2022-08-10

Денім сау болсын десеңіз, Фаст-фуд тағамын тұтынбаңыз

gamburgertories/gamburger.png» height=»88″ width=»137″ />Қуырылған картоп-фри, бигмак, шаурма, сэндвич, пицца, пончик,  түрлі қоспалар салынған құймақтар, чипс, қатырылған нан  және газдалған сусын, бұлардың бәріне ортақ  не бар?

Бүгінгі таңда біздер бұлардың бәрі тез дайындалатын, фаст-фудқа жататынын білеміз. Оларды кейбіріміз тамақ дайындауға уақыт болмағандықтан, ал, кейбіріміз  тәбетіміз шауып қалауымызбен жейміз. Бірақ жеп жатқанда сол тағамдардың денсаулыққа зиян екенін ойлана бермейміз.Қытырлақ картопты  сүйсіне жеп, гамбургерді  ең пайдалы , дәмді асты жеп отырғандай қылғытамыз, артынан кока-коланы  сылқита төңкереміз. Мұндай  Астан бас тартуға кез-келгеніміздің күш-жігеріміз жете бермейді.
Әрине, көзіміз ашық естиміз, оқимыз, фаст-фудтың пайдасыз, тіпті зиян екенін бәріміз білеміз. Сол зиянды не туындатып отыр осыған көңіл аудармаймыз, кейбіріміздің тіпті көңіл аударғымыз келмейді. Көңіл-күйге кірбең түсіріп керегі не, басқа мәселелер де жетіп-артылады. Осылай ойлаймызда  тез дайындалатын  тағамдарды жей береміз. Кейбіреулер күнде жейді, қайсыбірі күнара. Ол сиқыршының таяғы сияқты,  тамақ дайындауға уақыт таппай, жанығып жүргенде көмекке келе қалады. Іздеп әуре болудың, уақыт кетірудің де қажеті жоқ , кез-келген дәмхана, дүкен, тіпті  қала көшелерінің бұрыш-бұрышынан да кездестіруге болады. Қымбат та емес. Бірақ соншалықты қауіпті.
Денсаулықтың біздің денсаулығымыздың қас жауы, кетіп бара жатқанды елітіп, еліктіретіні сонша,  көңіліміз жоғын іздегендей алаңдап жегіміз келіп тұрады. Өзге ел, өзге қаланы айтпай-ақ қояйық,  ас мәзірімен Қазақстанға мақтана алатын Шымкенттің өзінде мұндай жеңіл-желпі тамақ орындары күн санап саңырауқұлақтай  қаптап келеді. Таяқ тастам жер жүрсең болды, шыға келеді, соған қарағанда сұраныс көп.
Сондықтан да бүгінгі таңда тез дайындалатын тағамдар осы  заман адамының тамақтану мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып кетті. «Макдональдс» «Маку» «Ростиксы», «Крошки-картошки» тағы-тағы, осының бәрі  тез әзірленетін тағам оырндары. Бұл-индустрия. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болып қарқынмен дамыды. Ерте заманнан-ақ белгілері біліне бастаған бұл бағыттың индустрияға айналуы Америкадан басталды.  Ал, қазір сол американдықтар семіздікті жеңе алмай жатыр. Семіздік- бұл сан аурулардың  тоғысуы, бәрі тамақтан басталады. Бүгінде қазақстандықтарды да осы ауру алаңдата бастады.  Қазақ қызының сымбатын  талшыбықтай бұралған деп мақтаныш ететін. Қазір арықтаймын деп әбігерге түскен  қыз-келіншек қауымын көресіз.  Асықтай ұлдарымызда солай, «дөңгеленіп» барады, амалсыздан ата-аналары астан шектеп отырады. Бәрі қайдан шығып жатыр?  Ішіп жүрген асыңызға бір мезгіл көңіл аударыңызшы!{jcomments on}

Яндекс.Метрика