Түркістан облысында шұңқырдағы суға екі бала батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шалдар ауылынан бес шақырым жерде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Он жасар бала шомылғысы келіп, суға қойып кеткен. Ол батып бара жатқанда, қасындағы басқа бала оған көмекке барады, салдарынан екеуі де суға батып кетті.

Қайғылы оқиға басқа балалардың көз алдында орын алды.

Жасанды шұңқыр карьер суымен толыққан, ені — 20 метр, ұзындығы — 50 метр, тереңдігі — 2 метр. Жергілікті тұрғындар 2012 жылы туған екі баланың денесін судан алып шықты. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Балалар шамамен сағат 17.30-да батып кеткен. Оқушыларды іздеуге төтенше жағдай департаментінің төрт қызметкері, бір техникасы, полиция департаментінің 20 қызметкері және алты техникасы, жергілікті тұрғындар, балалардың туыстары жұмылдырылды, – деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Үйдегі қысым: Еркектік пе, әлсіздік пе?

    Кейде сырттай бәрі жақсы көрінетін отбасының ішінде үлкен қасірет жасырынып жатады. Көп әйел мен бала күнде қорқынышпен өмір сүреді – өйткені үйдің ішінде тыныштық жоқ. Себебі – үйдегі қысым, еркектің…

    Жастар арасындағы суицид: себептері мен алдын алу жолдары

      Соңғы жылдары елімізде жастар арасындағы суицид көрсеткіші алаңдатарлық деңгейге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15–29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі — өз-өзіне қол жұмсау. Бұл сандық…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика