2022-08-09

Жасөспірімдер жарысы

Шымкентте республикалық чемпионат өтеді.

Спорт-сенімді серігіміз. Ал оған жастарымызды баулу- керемет нәтиже. Көбіне олар боксты, таэквандоны немесе күресті таңдап жатады, ал басқа спорт түрлеріне ұқсамайтын ерекшелігімен қоса қиындығы да баршылық спорттың түрі-өрт сөндіру-құтқару спорты.
Бұл спорт Кеңес Одағының уақытында да пайда болды. 1937 жылы алыстағы алғашқы жарыстар өтті. Олардың қатысушылары КСРО НКВД қызметкерлері болды. Жарыстардың негізгі түрлеріне қосымша жеңіл атлетика, ату және гимнастикалық элементтер қосылды. Ресми өртке қарсы спорт 1964 жылы танылды, содан кейін Федерация бұл түр үшін қалыптасты. Келесі жылы Ленинград қаласында бірінші әлем чемпионатын өткізді. Осылайша әлем деңгейінде қарқынды дамыған спорт түрі елімізде де сұранысқа ие болды. Бастапқыда тек ерлер қатысатын, кейіннен жастар белсенділік таныта бастады, 2010 жылы жастар арасында жарыстар өте бастады, ал 2013 жылы әйелдер арасында жарыстар өткізіледі бастады.
Бұл спорттық жарыста жүйрік, жылдам, епті спортшыларымыз шабуыл сатысымен жоғары қабатқа көтерілу, 100 метрлік кедергісі бар жолақтан өту, өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жою секілді түрлер бойынша бақ сынасады. Өзіңіз ойлап қараңызшы жай жоғарыға көтерілмейсін, сатыңды бірге ала жүру керек, жай жүгірмейсің кедергілерді еңсере отырып, өрт сөндіруге арналған жеңдерді жалғай жүгіресің, өртті сөндіру кезіндегі әрекетті командамен бірге атқарасын, барлығында уақыт шектеулі, есептеледі. Оңай емес. Алайда оған қарамастан соңғы жылдары өрт сөндіру-құтқару спортына жастар көптеп бет бұруда. Осындай команданың бірі Шымкент қаласында да бар. Түрлі жарыстарда топ жарып жүрген жасөспірімдеріміз біздің мақтанышымыз.
Ал бұл жылы «Шымкент-2022» деген атаумен 11-16 маусым аралығында Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XII жазғы чемпионаты біздің қалада өткелі жатыр. Еліміздің барлық аумағынан келетін жасөспірімдер командалары спорттың 4 түрі бойынша сынға түседі. Ал біз чемпионатқа қатысушыларға мықты денсаулық пен сәттілік тілейміз.

С. ШОЙМАНОВ,
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі.

Яндекс.Метрика