл ретте аталған қаражатта лауазымдық жалақыға 150% мөлшерінде жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеуге ғана арналған шығыстар жоспарланған. Біз әлеуметтік қолдауға бағытталған басқа шығыстарды көрмей отырмыз. Осыған байланысты бақа елді мекендерден көшіп келген мұғалімдер үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қоса алғанда, әлеуметтік топтама қандай болады?», — деп сұрады депутат. Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл бағдарлама биыл қыркүйек айынан басталатынын айтты. «Осы қарастырылып отырған 3,9 млрд теңге екі мәселені де қамтып отыр. Біріншіден, мұғалімдердің екі есе жалақы алуы және бұған қоса тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды төлеу ескерілген. Неге біз бұл мәселені жалақының ішінде қарастырып отырмыз? Біздің заңнамаға сәйкес, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемақыны тек жергілікті бюджеттен бере аламыз. Сондықтан жергілікті бюджетке ауырпалықты түсірмес үшін және заңнаманы бұзбау үшін бұл мәселені жалақы арқылы шешіп отырмыз. Мәселен, Мұнайлы ауданына көшіп баратын мұғалім қыркүйек айында жалақы алатын болса, онда оның жалақысы 790 мың теңгеге жуық болады. Сол 790 мыңның 140 мыңға жуығы коммуналдық шығындар болады, ал 650 мың теңгеге жуығы — мұғалімнің өз жалақысы», — деді министр. Бұл тұрғыда ол ведомствоның бұйрығында және мұғалімнің алған түбіртегінде осы мәселе жазылатынын атап өтті.

Дерек-көз: 24kz арнасы

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика