«ASHYQ» ЖОБАСЫН ЖӘНЕ «САРЫ/ҚЫЗЫЛ» МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЛУШІЛЕРДІ АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ШАРАЛАР

«Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:

– «сары» мәртебе: «байланыста болған»  – деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген. Жүріп-тұруға шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады;

– «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған»  – базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» — U 07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруды шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады.

COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.14 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.

Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.

«Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген Алгоритмдер талаптарының және осы қаулының сақталуын қамтамасыз етеді.

СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.

«Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам есепті InfoКazakhstan.kz электрондық платформасынан «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша күнделікті жүктеп алуды  қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін белгілейді.

СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес оқшаулау режимін бұзу бөлігінде әкімшілік сипаттағы шаралар қолданады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.

Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.

 

Л.Н.Тұртаева

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Көрнекі фотосурет ашық интернет көздерінен алынды

 

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика