Ваучерлік жүйе туралы не білеміз?

Шымкент қаласында балабақшаларды дербестелінген қаржыландыру жобасының (ваучерлік жүйе) жүзеге асып жатқанына 1,5 ай уақыт болды.

Осы жобаның кәзіргі таңдағы жай-күйі туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек былай дейді:

1.Қала бюджетінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл басынан бері балабақшаларға ~72 мың орынға қаржы қарастырылған. Бұл орындар ваучерлік жүйе енгізілгенге дейін толық қамтылды және бала саны түгел болды. Соған қарамастан ваучерлік жүйе енгізілгелі 3000-нан астам бала ваучерге ие болып, балабақшаға орналастырылды.

  1. Ваучер жүйесі енгізілгенге дейін кезекте 10510 бала тұрса, соның 10305-і кезектен алынды. Яғни,  ваучермен қамтамасыз етілді, немесе кезектен өз еркімен бас тарты, кейбіріне бұдан ары кезекте болудың өзектілігі болмады, тіпті, біздің қаламыздағы балабақшаларға тіркеліп, ақша төленіп келген 900-ға жуық бала басқа өңірлерде тұратыны, өзі тұратын жердегі балабақшаға барып жүргені анықталып, кезектен шығарылды.
  2. Кәзіргі таңда ваучерлік жүйенің тиімді және ашық екенін ұғынған ата-аналар балаларын көптеп кезекке қоюда. Бүгінгі күнге мұндай балалардың саны 9549 болып отыр. Бұл дегеніміз жыл басынан бергі балабақша кезегі 1,5 айдың ішінде 90%-ға жаңарды деген сөз. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
  3. Оған қоса балабақшадан шығарылып жатқан балалардың есебінен күнделікті 200-300 ваучер беріліп жатыр. Балаларды есептен шығаруды балабақшалар, соның ішінде негізінен жекеменшік балабақшалар өздері жүзеге асыруда. Бұл балалардың не себепті есептен шығарылып жатқандығына алдағы уақытта талдау жүргізіп, “өлі жандар” санатына қатысы бар-жоғын анықтамақшымыз.
  4. Балабақшаға кезекті азайту үшін келесі жылға бюджет көлемін ұлғайтпақшымыз. Мұның да өз жемісін беретіндігі, болашақта кезекті азайтуға септігін тигізетіндігі сөзсіз.
  5. Біз осыған дейінгі қабылданған жекеменшік балабақшалардың көптеп ашылуына және қаржыландырылуына жағдай жасау, олардың арасында салауатты бәсекелестікті дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы мектепке дейінгі білім беруді дамыту стратегиясын ұстанамыз және осы бағытта жұмысты жалғастыратын боламыз.
  6. Жаңадан енгізіліп жатқандықтан ваучерлік жүйеге қатысты сұрақтардың туындауы заңдылық екендігін ескере, алдыңғы аптадан бастап “КАНО” үздіксіз білім беру қауымдастығымен бірлесіп балабақша қызметкерлері үшін арнайы оқу курсын ұйымдастыратын боламыз.

8.Жұмыс графигімнің тығыздығына байланысты әлеуметтік желідегі балабақшалардың құрылтайшылары, басшылары мен ата-аналардың тарапынан болатын комментарийлер мен сауалдарға дер кезінде жауап бере алмайтыным үшін алдын-ала кешірім өтінемін. Бұл сіздердің сауалдарыңыз жауапсыз қалады деген сөз емес. Туындаған сауалдарға жауап беру үшін келесі аптаның бейсенбі-жұма күндері балабақшалардың құрылтайшылары мен қызметкерлері үшін арнайы жиын өткізбекшіміз.

9.Жоғарыда “Индиго” жүйесінен алынған ашық деректерді беріп отырмын. (Жоқ болып кеткендер” деп осы уақыт ішінде балабақшадан шығарылған және қайтадан балабақшаға оралмаған балалар деп түсіну керек.)

Әкім орынбасары өз пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. 2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап ретінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды.Вице-премьердің айтуынша, мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылған. Бұл жоба аясында:

— ата-аналар балабақшаны өздері таңдай алады;

— меншік түріне қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар заңда көрсетілген талаптарға сай болған жағдайда мемлекеттік тапсырысқа өтініш беруге құқылы;

— қаржыландыру баланың балабақшаға нақты келуіне қарай бөлінеді («баланың соңынан ақша» қағидаты);

— бұл әдіс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

«Тараз қаласында жүзеге асқан жобаның нәтижесінде 2 айдың ішінде (тамыз-қыркүйек) 600 млн теңге үнемделіп, балабақшаға келмейтін балалар алынып тасталды. Ең маңыздысы, бірнеше жыл бойы кезекте тұрған 2 жастан асқан 17 мыңнан астам балаға орын табылды. Қазіргі уақытта пилоттық жоба Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жалғасуда, ал келесі жылдан бастап оны барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр. Пилотты жүзеге асыру кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың жабылу жағдайы тіркелмеді, тек бала келмеуіне немесе жалған мәліметтерге байланысты қаржыландыру көлемі төмендеді», – деді Тамара Дүйсенова. Оның сөзінше, 2024 жылдың 13 тамызында «Атамекен» ҰКП шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарға ваучерлік жүйені енгізу талқыланды. Бұл кездесуге жекеменшік балабақшалардың құрылтайшылары, қауымдастықтар және өңірлік кәсіпкерлер палаталары қатысты.«Жоба қатысушылары пилоттық жобаны қолдады және ваучерлік қаржыландыруға көшу мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз ететініне келісті. Осыған байланысты ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасының іске асырылуы жалғасады», – деп толықтырды вице-премьер. Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы),Түркістан және Шымкент қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда. Ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі үш ай ішінде 21 мыңнан астам ваучердің таратылуына мүмкіндік берді. Бірінші рет қала бойынша түзету балабақшасы тізімге енді. Қазіргі уақытта Тараз қаласында орналасқан барлық 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда. Оның ішінде 19 білім беру мекемесінің жаңадан ашылғанын және соған қарамастан тізімге еніп, ваучерлік қаржыландыруға қатысуға мүмкіндік алғанын айта кету керек.  Шымкент қаласында 608 мектепке дейінгі ұйымның 589-ы бүгіннің өзінде ваучерлік қаржыландыруға көшіп үлгерді. Кезектегі балаларға ваучер беру 17 қазанда басталды. Осы кезең ішінде 4646 бала балабақшаға жолдама алды. Түркістанда орналақан барлық 144 мектепке дейінгі ұйым жаңа механизм бойынша қаржыландыруға көшті, бүгінге дейін 236 ваучер берілді. Естеріңізге сала кетейік, ваучерлік қаржыландыру жүйесі белгіленген талаптарға сай келетін барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің болуына ықпал етеді. Жүйе арқылы ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда «ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады» қағидасы жүзеге асырылады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Келесі жылдан бастап пилоттық жоба еліміздің басқа да өңірлеріне таратылады деп жоспарлануда.  Анықтама үшін: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 5 532 мемлекеттік, 6 110 жеке мектепке дейінгі ұйымдар бар. Қазір кезекте тұрған балалардың есебінен алғанда 2 жастан мектепке дейінгі білім берумен қамту 91,5 % құрайды. Қазақстанда балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлік жүйесі енгізіліп жатыр, бұл әдіс ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдарды еркін таңдауға мүмкіндік беріп, қаржыландыруды «ақша балаға жұмсалады» қағидасы бойынша дербестендіруді көздейді. Қазіргі уақытта Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылған бұл механизм мемлекеттік және жеке балабақшалар арасында бәсекелестікті арттырып, қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ваучерлік Жүйенің Артықшылықтары

Ваучерлік жүйе әрбір баланың білім алуына бөлінген қаражатты нақты балаға жұмсауды көздейді. Мектепке дейінгі мекемелер енді қаржыландыруды тікелей өздеріне емес, нақты балаға алатындықтан, ата-аналар балабақшаны таңдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыруға, жеке және мемлекеттік сектордағы мектепке дейінгі ұйымдар арасында бәсекелестікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық Жобаның Қолданылуы

Тараз: 157 мектепке дейінгі ұйымның барлығы ваучерлік қаржыландыруға көшіп, үш айда 21 мыңнан астам ваучер таратылды. Жаңа ашылған 19 ұйым да бұл қаржыландыруға қосылды.

Шымкент: 589 мектепке дейінгі ұйым ваучерлік жүйеге көшті, және қазан айынан бастап 4646 балаға ваучер берілді.

Түркістан: 144 балабақша жаңа механизм бойынша қаржыландырылады, 236 балаға ваучер берілді.

Қаржыландырудың Ашықтығы мен Жүйелілігі

Ваучерлік жүйе қаржыландыру процесінің толық ашықтығын қамтамасыз етеді, қаражат ата-аналардың баланың қатысуын растағаннан кейін ғана аударылады. Мұндай әдіс мемлекеттік шығындарды тиімді пайдалануға және ата-аналар мен қоғам алдындағы ашықтыққа қол жеткізуді мақсат етеді.

Жоспарлар

Жаңа жүйе келесі жылдан бастап елдің өзге өңірлеріне таратылады деп күтілуде. Қазақстан бойынша қазіргі таңда 11 642 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 5 532-сі мемлекеттік, 6 110-ы жеке мекемелер. Бұл жүйе 2 жастан бастап балабақшаға дейінгі балаларды қамту деңгейін арттыруға бағытталған.

Ваучерлік қаржыландыру балабақша таңдау құқығын кеңейтіп, білім беру сапасын көтеріп, барлық балалардың мектепке дейінгі білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін алты жасқа толмаған балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтуды тапсырды. Алайда, бұл мәселе мемлекеттік балабақша салумен ғана шешілмейтінін, сондықтан осы іске жеке бизнесті тартып, қолдаудың жаңа түрлерін, соның ішінде қаржыландырудың ваучерлік тәсілін енгізудің қажет екенін айтты. Қаржыландырудың ваучерлік тәсілі арқылы ата-аналар кез келген балабақша немесе мектепті таңдап, мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалана алады.

Ваучер

дегеніміз не?

Осыны түсіндіруге тыры­сайық. Ваучер бұл – ха­лықаралық тәжі­рибе. Ай­талық, алғашқы рет Ұлы­британияда “білім алуға жәрдемдесу схемасы” деп аталатын шектеулі квази-ваучерлік схема жұмыс істейді. Жобаның мақсаты – кедей отбасынан шыққан қабілетті, дарынды  оқушылардың са­палы әрі қолжетімді білім алуына жағдай жасау. Дәлірек айтсақ, олардың білім және ғылым департаментінде тіркелген тәуелсіз мектептерде оқуы үшін төленетін ақысын мемлекет көтереді. Бұл тәжірибе кейіннен кәсіптік білім беруде кеңінен қолданылған. Сол сияқты, Чили, Колумбия елдерінде, АҚШ-тың бірқатар штатында ваучерлік бағ­дарлама қолданылады.  Белгілі болғандай, бұл тәсілді енгізу – табысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың же­кеменшік мектептерде білім алуына мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттік мектептерде бала санының көптігінен сы­ныптардың  толып қалуы, яғни орын жетіспеушілігі мәселесін де шешкен.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы бірнеше мектептерде осындай мәсе­ле бар. Мысалы, қаладағы үш тілде оқытатын мамандандырылған сынып­тары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде бір жылдары 30-дан астам параллель сынып қабыл­­данған болатын. Мұның бір себебі, сол аумақта халықтың тығыз орналасуы болса, екіншіден, білім беру сапасының артықшылығы, үшіншіден, әртүрлі себептерге байланысты ата-ана­ның таң­дауы. Ал егер ваучерлік тәсілді енгізіп, әр баланың қолжетімді әрі сапалы білім алуына мемлекет қолдау көрсеткен жағдайда бұл мәселенің біршама шешімін табары анық.

Тәсілдің тиімділігі

Мемлекет баланың балабақшаға, мектепке, не болмаса жоғары оқу орнында оқу ақысын не тамақтану және басқа да шығындарын төлеу үшін ваучер береді. Ол қолға ұсталатын ақша емес, дегенмен белгілі бір ақша сомасымен бағаланады. Сондай-ақ, оқу не өзге шығынды толық өтемеуі мүмкін. Мемлекет ваучер бере отырып, оқу орнына қаржыны аудару жолымен оқу ақысының толық немесе бір бөлігін төлеу міндетін алады. Түсінуімізше, бұл жұмыстар мемлекеттік орган, жекеменшіктегі білім беруші ұйым және ата-ана арасындағы өзара келісім-шарттар арқылы реттеліп отырады. Ең бастысы, білім беру саласында ваучерлік тәсілді пайдалану арқылы ата-аналар мен оқушылардың таңдау мүмкіндігін кеңейтуге, білім беру жүйесінде нарық­тық қатынасты дамытуға, қызмет көр­сетуде бәсекелестікті арттыруға, қар­жының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Балабақша

жетіспеушілігі

болмайды

Жоғарыда айтып өттік, Мемлекет басшысының Жолдауында  Білім және ғылым министрлігіне 2025 жылға дейін алты жасқа толмаған балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту міндеті жүктелді. Бұған байланысты  министрлік тарапынан мектепке дейінгі білім берудің бүгінгі жағдайына шұғыл талдау жасалды.

Айталық, елімізде 10179 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның 4450-і – жекеменшік балабақша. Осы орайда 906800 бала (78,7%) мектепке дейінгі білім берумен қамтылған болса, олардың 40,6 проценті жеке­меншік балабақшаға барады. Яғни, мек­тепке дейінгі білім беру қызме­тінің тең жартысынан астамын жеке бала­бақшалар қамтамасыз етіп отыр деген сөз. Осыны назарға алған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент тапсырмасына сәйкес алты жасқа дейінгі балаларды түгел бала­бақшамен қамтуда біріншіден – жеке­меншік балабақшалардың үлесін арт­тыру, екіншіден –  ваучерлік меха­низм арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Ми­нистрдің айтуынша, ваучер­лік механизм арқылы ата-ана өзіне қолай­лы балабақшаны таңдайды. Сондай-ақ, бүгінде білім басқармалары мен бөлімдері мемлекеттік тапсырыс ала­тын балабақшаны конкурс арқылы анықтап отырса, ата-анаға таңдау еркі беріледі. Нәтижесінде, салада бә­секелестік орын алып, білім мен тәрбие беру қызметінің сапасы артады.

Біліктілікті

арттырудың

жаңа жүйесі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша педагогикалық қыз­мет­керлердің біліктілігін арттыру инс­титутының директоры Б.Елеусінов «Педагогтардың біліктілігін артты­руда ваучерлік-модульдік жүйесін қол­данудың ерекшеліктері» тақырыбын ұжымның қатысуымен талқылады. Онда Б.Елеусінов Ресей Федерациясы Самара облысындағы ваучер негі­зін­дегі біліктілікті арттырудың ерек­ше­ліктеріне тоқталып өтті.

Сол сияқты, шет елдерде ваучер не­гізіндегі біліктілікті арттыру тәжірибесі мен зерттеу нәтижелеріне зер салып, Қазақстанда осы жүйені енгізудің ерек­шеліктері жайлы ойын ортаға салды. Атап айтқанда, біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын әзірлеу, авто­маттандырылған «Кадрлар» ақпа­раттық жүйесі және ваучерлерді енгіз­ген жағдайда курстарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Осы орайда халықаралық тәжірибе – ваучерлік-модульдік жүйесін терең тал­дай отырып, артық-кем тұсын түзе­тіп, қолданысқа енгізу – бүгінгі уақыт талабы екенін назарға ұсынды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика