
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне қосымша әзірледі. Енді елімізде екі жаңа мереке пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлер күні;
19 желтоқсан – Жарнама мамандарының күні.
Ведомство өкілінің мәліметінше, Қазақстан кәсіпкерлері үшін ресми мерекені енгізу қазақстандықтар үшін өзекті әрі маңызды болмақ.
Жаңа мерекелік күн кездейсоқ таңдалмаған. 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстандағы барлық бизнесті біріктіретін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құжатқа қол қойылды.
Сондай-ақ олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мерекені белгілеу бастамасы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерін осы саладағы топтастыруды айғақтайтынын атап өтті.
Жарнама маманының мереке күнінің ҚР «Жарнама туралы» Заңының қабылданған күнімен сәйкес келуі ұсынылды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда шамамен 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, 100 000 жарнама маманы жұмыс істейді.
Қызмет ақпарат
More Stories
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ БІЛІМ
БҰҰ мен Halyk қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіреді
“BalaShym” өнер фестивалі