Балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу бар да, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағы тағы бар. Баллар ата-аналарымен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.
Ол үшін жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар, балалармен жеке әңгіме жүргізіп, маңызды ережелерді түсіндіріңіздер.
Есте сақтаңыз!
Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдер көшеде тек үлкендермен бірге ғана жүру керек. Жалғыз жүруге заңды түрде тыйым салынады.
Судағы жүзу мен ойындардың оң әсері мол болғанымен баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суға түскенде одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз, бір сәттік босаңсу қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Балаларға жалғыз суда шомылуға, білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз. Балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашқы көмек көрсетуді білуі тиіс. Қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.
Отқа мұқият болыңыздар. Тілсіз жаудың салдарын баланың түсіндіру керек. Балаға сіріңке ұстатпаңыз,; сөндірілмеген көмірлер, сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары, шөптерді өртеу, қысқа мерзімге тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану кезінде төрт орын алатынын біле жүрген абзал.
Д. АЙТМҰРАТОВ,
Қаратау ауданы ТЖБ-ның
инженері азаматтық қорғау лейтенанты.